"Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бакылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 сәуірдегі № 89/1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 16 шілдегі "Павлодар облысының қала құрылысы және жерді бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 222/2 қаулысының күші жойылсын.

      3. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасы" ммлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары О.П. Крукке жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Ә. Сқақов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2022 жылғы "___" _________
№ _________ қаулысымен
бекітілді

"Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бакылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1.Жалпы ережелер

      1. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Павлодар облысының әкімдігі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласындағы қызметті жүзеге асыруға уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы, 5Б.

      10. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

      11. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы – "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде – государственное учреждение "Управление государственного архитектурно-строительного контроля Павлодарской области".

      12. Мемлекет Павлодар облысы әкімдігінің тұлғасында "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы Ереже "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады. 14. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 

      Егер "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2."Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мақсаты, міндеттері, функциялары, құкықтары мен міндеттері

      16. Павлодар облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау сапасының деңгейін арттыру "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары болып табылады.

      17. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеті - Павлодар облысының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамада белгіленген талаптардың, мемлекеттік нормативтер мен жобалық шешімдердің сақталуын қамтамасыз ету.

      18. Құқықтары:

      1) мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұрату және алу, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға қатысуға тарту, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;

      2) тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметінің саласына қатысты тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау, сондай-ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысу;

      3) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;

      4) сот органдарына қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау бөлігінде мемлекет мүдделерін қорғауға жүгіну;

      5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінен салынуы белгіленген және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпарат сұрау және алу;

      6) техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардан танысу үшін осы құрылыс бойынша қажетті жобалау және атқарушылық техникалық құжаттаманы, сондай-ақ тиісті жобалардың сараптама қорытындысын сұрату және олардан алу;

      7) салынып жатқан объектілер конструкцияларының және қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының жобаның және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтердің талаптарына сәйкестігіне зертханалық сынақтар жүргізу үшін тәуелсіз зертханаларды тарту;

      8) мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асырудың нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру жөніндегi iс-шараларды әзiрлеу;

      9) "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де отырыстар өткізу;

      10) сотта, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда облыс әкімінің және әкімдігінің, "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіру;

      11) облыс әкіміне "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында бақылау-қадағалау қызметін жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жұмысын жақсарту жөніндегі ұсыныстар енгізу;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделетін өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      19. Міндеттері:

      1) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген басымдықты ескере отырып, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу;

      2) жүргізілетін тексерулердің материалдарын объективті түрде дайындау;

      3) мемлекеттік нормативтерді бұзушылықтар және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқулар анықталған кезде тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаждау ұйымының (кәсіпорнының) жол берілген бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоюы туралы нұсқама шығару;

      4) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;

      5) Павлодар облысының аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілері жол берген мемлекеттік нормативтер мен талаптардың (шарттардың, шектеулердің) бұзылу себептерін анықтау және талдау;

      6) құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда, тұрғын үй және өндірістік объектілердің құрылысын тоқтата тұру;

      7) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттемелерді орындау.

      20. Функциялары:

      1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау;

      2) салынып жатқан объектілерде объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру;

      3) құрылыс объектілерінде сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде белгіленген ықпал ету шараларын қолдану;

      4) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      5) жобалау құжаттамасының сапасына қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      6) салынып жатқан (реконструкцияланатын, кеңейтілетін, жаңғыртылатын, күрделі жөнделетін) және пайдалануға берілген объектілердің мониторингі;

      7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында белгіленген заңнама нормаларын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;

      8) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру;

      9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттаудан өткізу;

      10) техникалық және авторлық қадағалау қызметіне бақылауды жүзеге асыру;

      11) жер учаскесіне тиісті құқықтың, бекітілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың, жобалар сараптамасының оң қорытындысының болуына, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын органдарды хабардар етуге бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      12) хабарламада көрсетілген деректердің дұрыстығын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      13) лицензияланатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің тиісті түрлерін жүзеге асыру құқығына лицензияның болуына бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      14) мердігердің (бас мердігердің) құрылыс сапасын өзіндік өндірістік бақылаудың және қадағалаудың барлық түрлері мен нысандарын (кіру, операциялық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және басқа) ұйымдастыруы мен жүзеге асыруына бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      15) атқарушылық құжаттаманың уақтылы және дұрыс ресімделуін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      16) объектілерді салу кезінде тапсырыс берушінің (меншік иесінің) техникалық және авторлық қадағалауларды ұйымдастыруы мен жүзеге асыруына бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      17) техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

      18) анықталған бұзушылықтарға не мемлекеттік нормативтерде, өзге де міндетті талаптарда көзделген талаптардан (шарттардан, шектеулерден), ауытқушылықтарға (сәйкессіздіктерге) байланысты сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілеріне (субъектілерді білдіретін жауапты тұлғаларға) нұсқамалар беру;

      19) жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген не жол берілген бұзушылықтарды белгіленген нормативтік мерзімдерде жоймаған заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген шараларды қабылдау;

      20) орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдарының (бұйымдарының, конструкцияларының) және жабдықтардың бекітілген жобалық шешімдерге және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге, оның ішінде тіреу және қоршау конструкцияларының беріктігін, орнықтылығын, сенімділігін және ғимараттардың (құрылыстардың) пайдалану сапасын қамтамасыз ету жөніндегі нормативтерге сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;

      21) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер мен профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу;

      22) лицензиаттардың және екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілердің рұқсат және (немесе) рұқсатқа қосымша берілгеннен кейін (қызметті жүзеге асыру процесінде) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын сақтауына рұқсаттық бақылау жүргізу Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер арқылы жүзеге асыру;

      23) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарламаларды қабылдау;

      24) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген нормалар мен талаптарды сақтауы тұрғысынан салыстырып тексеруді жүргізу;

      25) сотта талап қою және "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін қорғау;

      26) облыс әкімінің және әкімдігінің тапсырмаларын орындау, өз құзыреті шегінде құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;

      27) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      28) облыс әкімдігі мен әкімінің актілерімен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен қаарастырылған жағдайларда, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектісінің өкілеттіктерін жүзеге асыру, оның ішінде тиісті саланың уәкілетті органдарының құзыретіне ұқсас оларға қатысты шешімдер қабылдау;

      29) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      21. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшысы жүзеге асырады.

      22. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Павлодар облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      23. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      24. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және қызметін басқарады;

      2) "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің міндеттерін, өкілеттіктерін, сондай-ақ функцияларын анықтайды;

      3) "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады;

      5) құзыретіне жататын мәселелер бойынша "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;

      6) "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      7) "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда білдіреді;

      8) "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      9) "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      25. Объектілер құрылысының сапасына және барысына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Павлодар облысының бас мемлекеттік құрылыс инспекторы болып табылады.

      Лауазымдық міндеттеріне құрылыстарды жедел инспекциялау кіретін орынбасары мен штаттық қызметкерлері тиісінше Павлодар облысының бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасары және мемлекеттік құрылыс инспекторлары болып табылады.

      Павлодар облысының бас мемлекеттік құрылыс инспекторына әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкімшілік жаза қолдану құқығы беріледі.

      26. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      27. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Казақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      28. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес анықталады.

4. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      29. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар.

      "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      30. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

      31. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату (қысқарту)

      32. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      33. "Павлодар облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесін тарату кезінде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік облыстық коммуналдық меншікте қалады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады