"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2022 жылғы 14 шiлдедегi № 266 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 16 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) осы бұйрыққа 5-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже;";

      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) осы бұйрыққа 12-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже;";

      мынадай мазмұндағы 21-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "21-1) осы бұйрыққа 21-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже;";

      мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "24-1) осы бұйрыққа 24-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті туралы ереже;";

      мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "30-1) осы бұйрыққа 30-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті туралы ереже;";

      мынадай мазмұндағы 38-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "38-1) осы бұйрыққа 38-1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті туралы ереже.";

      көрсетілген бұйрық осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 5-1-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 9-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 040800, Алматы облысы, Қонаев қаласы, 20 шағын ауданы, Комсомольский көшесі, құрылыс 1.";

      көрсетілген бұйрық осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес 12-1-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 21-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа Қала шағын ауданы, 13-көше, 23-құрылыс.";

      көрсетілген бұйрық осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 21-1-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрық осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес 24-1-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 25-қосымшада:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 040800, Алматы облысы, Қонаев қаласы, 20 шағын ауданы, Комсомольский көшесі, құрылыс 1.";

      көрсетілген бұйрық осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес 30-1-қосымшамен толықтырылсын;

      көрсетілген бұйрық осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес 38-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Кадр саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаменттері басшылары, Алматы және Түркістан облыстарының төтенше жағдайлар департаменттерінің бастықтары сеніп таспсырылған аумақтық органдардың құрылтай құжаттарын, сондай-ақ құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртіпте әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар
министрі генерал-лейтенант
Ю. Ильин

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2022 жылғы 14 шiлдедегi
№ 266 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2020 жылғы 30 қазандағы
№ 16 бұйрығына
5-1-қосымша

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органы болып табылады және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру салаларындағы басшылықты жүзеге асырады.

      2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 071405, Абай облысы, Семей қаласы, А.Қозбағаров көшесі, 38.

      9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Департамент қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен Департаменттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осы қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Департаменттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мақсаттары:

      1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) тиісті аумақта азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;

      3) өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      4) өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру.

      14. Құқықтары және міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;

      2) мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінен, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан қажетті ақпаратты және мәліметтерді заңнамада белгіленген тәртіпте сұрату және алу;

      3) заңнамада белгіленген тәртіпте Департаменттің мүдделерін сотта қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      4) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;

      5) қызметтік жұмысты және орындаушылық тәртіпті бұзу фактілері бойынша қызметтік тексерістер жүргізу, олардың себептерін анықтау, талдау және бұзушылықтарды болдырмау бойынша шаралар қабылдау;

      6) белгіленген тәртіпте азаматтық қорғау мақсаттары үшін мемлекеттік ведомстволық және мемлекеттік емес жүйелерді, желілерді, байланыс және ақпарат беру құралдарын пайдалану;

      7) облыстың құлақтандыру жүйесіне техникалық тексерулер және азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар жүргізу кезінде қаланың құлақтандыру жүйесін қосу туралы өкім беру;

      8) әрекеті немесе әрекетсіздігі төтенше жағдайлар қатеріне немесе туындауына және азаматтық қорғау саласында бұзушылықтарға әкелген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізу;

      9) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;

      2) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз ету;

      3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тиісті аумақта азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасау;

      4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізу;

      5) Департамент пен азаматтық қорғау органдары бөлімшелерінің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету;

      6) жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін азаматтық қорғау саласындағы мәселелер жөніндегі ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;

      7) азаматтық қорғау саласында ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру;

      8) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтау, қалпына келтіру және оңалтуды қамтамасыз ету;

      9) комиссиясының құрамында өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалалар мен апаттарды тергеуді ұйымдастыру және жүргізу;

      10) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;

      11) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау үшін Министрлікке және жергілікті атқарушы органға ұсыныстар дайындау;

      12) қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;

      13) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

      14) Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және оны азаматтық қорғаныстың бастығы – облыс әкіміне бекіту үшін енгізу;

      15) облыс аудандарының азаматтық қорғаныс жоспарларын келісу;

      16) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу және оларды облыс әкіміне бекітуге ұсыну;

      17) облыс аудандарының төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын келісу;

      18) азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындау жөнінде Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне ұсыныстар енгізу;

      19) Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі және мазмұны жөнінде Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне ұсыныстар енгізу;

      20) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құру бойынша ұсыныстарды азаматтық қорғаныстың бастығы – облыс әкіміне енгізу;

      21) елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз ету;

      22) өртке қарсы ерікті құралымдардың тізілімін жүргізу;

      23) тиісті аумақта төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларды әзірлеу;

      24) облыс, қалалар мен аудандардың қауіпсіздік паспорттарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын әзірлеу;

      25) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде облыс әкімінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауы туралы ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;

      26) төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру;

      27) суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

      28) облыс аумағындағы өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметін үйлестіру;

      29) су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;

      30) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органымен бірлесіп басқару, құлақтандыру мен байланыс жүйелерін дамыту және оларды қаланың аумағында пайдалануға әзірлікте ұстау;

      31) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар беруді және оларды құлақтандыруды қамтамасыз ету;

      32) облыс аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметін дамыту және жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      33) облыстың аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметімен автоматтандырылған жүйелердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру;

      34) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, ахуалдық-дағдарыс орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      35) азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды жүзеге асыру;

      36) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлауды жүзеге асыру;

      37) ерікті өрт сөндірушілерді кейінгі даярлаудың бағдарламасын бекіту;

      38) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      39) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      40) елді мекендер мен объектілерде өртке қарсы күреске өрт сөндіру бөлімшелерінің әзірлігін бақылауды жүзеге асыру;

      41) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      42) өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;

      43) анықталған бұзушылықтарды жою және өрттерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;

      44) анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындау туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;

      45) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтамағаны үшін азаматтарға және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;

      46) субъектiлер өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу;

      47) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;

      48) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Министрлікке енгізу;

      49) өз құзыреті шегінде терроризммен күрес жөніндегі аудандық штабтың жұмысына қатысу;

      50) өз құзыреті шегінде аудандық Терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатысу;

      51) облыс бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының лауазымына тағайындалған және жауынгерлік есептен белгіленген тәртіпте шығарылған әскери міндеттілерді арнайы есепке алуды жүргізу;

      52) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге және стандарттарға өзгерістер, толықтырулар енгізу жөнінде Министрлікке ұсыныстар енгізу;

      53) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сот актілерін, судьялардың талаптарын, прокурордың қаулыларын, ұйғарымдарын және талаптарын, анықтаушының жазбаша тапсырмаларын орындау;

      54) өз құзыреті шегінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құзыретіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуды және оларды ашуды ұйымдастырады және жүзеге асыру;

      55) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құзыретіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыру;

      56) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері

      16. Департаментті басқаруды Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты басшы жүзеге асырады.

      17. Департаменттің бастығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Департамент бастығының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Департамент бастығының өкілеттігі:

      1) Департамент атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департамент мүддесіне өкілдік етеді;

      3) Министрге Департаменттің айрықша көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау, құрметті атақтар, әскери және азаматтық қорғау органдарының орта және аға басшы құрамының арнаулы атақтарын мерзімінен бұрын немесе атқарып отырған штаттық лауазымында көзделген арнаулы атақтарынан бір дәрежеге жоғары беру бойынша ұсыныстар береді;

      4) бірыңғай кадр саясатын іске асырады;

      5) Министрлік қалыптастырған саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, Министрдің актілерін және тапсырмаларын орындайды;

      6) Департамент қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      7) тәртіптік және аттестаттау, сондай-ақ Департаменттің бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеуге конкурстық комиссиялардың қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады;

      8) Департамент қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;

      9) Департамент атынан шарттар жасасады;

      10) Департамент атынан сенімхаттар береді;

      11) банк шоттарын ашады;

      12) Департаменттің тиісті кезеңге тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарын бекітеді;

      13) іссапарлар, тағылымдамалар, демалыстар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге түрлері бойынша Департаменттің тәртібі мен жоспарларын бекітеді. Облыстан және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға шығу Министрлікпен келісіліп жүзеге асырылады;

      14) өз құзыреті шегінде Департамент қызметкерлері орындау үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      15) еңбек қатынастары Министрліктің номенклатурасына жатқызылған қызметкерлерден басқа Департаменттің, аудандық Төтенше жағдайлар басқармаларының қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

      16) Министр бекіткен номенклатураға сәйкес Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің басшыларын лауазымға тағайындауға ұсынады;

      17) берілген құқықтары шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департаменттің қызметкерлеріне, Департаменттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне ынталандыру шараларын және тәртіптік жаза қолданады;

      18) бақылаудағы құжаттардың, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің, құпиялылық және "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;

      19) азаматтық қорғау органдарының қатардағы және кіші басшы құрамдағы адамдарына алғашқы және кезекті арнаулы атақтар, орта басшы құрамдағы адамдарына азаматтық қорғау капитаны атағына дейін қоса кезекті арнаулы атақтар, офицерлік құрамдағы әскери қызметшілерге подполковникке дейін қоса кезекті әскери атақтар береді;

      20) Департаменттің және Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметтерінің қызметкерлеріне, әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін анықтайды;

      21) орта және аға басшы құрамның алғашқы арнаулы атақтарын, аға басшы құрамның кезекті арнаулы атақтарын беру және азаматтық қорғау органдарының кадрына қабылдау, офицерлік құрамның алғашқы әскери атағын беру туралы Министрге ұсынымдар енгізеді;

      22) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Төтенше жағдайлар басқармалары қызметкерлерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттерін бекітеді;

      23) Департаментте, Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың іске асырылуына дербес жауап береді;

      24) әрекеті (немесе әрекетсіздігі) ұлттық мүдделерге, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін Департаменттің, Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін жауапкершілікке тартады;

      25) Департаменттің жыл сайынғы жұмыс жоспарын әзірлеуді және оны Министрлікке бекітуге ұсынуды қамтамасыз етеді;

      26) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Департамент қарамағындағы аудандық Төтенше жағдайлар басқармаларының жұмыс жоспарларын бекітеді;

      27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Департамент бастығы болмаған кезде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      20. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Департаменттің мүлкі

      21. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.

      Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Департаментте бекітілген мүлік республикалық және коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Департамент өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2022 жылғы 14 шiлдедегi
№ 266 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2020 жылғы 30 қазандағы
№ 16 бұйрығына
12-1-қосымша

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органы болып табылады және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру салаларындағы басшылықты жүзеге асырады.

      2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 040000, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Ш. Уәлиханов көшесі, үй 179.

      9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі.

3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2020 жылғы 30 қазандағы
№ 16 бұйрығына
21-1-қосымша

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысының төтенше жағдайлар департаменті туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысының төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органы болып табылады және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру салаларындағы басшылықты жүзеге асырады.

      2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Егер Департаментке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Департамент өз құзыретiнің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Департамент бастығының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 100600, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Тарадай көшесі, 6.

      9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ұлытау облысының төтенше жағдайлар департаменті" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Департамент қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      12. Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен Департаменттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осы қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Департаменттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мақсаттары:

      1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) тиісті аумақта азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;

      3) өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      4) өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру.

      14. Құқықтары және міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде орындалуы міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;

      2) мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінен, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан қажетті ақпаратты және мәліметтерді заңнамада белгіленген тәртіпте сұрату және алу;

      3) заңнамада белгіленген тәртіпте Департаменттің мүдделерін сотта қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      4) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;

      5) қызметтік жұмысты және орындаушылық тәртіпті бұзу фактілері бойынша қызметтік тексерістер жүргізу, олардың себептерін анықтау, талдау және бұзушылықтарды болдырмау бойынша шаралар қабылдау;

      6) белгіленген тәртіпте азаматтық қорғау мақсаттары үшін мемлекеттік ведомстволық және мемлекеттік емес жүйелерді, желілерді, байланыс және ақпарат беру құралдарын пайдалану;

      7) облыстың құлақтандыру жүйесіне техникалық тексерулер және азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар жүргізу кезінде қаланың құлақтандыру жүйесін қосу туралы өкім беру;

      8) әрекеті немесе әрекетсіздігі төтенше жағдайлар қатеріне немесе туындауына және азаматтық қорғау саласында бұзушылықтарға әкелген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізу;

      9) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;

      2) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз ету;

      3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тиісті аумақта азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасау;

      4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізу;

      5) Департамент пен азаматтық қорғау органдары бөлімшелерінің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін қамтамасыз ету;

      6) жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін азаматтық қорғау саласындағы мәселелер жөніндегі ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;

      7) азаматтық қорғау саласында ақпараттық-талдау қызметін жүзеге асыру;

      8) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, төтенше жағдайларды жоюға қатысушылардың денсаулығын сақтау, қалпына келтіру және оңалтуды қамтамасыз ету;

      9) комиссиясының құрамында өз құзыреті шегінде төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, зілзалалар мен апаттарды тергеуді ұйымдастыру және жүргізу;

      10) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру;

      11) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау үшін Министрлікке және жергілікті атқарушы органға ұсыныстар дайындау;

      12) қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;

      13) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;

      14) Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және оны азаматтық қорғаныстың бастығы – облыс әкіміне бекіту үшін енгізу;

      15) облыс аудандарының азаматтық қорғаныс жоспарларын келісу;

      16) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу және оларды облыс әкіміне бекітуге ұсыну;

      17) облыс аудандарының төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын келісу;

      18) азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындау жөнінде Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне ұсыныстар енгізу;

      19) Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі және мазмұны жөнінде Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетіне ұсыныстар енгізу;

      20) қосалқы (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерін құру бойынша ұсыныстарды азаматтық қорғаныстың бастығы – облыс әкіміне енгізу;

      21) елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз ету;

      22) өртке қарсы ерікті құралымдардың тізілімін жүргізу;

      23) тиісті аумақта төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларды әзірлеу;

      24) облыс, қалалар мен аудандардың қауіпсіздік паспорттарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын әзірлеу;

      25) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлар кезінде облыс әкімінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауы туралы ұсыныстарды жергілікті атқарушы органға енгізу;

      26) төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру;

      27) суда құтқару және сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

      28) облыс аумағындағы өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметін үйлестіру;

      29) су айдындарындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;

      30) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органымен бірлесіп басқару, құлақтандыру мен байланыс жүйелерін дамыту және оларды қаланың аумағында пайдалануға әзірлікте ұстау;

      31) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар беруді және оларды құлақтандыруды қамтамасыз ету;

      32) облыс аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметін дамыту және жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      33) облыстың аумағында бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметімен автоматтандырылған жүйелердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру;

      34) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің, ахуалдық-дағдарыс орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      35) азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды жүзеге асыру;

      36) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлауды жүзеге асыру;

      37) ерікті өрт сөндірушілерді кейінгі даярлаудың бағдарламасын бекіту;

      38) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      39) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      40) елді мекендер мен объектілерде өртке қарсы күреске өрт сөндіру бөлімшелерінің әзірлігін бақылауды жүзеге асыру;

      41) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      42) өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;

      43) анықталған бұзушылықтарды жою және өрттерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;

      44) анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындау туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;

      45) су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтамағаны үшін азаматтарға және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;

      46) субъектiлер өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу;

      47) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;

      48) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды Министрлікке енгізу;

      49) өз құзыреті шегінде терроризммен күрес жөніндегі аудандық штабтың жұмысына қатысу;

      50) өз құзыреті шегінде аудандық Терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатысу;

      51) облыс бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және басшы құрамының лауазымына тағайындалған және жауынгерлік есептен белгіленген тәртіпте шығарылған әскери міндеттілерді арнайы есепке алуды жүргізу;

      52) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге және стандарттарға өзгерістер, толықтырулар енгізу жөнінде Министрлікке ұсыныстар енгізу;

      53) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сот актілерін, судьялардың талаптарын, прокурордың қаулыларын, ұйғарымдарын және талаптарын, анықтаушының жазбаша тапсырмаларын орындау;

      54) өз құзыреті шегінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құзыретіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуды және оларды ашуды ұйымдастырады және жүзеге асыру;

      55) мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құзыретіне жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыру;

      56) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері

      16. Департаментті басқаруды Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты басшы жүзеге асырады.

      17. Департаменттің бастығы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Департамент бастығының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Департамент бастығының өкілеттігі:

      1) Департамент атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      2) өз өкілеттіктері шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департамент мүддесіне өкілдік етеді;

      3) Министрге Департаменттің айрықша көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау, құрметті атақтар, әскери және азаматтық қорғау органдарының орта және аға басшы құрамының арнаулы атақтарын мерзімінен бұрын немесе атқарып отырған штаттық лауазымында көзделген арнаулы атақтарынан бір дәрежеге жоғары беру бойынша ұсыныстар береді;

      4) бірыңғай кадр саясатын іске асырады;

      5) Министрлік қалыптастырған саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, Министрдің актілерін және тапсырмаларын орындайды;

      6) Департамент қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, жұмылдыру, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      7) тәртіптік және аттестаттау, сондай-ақ Департаменттің бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеуге конкурстық комиссиялардың қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады;

      8) Департамент қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;

      9) Департамент атынан шарттар жасасады;

      10) Департамент атынан сенімхаттар береді;

      11) банк шоттарын ашады;

      12) Департаменттің тиісті кезеңге тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспарын бекітеді;

      13) іссапарлар, тағылымдамалар, демалыстар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге түрлері бойынша Департаменттің тәртібі мен жоспарларын бекітеді. Облыстан және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапарға шығу Министрлікпен келісіліп жүзеге асырылады;

      14) өз құзыреті шегінде Департамент қызметкерлері орындау үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      15) еңбек қатынастары Министрліктің номенклатурасына жатқызылған қызметкерлерден басқа Департаменттің, аудандық Төтенше жағдайлар басқармаларының қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;

      16) Министр бекіткен номенклатураға сәйкес Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің басшыларын лауазымға тағайындауға ұсынады;

      17) берілген құқықтары шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департаменттің қызметкерлеріне, Департаменттің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне ынталандыру шараларын және тәртіптік жаза қолданады;

      18) бақылаудағы құжаттардың, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің, құпиялылық және "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;

      19) азаматтық қорғау органдарының қатардағы және кіші басшы құрамдағы адамдарына алғашқы және кезекті арнаулы атақтар, орта басшы құрамдағы адамдарына азаматтық қорғау капитаны атағына дейін қоса кезекті арнаулы атақтар, офицерлік құрамдағы әскери қызметшілерге подполковникке дейін қоса кезекті әскери атақтар береді;

      20) Департаменттің және Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметтерінің қызметкерлеріне, әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін анықтайды;

      21) орта және аға басшы құрамның алғашқы арнаулы атақтарын, аға басшы құрамның кезекті арнаулы атақтарын беру және азаматтық қорғау органдарының кадрына қабылдау, офицерлік құрамның алғашқы әскери атағын беру туралы Министрге ұсынымдар енгізеді;

      22) құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Төтенше жағдайлар басқармалары қызметкерлерінің лауазымдық (функционалдық) міндеттерін бекітеді;

      23) Департаментте, Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың іске асырылуына дербес жауап береді;

      24) әрекеті (немесе әрекетсіздігі) ұлттық мүдделерге, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін Департаменттің, Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін жауапкершілікке тартады;

      25) Департаменттің жыл сайынғы жұмыс жоспарын әзірлеуді және оны Министрлікке бекітуге ұсынуды қамтамасыз етеді;

      26) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Департамент қарамағындағы аудандық Төтенше жағдайлар басқармаларының жұмыс жоспарларын бекітеді;

      27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Департамент бастығы болмаған кезде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      20. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Департаменттің мүлкі

      21. Департаменттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.

      Департаменттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Департаментте бекітілген мүлік республикалық және коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Департамент өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2022 жылғы 14 шiлдедегi
№ 266 бұйрығына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2020 жылғы 30 қазандағы
№ 16 бұйрығына
24-1-қосымша

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Комитет) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшылықты жүзеге асырады.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Департамент заңнамаға сәйкес уәкілеттілік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 071405, Абай облысы, Семей қаласы, Қозбағаров көшесі, № 38 үй.

      9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен Департаменттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.

      Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқық берілсе, онда мұндай қызметтен кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Департаменттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мақсаттары: қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің алдын алу, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалауды қамтамасыз ету.

      14. Құқықтары мен міндеттері:

      1) белгіленген тәртіпте және құзыреттілігі шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының сақталуы бойынша тексерулерді жүзеге асыру;

      2) мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпарат пен материалдарды заңнамада белгіленген тәртіпте сұрату және алу;

      3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша Комитетке ұсыныстар енгізу;

      4) Департаментің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де іс-шаралар өткізу;

      5) өңірлерде, мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, сондай-ақ республиканың барлық соттарында оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлік пен Комитеттің атынан өкілдік ету және тиісті хат алмасуды жүргізу, өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу;

      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерімен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      7) басқа мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      8) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер, ұсынымдар, нұсқамалар ұсыну және тиісті шешімдер қабылдау;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

      10) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдау;

      11) өз құзыреті шегінде Министрліктің және Комитеттің басшылығының бұйрықтары, тапсырмаларын орындау;

      12) өз құзыреті шегінде Министрлік және Комитет сұратқан, қажетті ақпаратты (материалдар, анықтамалар, есептер) белгіленген мерзімде ұсыну;

      13) құзыреттілігі шегінде құқықтық, консультативтік және практикалық көмекті жүзеге асыру;

      14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) Департамент құзыреті шегінде іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады және Министрліктің стратегиялық функцияларын және Комитеттің жұмыс жоспарын орындауға қатысады;

      2) Өз құзыреті шегінде Комитетпен келісім бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;

      3) Департамент құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;

      4) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді; ;

      5) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, өз құзыреті шегінде қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың салдарынан болған авариялар мен жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

      6) қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға беру кезінде оны қабылдау сынақтарына, техникалық куәландыруларға қатысады;

      7) жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат береді;

      8) адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін ерекше жағдайларда, сот шешімінсіз дара кәсіпкерлердің, қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты ұйымдардың қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзімде міндетті түрде сотқа талап арыз бере отырып, тоқтата тұрады немесе тыйым салады;

      9) екі және одан да көп облыс шегінде орналастырылатын қауіпті өндірістік объектіні, сондай-ақ "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен стратегиялық объектілерді қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келіседі;

      10) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғыларды қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерді, қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады;

      11) өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларының, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеруді (емтихандарды) жүргізеді;

      12) қауіпті өндірістік объектілерде оқу дабылдарын жүргізуге қатысады;

      13) жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарға бақылау және қабылдау сынақтарын жүргізу жөніндегі комиссияға қатысады;

      14) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, өз құзыреті шегінде жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдардың жоғалу жағдайларын техникалық тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді;

      15) қауіпті өндірістік объектілердің және қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлғалардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

      16) қауіпті өндірістік объектілердің технологиялық құрылыстарын, қауіпті техникалық құрылғыларды техникалық куәландыруды зерттеп-қараудың, диагностикалаудың уақтылы жүргізілуін мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

      17) қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын қауіпті өндірістік объектілер мен ұйымдардың авариялар мен олардың зардаптарын жою және оқшаулау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге дайындығына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

      18) магистральдық құбырды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

      19) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қоспағанда, газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуы бөлігінде газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      20) жеке және заңды тұлғаларға тексеру нәтижелері туралы актіні, анықталған бұзушылықтар бойынша нұсқамаларды, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу не тоқтата тұру туралы актіні береді;

      21) пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі тау-кен жұмыстарының жоспарын Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсан "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексінде белгіленген;

      22) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын келіседі;

      23) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлеуге қатысады;

      24) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлеуге қатысады;

      25) Департамент құзыреті шегінде өтініш берушінің біліктілік және/немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін рұқсаттық бақылауды жүзеге асырады;

      26) Департаменттің құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді жүзеге асырады;

      27) құзыретті органдармен бірлесіп, жарылғыш материалдарды жою жөніндегі комиссияның құрамына қатысады;

      28) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды барлау учаскесінде (оның бір бөлігінде) барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі комиссияға қатысады;

      29) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен пайдалы қатты қазбаларды өндіру учаскесінде (оның бір бөлігінде) өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі комиссияға қатысады;

      30) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіру жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі комиссияға қатысады;

      31) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі комиссияға қатысады;

      32) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3-тарау. Департамент басшысының қызметін ұйымдастыру кезіндегі мәртебесі мен өкілеттіктері

      16. Департаментке басқаруды Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты басшы жүзеге асырады.

      17. Департамент басшысы - Абай облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі Бас мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Департамент басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      19. Абай облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі Бас мемлекеттік инспектордың өкілеттіктері:

      1) Департаменттің жұмыс жоспарын әзірлейді және Комитетке келісуге енгізеді, келіскеннен кейін бекітеді;

      2) бөлімдердің ережесін және Департамент бөлімдері басшыларының және қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      3) жарты жылда бір рет Департаменттің жұмыс жоспарын орындау бойынша есептілікті Комитетке уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді;

      4) Өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;

      5) Департаменттің бөлім басшылары мен қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      6) Департаменттің бөлім басшыларын және жұмыскерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы мен сыйлықақы төлеу мәселелерін шешеді;

      7) Өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаментті білдіреді;

      8) Департаменттің бөлім басшылары мен қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;

      9) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар не сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің туындауына ықпал ететін іс-әрекеттер тіркелген жағдайларда, бұл туралы Комитет басшылығын хабардар етеді;

      10) Департамент қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

      11) Департаментте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

      12) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

      13) Комитет басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді;

      14) азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады;

      15) Департаменттің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын және құжат айналымының ұйымдастырылуын бақылайды;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Департамент басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      20. Департамент басшысы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Департаменттің мүлкі

      21. Департамент заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Департамент мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.

      22. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Департаменттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2022 жылғы 14 шiлдедегi
№ 266 бұйрығына
5-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2020 жылғы 30 қазандағы
№ 16 бұйрығына
30-1-қосымша

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Комитет) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшылықты жүзеге асырады.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Департамент заңнамаға сәйкес уәкілеттілік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 040000, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қаратал көшесі, № 141 үй.

      9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен Департаменттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.

      Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқық берілсе, онда мұндай қызметтен кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Департаменттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мақсаттары: қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің алдын алу, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалауды қамтамасыз ету.

      14. Құқықтары мен міндеттері:

      1) белгіленген тәртіпте және құзыреттілігі шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының сақталуы бойынша тексерулерді жүзеге асыру;

      2) мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпарат пен материалдарды заңнамада белгіленген тәртіпте сұрату және алу;

      3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша Комитетке ұсыныстар енгізу;

      4) Департаментің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де іс-шаралар өткізу;

      5) өңірлерде, мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, сондай-ақ республиканың барлық соттарында оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлік пен Комитеттің атынан өкілдік ету және тиісті хат алмасуды жүргізу, өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу;

      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерімен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      7) басқа мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      8) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер, ұсынымдар, нұсқамалар ұсыну және тиісті шешімдер қабылдау;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

      10) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдау;

      11) өз құзыреті шегінде Министрліктің және Комитеттің басшылығының бұйрықтары, тапсырмаларын орындау;

      12) өз құзыреті шегінде Министрлік және Комитет сұратқан, қажетті ақпаратты (материалдар, анықтамалар, есептер) белгіленген мерзімде ұсыну;

      13) құзыреттілігі шегінде құқықтық, консультативтік және практикалық көмекті жүзеге асыру;

      14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) Департамент құзыреті шегінде іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады және Министрліктің стратегиялық функцияларын және Комитеттің жұмыс жоспарын орындауға қатысады;

      2) Өз құзыреті шегінде Комитетпен келісім бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;

      3) Департамент құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;

      4) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді; ;

      5) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, өз құзыреті шегінде қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың салдарынан болған авариялар мен жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

      6) қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға беру кезінде оны қабылдау сынақтарына, техникалық куәландыруларға қатысады;

      7) жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат береді;

      8) адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін ерекше жағдайларда, сот шешімінсіз дара кәсіпкерлердің, қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты ұйымдардың қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзімде міндетті түрде сотқа талап арыз бере отырып, тоқтата тұрады немесе тыйым салады;

      9) екі және одан да көп облыс шегінде орналастырылатын қауіпті өндірістік объектіні, сондай-ақ "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен стратегиялық объектілерді қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келіседі;

      10) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғыларды қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерді, қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады;

      11) өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларының, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеруді (емтихандарды) жүргізеді;

      12) қауіпті өндірістік объектілерде оқу дабылдарын жүргізуге қатысады;

      13) жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарға бақылау және қабылдау сынақтарын жүргізу жөніндегі комиссияға қатысады;

      14) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, өз құзыреті шегінде жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдардың жоғалу жағдайларын техникалық тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді;

      15) қауіпті өндірістік объектілердің және қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлғалардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

      16) қауіпті өндірістік объектілердің технологиялық құрылыстарын, қауіпті техникалық құрылғыларды техникалық куәландыруды зерттеп-қараудың, диагностикалаудың уақтылы жүргізілуін мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

      17) қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын қауіпті өндірістік объектілер мен ұйымдардың авариялар мен олардың зардаптарын жою және оқшаулау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге дайындығына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

      18) магистральдық құбырды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

      19) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қоспағанда, газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуы бөлігінде газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      20) жеке және заңды тұлғаларға тексеру нәтижелері туралы актіні, анықталған бұзушылықтар бойынша нұсқамаларды, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу не тоқтата тұру туралы актіні береді;

      21) пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі тау-кен жұмыстарының жоспарын Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсан "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексінде белгіленген;

      22) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын келіседі;

      23) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлеуге қатысады;

      24) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлеуге қатысады;

      25) Департамент құзыреті шегінде өтініш берушінің біліктілік және/немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін рұқсаттық бақылауды жүзеге асырады;

      26) Департаменттің құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді жүзеге асырады;

      27) құзыретті органдармен бірлесіп, жарылғыш материалдарды жою жөніндегі комиссияның құрамына қатысады;

      28) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды барлау учаскесінде (оның бір бөлігінде) барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі комиссияға қатысады;

      29) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен пайдалы қатты қазбаларды өндіру учаскесінде (оның бір бөлігінде) өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі комиссияға қатысады;

      30) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіру жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі комиссияға қатысады;

      31) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі комиссияға қатысады;

      32) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3-тарау. Департамент басшысының қызметін ұйымдастыру кезіндегі мәртебесі мен өкілеттіктері

      16. Департаментке басқаруды Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты басшы жүзеге асырады.

      17. Департамент басшысы - Жетісу облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі Бас мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Департамент басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      19. Жетісу облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі Бас мемлекеттік инспектордың өкілеттіктері:

      1) Департаменттің жұмыс жоспарын әзірлейді және Комитетке келісуге енгізеді, келіскеннен кейін бекітеді;

      2) бөлімдердің ережесін және Департамент бөлімдері басшыларының және қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      3) жарты жылда бір рет Департаменттің жұмыс жоспарын орындау бойынша есептілікті Комитетке уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді;

      4) Өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;

      5) Департаменттің бөлім басшылары мен қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      6) Департаменттің бөлім басшыларын және жұмыскерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы мен сыйлықақы төлеу мәселелерін шешеді;

      7) Өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаментті білдіреді;

      8) Департаменттің бөлім басшылары мен қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;

      9) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар не сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің туындауына ықпал ететін іс-әрекеттер тіркелген жағдайларда, бұл туралы Комитет басшылығын хабардар етеді;

      10) Департамент қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

      11) Департаментте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

      12) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

      13) Комитет басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді;

      14) азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады;

      15) Департаменттің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын және құжат айналымының ұйымдастырылуын бақылайды;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Департамент басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      20. Департамент басшысы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Департаменттің мүлкі

      21. Департамент заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Департамент мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.

      22. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Департаменттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2022 жылғы 14 шiлдедегi
№ 266 бұйрығына
6-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2020 жылғы 30 қазандағы
№ 16 бұйрығына
38-1-қосымша

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Комитет) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында басшылықты жүзеге асырады.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Департамент заңнамаға сәйкес уәкілеттілік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 100600, Ұлытау облысы, Жезказган қаласы, Чехов көшесі, № 3 үй.

      9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен Департаменттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.

      Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқық берілсе, онда мұндай қызметтен кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Департаменттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мақсаттары: қауіпті өндірістік объектілердегі авариялар, оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің алдын алу, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мемлекеттік қадағалауды қамтамасыз ету.

      14. Құқықтары мен міндеттері:

      1) белгіленген тәртіпте және құзыреттілігі шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының сақталуы бойынша тексерулерді жүзеге асыру;

      2) мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпарат пен материалдарды заңнамада белгіленген тәртіпте сұрату және алу;

      3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша Комитетке ұсыныстар енгізу;

      4) Департаментің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де іс-шаралар өткізу;

      5) өңірлерде, мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, сондай-ақ республиканың барлық соттарында оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлік пен Комитеттің атынан өкілдік ету және тиісті хат алмасуды жүргізу, өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу;

      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерімен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      7) басқа мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      8) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер, ұсынымдар, нұсқамалар ұсыну және тиісті шешімдер қабылдау;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;

      10) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдау;

      11) өз құзыреті шегінде Министрліктің және Комитеттің басшылығының бұйрықтары, тапсырмаларын орындау;

      12) өз құзыреті шегінде Министрлік және Комитет сұратқан, қажетті ақпаратты (материалдар, анықтамалар, есептер) белгіленген мерзімде ұсыну;

      13) құзыреттілігі шегінде құқықтық, консультативтік және практикалық көмекті жүзеге асыру;

      14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) Департамент құзыреті шегінде іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асырады және Министрліктің стратегиялық функцияларын және Комитеттің жұмыс жоспарын орындауға қатысады;

      2) Өз құзыреті шегінде Комитетпен келісім бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;

      3) Департамент құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;

      4) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді; ;

      5) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, өз құзыреті шегінде қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың салдарынан болған авариялар мен жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;

      6) қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға беру кезінде оны қабылдау сынақтарына, техникалық куәландыруларға қатысады;

      7) жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат береді;

      8) адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін ерекше жағдайларда, сот шешімінсіз дара кәсіпкерлердің, қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдалануға байланысты ұйымдардың қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзімде міндетті түрде сотқа талап арыз бере отырып, тоқтата тұрады немесе тыйым салады;

      9) екі және одан да көп облыс шегінде орналастырылатын қауіпті өндірістік объектіні, сондай-ақ "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен стратегиялық объектілерді қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келіседі;

      10) әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғыларды қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерді, қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады;

      11) өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларының, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінің білімін тексеруді (емтихандарды) жүргізеді;

      12) қауіпті өндірістік объектілерде оқу дабылдарын жүргізуге қатысады;

      13) жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдарға бақылау және қабылдау сынақтарын жүргізу жөніндегі комиссияға қатысады;

      14) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, өз құзыреті шегінде жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдардың жоғалу жағдайларын техникалық тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді;

      15) қауіпті өндірістік объектілердің және қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын ұйымдардың, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлғалардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

      16) қауіпті өндірістік объектілердің технологиялық құрылыстарын, қауіпті техникалық құрылғыларды техникалық куәландыруды зерттеп-қараудың, диагностикалаудың уақтылы жүргізілуін мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

      17) қауіпті техникалық құрылғыларды пайдаланатын қауіпті өндірістік объектілер мен ұйымдардың авариялар мен олардың зардаптарын жою және оқшаулау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге дайындығына мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

      18) магистральдық құбырды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады;

      19) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қоспағанда, газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуы бөлігінде газ және газбен жабдықтау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      20) жеке және заңды тұлғаларға тексеру нәтижелері туралы актіні, анықталған бұзушылықтар бойынша нұсқамаларды, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу не тоқтата тұру туралы актіні береді;

      21) пайдалы қатты қазбаларды өндіру жөніндегі тау-кен жұмыстарының жоспарын Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсан "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодексінде белгіленген;

      22) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын келіседі;

      23) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлеуге қатысады;

      24) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін әзірлеуге қатысады;

      25) Департамент құзыреті шегінде өтініш берушінің біліктілік және/немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін рұқсаттық бақылауды жүзеге асырады;

      26) Департаменттің құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді жүзеге асырады;

      27) құзыретті органдармен бірлесіп, жарылғыш материалдарды жою жөніндегі комиссияның құрамына қатысады;

      28) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды барлау учаскесінде (оның бір бөлігінде) барлау жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі комиссияға қатысады;

      29) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен пайдалы қатты қазбаларды өндіру учаскесінде (оның бір бөлігінде) өндіру жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі комиссияға қатысады;

      30) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіру жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі комиссияға қатысады;

      31) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі комиссияға қатысады;

      32) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3-тарау. Департамент басшысының қызметін ұйымдастыру кезіндегі мәртебесі мен өкілеттіктері

      16. Департаментке басқаруды Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты басшы жүзеге асырады.

      17. Департамент басшысы - Ұлытау облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі Бас мемлекеттік инспектор Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Департамент басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      19. Ұлытау облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі Бас мемлекеттік инспектордың өкілеттіктері:

      1) Департаменттің жұмыс жоспарын әзірлейді және Комитетке келісуге енгізеді, келіскеннен кейін бекітеді;

      2) бөлімдердің ережесін және Департамент бөлімдері басшыларының және қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;;

      3) жарты жылда бір рет Департаменттің жұмыс жоспарын орындау бойынша есептілікті Комитетке уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді;

      4) Өз құзыреті шегінде бұйрықтарға қол қояды;

      5) Департаменттің бөлім басшылары мен қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      6) Департаменттің бөлім басшыларын және жұмыскерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы мен сыйлықақы төлеу мәселелерін шешеді;

      7) Өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департаментті білдіреді;

      8) Департаменттің бөлім басшылары мен қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;

      9) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар не сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің туындауына ықпал ететін іс-әрекеттер тіркелген жағдайларда, бұл туралы Комитет басшылығын хабардар етеді;

      10) Департамент қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

      11) Департаментте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

      12) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

      13) Комитет басшылығына Департаменттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді;

      14) азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады;

      15) Департаменттің тәртіптік, аттестаттау және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын және құжат айналымының ұйымдастырылуын бақылайды;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Департамент басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      20. Департамент басшысы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Департаменттің мүлкі

      21. Департамент заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Департамент мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.

      22. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Департаменттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады