"Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 17 қаңтардағы № 19/1 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 65-бабы 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ММ) туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 25 мамырдағы "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту және Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы" № 138/4 қаулысының күші жойылсын.

      3. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" ММ заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Құрмановаға жүктелсін.

      Облыс әкімі Ә. Сқақов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2022 жылғы "17" қаңтар
№ 19/1 қаулысымен
бекітілген

"Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

      1. Жалпы ережелер

      1. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесі Павлодар облысының аумағында мәдениет және өнер, мемлекеттік тіл саясаты, архив ісі мен құжаттамалық қамтамасыз ету салаларында қызметті жүзеге асыруға Павлодар облысының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

      2. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      6. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамамен белгiленген тәртiпте "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      8. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледі.

      9. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Академик Марғұлан көшесі, 115-үй.

      10. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі: дүйсенбі – жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттiк мекемесi; орыс тілінде: государственное учреждение "Управление культуры, развития языков и архивного дела Павлодарской области".

      12. Мемлекет Павлодар облысының әкімдігі тұлғасында "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнің құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы Ереже "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерімен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

      2. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері, мақсаттары мен өкілеттіктері

      16. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы мәдениет, архив ісі және құжаттама саласында халыққа сапалы және қолжетімді қызметтер көрсету, мемлекеттік тілді қолдану және Павлодар облысының аумағында тұрып жатқан барлық этностардың тілдерін сақтауды қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясатын жүргізу бойынша мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру болып табылады.

      17. Мәдениет, архив ісі және құжаттама саласындағы қызметтерге халықтың сұраныс деңгейін арттыру, Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын орындауды және тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттiк саясатты жүргiзу "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мақсаты болып табылады.

      18. Міндеттері:

      1) облыстық деңгейде мәдениет, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану, архив ісі және құжаттамалыққамтамасыз ету салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңының орындалуын ұйымдастыру және бақылауды қамтамасыз ету, облыстық ономастика комиссиясының жұмысын үйлестіру;

      3) басқармаға жүктелген өзге де міндеттер.

      19. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына негізгі даму бағыттары, облыстың әлеуметтік-мәдени дамуының мақсаттары, басымдықтары және стратегиялары бойынша мәселелерді жедел шешу бойынша ұсыныстар енгізуге;

      мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды өтеусіз негізде сұратуға және алуға;

      жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын өзге де атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімімен жұмысқа тартуға;

      барлық мекемелермен, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және кәсіпорындармен мәдениет, тіл саясаты және архивтер мен құжаттама мәселелері бойынша өзара әрекет етуге;

      өзінің құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасауға;

      "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің және ведомствоға бағынысты Павлодар облысының облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының құрылымдық бөлімшелері бойынша ұсынымдарды әзірлеуге;

      қолданыстағы заңнамалық актілермен көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      2) міндеттері:

      "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін барлық құзыретті мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіруге;

      Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

      облыс әкімі мен әкімдігінің актілерімен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген жағдайларда, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілерін, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыреттеріне ұқсас шешімдерді қабылдауға, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыруға өкілеттіктер беру.

      20. Функциялары:

      1) басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуын жүзеге асыру және олардың орындалуын қамтамасыз ету;

      2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3) уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте театр, цирк, музыка өнері және кино өнері, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығы, кітапхана және музей ісі саласындағы облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату жөнінде ұсыныстар енгізу;

      4) театр, цирк, музыка және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана, музей ісін дамыту бойынша облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдау және үйлестіру, олардың қызметін қамтамасыз ету;

      5) шығармашылық қызметтің әртүрлі салаларындағы облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастыру;

      6) уәкілетті органның келісімімен шығармашылық қызметтің әртүрлі салаларындағы республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастыру;

      7) өңірлік көркемдік кеңестер құру және олар туралы ережелерді бекіту;

      8) облыстың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      9) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясын құру және оның ережесін бекіту;

      10) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асыру, уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысандағы статистикалық есептер беру;

      11) облыс деңгейінде ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асыру;

      12) облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу;

      13) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асыру;

      14) облыстың мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырыс беруші болу;

      15) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттарды дамытуға жәрдемдесу;

      16) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру;

      17) облыстың мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін беру;

      18) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;

      19) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асыру;

      20) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимін сақтауды қамтамасыз ету;

      21) бюджет қаражаты көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді қаржыландыруға мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекіту;

      22) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, олардың ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз ету;

      23) электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;

      24) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, сақтауды, зерделеуді, пайдалануды және олардың жай-күйі мониторингін қамтамасыз ету;

      25) мәдениет және тарихи ескерткіштерінің ғылыми-реставрациялық жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету;

      26) облыстың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарларында жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алуды, сақтауды, зерделеуді, оларға ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және археологиялық жұмыстарды ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды көздеу;

      27) тарих және мәдениет ескерткіштерінің ғылыми-реставрациялық және археологиялық жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды келісу;

      28) уәкiлеттi органмен келiсім бойынша қала құрылысы жобаларын әзiрлеу және бекiту кезiнде барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, зерделеу, сақтау жөнiндегi іс-шараларды орындауды, жергілікті жердің тарихи-сәулет тiрек жоспарларын және карта-схемаларын жасауды қамтамасыз ету;

      29) елді мекендердің бас жоспарларына тарихи-сәулет тiрек жоспарларын енгізу жөніндегі жұмысты жүргізу;

      30) қорғау мiндеттемелерiн ресiмдеу және беру, тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншiк иелерi мен қолданушыларымен олардың орындалуын бақылау;

      31) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияны құру;

      32) монументтік өнер құрылыстарын орнату жөніндегі жұмысты жүргізу;

      33) мемориалдық тақталарды орнату жөніндегі жұмысты жүргізу;

      34) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерiне жоспарланатын ғылыми-реставрациялық жұмыстардың ғылыми-жобалық құжаттамасын қарау және келiсу;

      35) уәкілетті органмен келісім бойынша тарихи-мәдени мұра объектiлерiн тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi деп тану және оларды Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізу;

      36) уәкілетті органмен келісім бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде мәртебесінен айыру және оны Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен алып тастау;

      37) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шекараларын айқындау және бекіту;

      38) мәртебесі туралы түпкілікті шешім қабылданғанға дейін жер учаскелерін игеру сатысында анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерін алдын ала есепке алу тізіміне енгізу;

      39) тарих және мәдениет ескерткіштерінің ғылыми-реставрациялау жұмыстарының жоспарын қалыптастыру үшін уәкілетті органға ұсыныстар ұсыну;

      40) алдағы күнтізбелік жылға арналған археологиялық жұмыстардың жоспарын қалыптастыру үшін уәкілетті органға ұсыныстар ұсыну;

      41) коммуналдық меншік болып табылатын жергілікті маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру туралы мәселені шешу;

      42) коммуналдық меншік болып табылатын халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру туралы мәселелерді уәкілетті органмен келісім бойынша шешу;

      43) облыстың мемлекеттік архивтеріне сақтауға қабылданған Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, жинақтауды және пайдалануды ұйымдастыру;

      44) облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қоры құжаттарын мемлекеттiк есепке алуды жүргiзу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;

      45) облыстың коммуналдық меншiгіндегі тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғауды жүзеге асыру, оларды сақтау және пайдалану;

      46) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;

      47) облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша деректер базасын қалыптастыру;

      48) облыс аумағында орналасқан Ұлттық архив қоры көздері ұйымдарында іс жүргізу жағдайына, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдiстемелiк басшылықты және бақылауды жүзеге асыру;

      49) жеке және заңды тұлғалардың сұраныстарын орындауды ұйымдастыру;

      50) сараптау-тексеру комиссиясы туралы ереженi бекiту;

      51) Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттiң, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшiн пайдалануды ұйымдастыру;

      52) облыстың тарихы бойынша архив құжаттарын жинауды және қайтаруды жүзеге асыру;

      53) ведомстволық бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар өндіретін және өткізетін тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағалар белгілеу;

      54) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу процесінде тапсырыс беруші мен конкурстарды ұйымдастырушының функцияларын жүзеге асыру, осы мақсаттарға бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуын бақылауды жүзеге асыру;

      55) "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың даму жоспарларын, даму жоспарларының орындалуы бойынша есептерін қарау, келісу, бекіту, мониторинг нәтижелерін мемлекетттік мүлік тізіліміне енгізуге жолдай отыра, ұйымдардың даму жоспарларының іске асырылуына мониторинг жүргізу;

      56) "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарларын қарау, келісу, бекіту, олардың орындалуы бойынша мониторинг жүргізу және есептерді қабылдау;

      57) мемлекеттік мүлік тізілімінде осы мәліметтерді көрсету үшін өзінің басқаруындағы және ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдардағы жылжымайтын мүлік объектілері мен мүлік туралы мәліметтерді дайындау;

      58) басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің мемлекеттік қызметті өткеруімен байланысты мәселелерді шешу;

      59) кадрмен қамтамасыз етудің жай-күйін талдау, ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен мекемелердің азаматтық қызметшілерінің біліктілігін арттыруға жәрдемдесу және аттестациясын өткізуге қатысу, ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындар мен мекемелердің басшылары мен олардың орынбасарларын аттестаттауды ұйымдастыру;

      60) басқарманың құзыреті бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері және жеке қабылдауы бойынша, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі жұмысты ұйымдастыру және бақылау;

      61) "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құқықтық қамтамасыз етілуін жүзеге асыру;

      62) басқармада және ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындар мен мекемелерде құқықтық түсіндіру жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын бақылау;

      63) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланыс орнату және дамыту;

      64) Басқармаға жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен және лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      65) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын әзірлеу;

      66) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

      67) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

      68) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенiн жүзеге асыру;

      69) облыстық ономастика комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету.

      3. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметіне басшылық ету

      21. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

      22. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      23. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары болады, олар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      24. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады, оның қызметін басқаруды жүзеге асырады;

      2) облыс әкімдігіне "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы жобаларды бекіту үшін ұсынады, оның құрылымы мен штаттары бойынша ұсыныстар енгізеді;

      3) өз орынбасарларының міндеттерін, өкілеттіктерін, сондай-ақ "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің функциялары мен өкілеттіктерін анықтайды;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      5) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылым шегінде өзгерістер жүргізеді;

      7) "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылайды;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды немесе оны алып тастауды жүзеге асырады;

      9) "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      10) облыс әкімдігі мен әкімінің актілерін, оның тапсырмаларының орындалуын бақылау бойынша жұмысты үйлестіреді;

      11) облыс әкімінің қол қоюына және қарастыруына облыс әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын, сондай-ақ облыс әкімінің атына жолданатын өзге де құжаттар мен материалдарды ұсынады;

      12) "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінде ішкі еңбек тәртібін белгілейді;

      13) "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қаржыландыру жоспарын бекітеді және оның шегінде қаржы қаражатын басқарады;

      14) өз құзыретi шегiнде қызметтік құжаттамаларға қол қояды;

      15) "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметшілерін іссапарға жібереді;

      16) азаматтардың жеке қабылдауын жүзеге асырады;

      17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

      18) облыстың ведомстволық бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік мәдениет және архив мекемелерінің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленетін тәртіпте оларды аттестаттаудан өткізеді;

      19) ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындардың басшыларымен еңбек шарттарын жасайды, мемлекеттік кәсіпорын басшысының ұсынысы бойынша мемлекеттік кәсіпорын басшысының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      20) "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және Павлодар облысының ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту жөніндегі мәселелерді қарастырады;

      21) ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен шығармашылық ұжымдар басшыларының қатысуымен кеңестер өткізеді;

      22) "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      23) "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының бұйрығымен мәдениет, тілдерді дамыту, архив ісі және құжат жасау саласындағы ұйымдар қызметінің негізгі мәселелерін қарастыруға арналған алқа құрылады. Алқаның сандық және дербес құрамын "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы бекітеді;

      24) "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылданбауы үшін дербес жауап береді.

      25. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      26. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы колданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.

      27. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (облыстың жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      28. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      29. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

      4. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      30. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.

      "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлiк және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      31. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

      5. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      33. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      34. "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағында мынадай ұйымдар бар:

      1) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапханасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      3) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Павлодар облысының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      4) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Жеке құрам жөніндегі Павлодар қалалық архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      5) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Екібастұз қаласының мемлекеттік архиві" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      6) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Шаңырақ" облыстық халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      7) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      8) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "А.П. Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театры" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      9) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      10) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Павел Васильевтің музей-үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      11) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Шафердің музей-үйі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      12) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      13) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Академик Қ.И. Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық мұражайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      14) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Павлодар облыстық көркемсурет музейі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      15) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады