"Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 1018/2 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Х. А. Хабылбековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі А. Байханов

  Павлодар қаласы әкімдігінің
2022 жылғы "14" маусым
№ 1018/2 қаулысына
қосымша

"Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ) тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендердің шекаралары шегінде мемлекеттік бақылау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендердің шекаралары шегінде мемлекеттік қадағалау салаларында қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      5. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдерді және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерді қабылдайды.

      7. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері:

      Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25.

      9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

      мемлекеттік тілде "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде: Государственное учреждение "Отдел жилищной инспекции и коммунального хозяйства города Павлодара".

      10. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:

      дүйсенбі - жұма сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі, мереке күндері.

      11. Осы Ереже "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      13. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ кәсіпкерлік субъектілерімен "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органныңміндеттері мен өкілеттері

      14. Міндеттері:

      тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік бақылау;

      қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау;

      жетекшілік ететін салалар саласындағы мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру;

      Павлодар қаласында үздіксіз тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелерді қарау және шешу.

      15. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      жергілікті бюджет қаражаты болған кезде елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;

      жергілікті бюджет қаражаты болған кезде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің қаражатты қайтаруды қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлердегі лифтілерді жөндеу мен ауыстыруды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;

      жергілікті бюджет қаражаты болған кезде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің қаражатты қайтаруды қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;

      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің тізбесін, кезеңдері мен кезектілігін айқындауға;

      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын келісуге;

      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысуға құқылы.

      2) міндеттері:

      көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкіне мемлекеттік техникалық тексеруді ұйымдастыру;

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларына сәйкес бұзушылықтарды жою жөнінде орындалуы міндетті Нұсқамалар (ұсынымдар) шығару;

      пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері өтініш жасаған кезде кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі есептің бар-жоғына тексеру жүргізу;

      пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқару нысанын сайлау рәсімін сақтауы, ағымдағы және жинақ шоттарын ашуы;

      пәтер иелерінің ортақ мүлкін, объектідегі тұрғын емес үй-жайды және көппәтерлі тұрғын үйге іргелес аумақтарды пайдалану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;

      көппәтерлі тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылуды, энергияны, газды және сумен жабдықтауды есепке алу аспаптарының болуы;

      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалау құжаттарына сәйкес оны күтіп-ұстау және жөндеу жөніндегі жұмыстарды уақтылы орындауына бақылау жасайды;

      көппәтерлі тұрғын үйді маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

      орындауға қабылданған шешімдерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқамаларды;

      жергілікті бюджет қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жобалау ұйымын айқындауға және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға конкурс өткізу;

      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына;

      елді мекен шекаралары шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларды газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады.

      "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады.

      "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ өзіне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес қауіпті техникалық құрылғылардың, атап айтқанда, 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен және (немесе) 115 цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін бу және су жылыту қазандықтарының (жылумен жабдықтау ұйымдары), 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифтілердің әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпсіз пайдаланылуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асырады.

      "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ қауіпті техникалық құрылғыларды, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады.

      "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ лауазымды тұлғалары тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендердің шекаралары шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендердің шекаралары шегінде қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру кезінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастыру арқылы өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді:

      мемлекеттік бақылау және мемлекеттік қадағалау объектілері мен субъектілері туралы ақпарат;

      тексерулер кестесі және олардың нәтижелері туралы;

      анықталған кемшіліктер туралы, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау туралы жасалған актілер мен шығарылған нұсқамалар туралы;

      елді мекен шегінде құрылған мүлік иелері бірлестігі мен жай серіктестіктердің тізілімін қалыптастыру және енгізу;

      қызметтік куәлікті көрсеткен кезде тексеру жүргізу кезінде тексерілетін объектіге барады;

      тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратады, тексеру нысанасына жататын құжаттардың түпнұсқаларымен танысады;

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер жүргізеді;

      тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмейді;

      тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етеді;

      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау тәртібінің бұзылуы туралы актілер жасайды;

      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті Нұсқамалар шығарады.

      "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін, көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесін күтіп-ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызметтер көрсету жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысады, сондай-ақ бақылаудағы объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе көппәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін басқаруды және күтіп-ұстауды жүзеге асыратын азаматтарға, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес келіп түскен жеке және заңды тұлғаларға өтініштері бойынша консультациялық көмек көрсетеді.

      "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Заңына сәйкес кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсынады.

      Кәсіпкерлік субъектілерін тексеру және профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, ал пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды тексеру Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

       Мемлекеттік органның құзыреті, өкілеттіктері, функциялары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, өзіне қатысты жоғары тұрған мемлекеттік орган қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді..

      16. Функциялары:

      тұрғын үй қорын басқару салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендердің шекаралары шегіндегі бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау;

      газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендердің шекаралары шегіндегі бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау;

      қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі елді мекендер шекарасы шегінде қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалау;

      тексерулер мен профилактикалық бақылау жүргізу;

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Газ және газбен жабдықтау туралы", "Азаматтық қорғау туралы" Заңдарына сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу;

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау;

      тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу нәтижелері бойынша кінәлі адамдарды әкімшілік жауаптылыққа тарту;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсынымдар) шығару;

      құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар бойынша әкімшілік істер қозғау;

      Павлодар қаласының аумағында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы субъектілер жол берген мемлекеттік нормативтер мен талаптардың (шарттардың, шектеулердің) бұзылу себептерін анықтау және талдау;

      елді мекен шегінде құрылған жай серіктестіктердің тізілімін қалыптастыру және енгізу;

      қаланың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын ұстау жұмыстарын ұйымдастыру;

      жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асырады;

      "110 Кв және одан төмен, 220 Кв және одан жоғары объектілер үшін қайталама (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру" мемлекеттік қызметін көрсету;

      сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау объектілерін жөндеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      жоспарлы жөндеу жұмыстарын, жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) келіседі;

      жер (құрылыс, жөндеу) жұмыстарын жүргізуге ордер беруді жүзеге асыру;

      тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы бюджеттік бағдарламалардың іс-шараларын әзірлеу;

      мемлекеттік сатып алу туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстар мен қызметтерді, тауарларды мемлекеттік сатып алуды дайындау және өткізу;

      "Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспорттарын беру" мемлекеттік қызметін көрсету.

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 298 (әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бөлігінде), 301 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу желілері бөлігінде), 301-2 (барлық қуаттағы қазандықтар және жылу желілері бөлігінде, 304, 305 (жылу желілері мен тұрмыстық және коммуналдық – тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтары бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөліктерінде) баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды .

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      17. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ басшылықты "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      18. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      19. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ бірінші басшысының өкілеттігі:

      "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

      шарттар жасайды;

      сенімхаттар береді;

      "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      банк шоттарын ашады;

      бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді, барлық қызметкерлер үшін міндетті;

      Павлодар қаласының әкімі тағайындайтын қызметкерлерден басқа, "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;

      өзінің орынбасарының (орынбасарларының) және "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберін айқындайды;

      "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ газ және газбен жабдықтау және өнеркәсіптік қауіпсіздік секторының лауазымды тұлғаларының жеке мөртаңбасы болады;

      оған заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті Қазақстан Республикасының атынан иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын дербес жүзеге асырады.

      22. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қарамағындағы ұйымның тізбесі:

      "Горкомхоз Модернизация жилья" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады