Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 тамыздағы "Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Павлодар облыстық көркемсурет музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Нағымбек Нұрмұхаммедовтің есімін беру және Павлодар облысының кейбір коммуналдық мемлекеттік білім беру мекемелерінің атауын өзгерту туралы" № 599 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 17 қаңтардағы "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 19/1 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Ереженің 32-тармағындағы 14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
Павлодар облысы әкімдігінің Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Ә. Сқақов |