"Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 51/1 қаулысы. Күші жойылды Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 355/4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 26.12.2023 № 355/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына, Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы "Туризм саласындағы функцияларды беру туралы" № 332/8 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) туралы ереже бекітілсін.

      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 12 қаңтардағы "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" № 14/1 қаулысының күші жойылсын.

      3. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" ММ заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      осы қаулына Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Б. Шаяхметовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Облыс әкімі Ә. Сқақов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2022 жылғы "___" ___________
№ ___ қаулысымен
бекітілген

"Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Павлодар облысының әкімдігі өз құзіреті шегінде кәсіпкерлік, сауда, индустриялық-инновациялық даму және туризм салаларындағы функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттік берген, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Астана көшесі, 61-құрылыс.

      10. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:

      дүйсенбі – жұма сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.

      11. Мемлекеттік органның толық атауы:

      мемлекеттік тілде – "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде – государственное учреждение "Управление предпринимательства и индустриально-инновационного развития Павлодарской области".

      12. Мемлекет Павлодар облысының әкімдігі тұлғасында "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы ереже "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынастар жасауға тыйым салынады.

      Егер "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жолданады.

2-тарау. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мақсаты, қызметінің мәні мен өкілеттіктері

      16. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мақсаты шағын және орта бизнес, сауда, өнеркәсіптік әлеует, индустриялық-инновациялық даму және туризм салаларын тиімді дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.

      17. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні кәсіпкерлік, сауда және индустриялық-инновациялық даму және туризмді дамыту мәселелерінде мемлекеттік саясатты облыстық деңгейде жүзеге асыру болып табылады.

      18. Міндеттері:

      1) кәсіпкерлік, сауда, индустриялық-инновациялық даму және туризм салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      2) өз құзіреті шегінде "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      19. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзіретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына ұсыныстар енгізу;

      "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен, лауазымды адамдармен және азаматтармен келісім бойынша белгіленген тәртіпте ақпаратты сұрату және алу;

      басшыларының келісімі бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын жұмысқа тарту;

      өз құзіреті шегінде шарттар, келісімдер жасау;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру;

      2) міндеттері:

      осы Ережеде белгіленген өз құзыреті шегінде барлық сот органдарында, мемлекеттік органдарда, мекемелерде, кәсіпорындарда және өзге де ұйымдарда облыс әкімінің, әкімдігінің мүдделерін білдіру;

      мемлекеттік органдарда, сотта "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіру;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      20. Функциялары:

      1) Павлодар облысының аумағында кәсіпкерлік, сауда, индустриялық-инновациялық даму және туризм бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың қызметін үйлестіру;

      2) жергiлiктi атқарушы органдар мен кәсiпкерлiк субъектілерінің бiрлестiктерi, өңірлік палата және нарықтық инфрақұрылым объектілері арасындағы қарым-қатынастарды дамыту стратегиясын айқындау;

      3) жеке кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестiң жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң аккредиттелген бiрлестiктерiнен, Қазақстан Республикасының Өңiрлiк кәсiпкерлер палатасынан, мiндеттi мүшелiк (қатысу) негiзiндегi өзiн-өзi реттейтiн ұйымдардан және өзге де коммерциялық емес ұйымдардан нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптамалық қорытындылар алу, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, соның ішінде әкімшілік кедергілерді жою мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру туралы ұсыныстар тұжырымдау бойынша жұмысын ұйымдастыру;

      4) өңірлік кәсіпкерлер палатасының қатысуымен облыс бойынша кәсіпкерлікті қолдау картасын әзірлеу және бекіту;

      5) Павлодар облысының аумағында сауда саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету және өз құзыреті шегінде сауда субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асыру;

      6) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру;

      7) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      8) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру бойынша мамандандырылған ұйымдардан көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру;

      9) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      10) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бөлшек сауда бағасының шекті мәндерін әзірлеу және бекіту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының сауда үстемеақысының мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      11) сауда қызметін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ тауарларды өндіру және өткізу үшін қолайлы жағдайлар жасау;

      12) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген сыйақы мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      13) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;

      14) облыс кәсіпорындарына еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын қолдануға жәрдемдесу;

      15) жаңа бәсекеге қабілетті өндірістерді, облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарының тұрақты өндірістік қызметін дамыту үшін жағдайларды қамтамасыз ету және инновацияларды тиімді енгізуге және жоғары технологиялық өндірістерді дамытуға қолдау көрсету;

      16) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің инвестициялық тартымдылығын және экспорттық әлеуетін арттыру, инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылау;

      17) Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімде ұйымдардың сатып алуларындағы жергілікті қамту бойынша ақпаратты жинау, талдау және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жөніндегі уәкілетті органға ұсыну;

      18) технологияларды коммерцияландыруда және экспорттық әлеуетті дамытуда индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне көмек көрсету;

      19) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның элементтеріне, индустриялық-инновациялық жүйе субъектілеріне және туристтік қызметті ұйымдастыра отырып, әдістемелік, консультациялық, практикалық және өзге де көмек көрсету;

      20) өз құзыреті шегінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      21) өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты, сондай-ақ шағын индустриялық аймақты құру, оның қызмет ету мерзімін ұзарту немесе тарату туралы шешім қабылдау;

      22) индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын айқындау және әлеуметтік-экономикалық және индустриялық аймақтарға әлеуетті қатысушыларды тарту;

      23) арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтарға қатысушылардың қызметті жүзеге асыруға арналған шарттардың талаптарын орындауын бақылау, сондай-ақ мониторинг деректерін талдау;

      24) туристік қызмет көрсету нарығын талдау және уәкілетті органға облыс аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді ұсыну;

      25) облыстық туристік ресурстарды қорғау шараларын әзірлеу және енгізу;

      26) облыс аумағында туризм индустриясы объектілерін жоспарлау мен салу бойынша қызметін үйлестіру;

      27) балалар мен жасөспірімдер лагерлерінің, туристік бірлестіктердің қызметіне көмек көрсету;

      28) халықты жұмыспен қамтуды арттыру шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамыту және қолдау;

      29) туристік, оның ішінде туристік әлеует, туристік объектілер және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру;

      30) туристік ақпарат орталығын құру;

      31) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;

      32) гидті (гид-аудармашы) кәсіби даярлауды ұйымдастыру;

      33) уәкілетті органмен келісім бойынша туризм саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту;

      34) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;

      35) акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік топтамасын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын, облыс әкімдігі мен әкімінің актілерінде, өзге де нормативтік құқықтық актілерде қарастырылған жағдайда, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектісінің өкілеттіктерін жүзеге асыру, соның ішінде тиісті саланың уәкілетті органдарының құзыретіне сәйкес оларға қатысты шешімдер қабылдау;

      36) Басқарманың құзыреті шегінде әкімнің, әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу;

      37) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      38) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап арыздар ұсыну;

      39) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3-тарау. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық- инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      21. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауап береді.

      22. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

      23. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      24. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      2) өз орынбасарларының, сондай-ақ "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіктерін айқындайды;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады;

      5) құзыретіне жататын мәселелер бойынша "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      6) "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді және қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес меншiк нысанына қарамастан барлық мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму" мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;

      8) "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      9) орынбасарлары мен құрылымдық бөлімшелер басшыларының, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының қатысуымен "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің отырыстарын өткізеді;

      10) "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапты береді;

      "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      25. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      26. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      27. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

4-тарау. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық- инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      28. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      29. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

      30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық- инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      31. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдар тізбесі

      32. "Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағында келесі ұйымдар бар:

      1) "Павлодар" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы;

      2) "Павлодар" арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы" акционерлік қоғамы;

      3) "Атамекен-Павлодар" микроқаржы ұйымы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады