"Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі № 248/3 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақсу қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.А. Гайдаренкоға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Дүйсенбинов

  Ақсу қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 18 сәуірдегі
№ 248/3 қаулысына
1-қосымша

"Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ақсу өңірінің аумағында кәсіпкерлікті және туризмді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнеленген бар мөрлері және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жасайды.

      6. "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, оның мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Пушкин көшесі, 72.

      10. "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма, жұмыс уақыты 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

      11. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы – "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде – государственное учреждение "Отдел предпринимательства и туризма города Аксу".

      12. "Ақсу қаласы кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің атынан мемлекет болып табылады.

      13. Осы ереже "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше көзделмесе, онда алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен өкілеттіктері

      16. Міндеттер:

      1) ең төменгі тұтыну себетіне кіретін негізгі азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру бойынша меслекеттік саясатты іске асыру;

      2) шағын кәсіпкерлік үшін кадрларды даярлау жүйесін дамытуды жетілдіру;

      3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру.

      17. Өкілеттіктер:

      1) құқықтар:

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге материалдарды сұрату және алу;

      2) міндеттер:

      2.1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;

      2.2) азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімдерде азаматтардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шараларды қабылдау;

      2.3) "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесіне берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      2.4) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, сеніп берілген мемлекеттік меншікті қызметтік мақсаттарда ғана пайдалану.

      18. Фунциялар:

      1) кәсіпкерліктің дамуын талдауды және болжауды жүзеге асырады;

      2) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асырады;

      3) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасайды;

      4) шағын және орта кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құру мен дамыту;

      5) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;

      6) сараптамалық кеңестердің қызметін ұйымдастырады;

      7) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жергілікті деңгейде қамтамасыз етеді;

      8) өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      9) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

      10) банктермен мен қаржылық ұйымдармен басым салалар бойынша қаржыландыру және кредит беру жобалары мәселесі бойынша өзара әрекет етуді жүзеге асырады;

      11) бұқаралық ақпарат құралдарында кәсіпкерлік мәселелерін жариялауды қамтамасыз етеді;

      12) шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша Форумдарды, мәжілістерді және семинарларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;

      13) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті ақпаратты жинауды және өңдеуді жүзеге асырады;

      14) Форумдарға, мәжіліс-семинарларға, конференцияларға, "дөңгелек үстелдерге" қатысу, оның ішінде өткізу үшін ғылыми мекемелердің, ұжымдардың өкілдерін, ғалымдар мен мамандарды шақырады;

      15) қаржыландыру жоспарымен көзделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;

      16) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша уәкілетті және жоғары тұрған органмен өзара әрекет етуді қамтамасыз етеді;

      17) Ақсу өңірінің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;

      18) Ақсу өңірінің аумағында туризмді дамыту туралы ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны Ақсу қаласының әкімдігіне ұсынады;

      19) қалалық туристік ресурстарды қорғау бойынша шараларды әзірлейді және енгізеді;

      20) Ақсу өңірінің аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу бойынша қызметті үйлестіреді;

      21) балалар мен жасөспірімдер лагерлерінің, туристер бірлестігінің қызметіне және көркемөнер туризмін өздігінен дамытуға ықпал етеді;

      22) туристік қызметті жүзеге асыратын туристік әлеует, туризм объектілері мен тұлғалары туралы туристік ақпаратты ұсынады;

      23) Ақсу өңірінің аумағында туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізеді;

      24) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өкілеттіктер шегінде, өзге де функцияларды жүзеге асыру;

      25) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек бағалары мөлшерінің сақталуын, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалардың жасалуын бақылауды жүргізеді.

3-тарау. "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      19. "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесін басқару "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуы және өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін дербес жауапты болатын бірінші басшымен жүзеге асырылады.

      20. "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      21. "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) лауазымды тұлға болып табылады және "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен сенімхатсыз өзара қарым-қатынас жасайды.

      2) азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша шараларды қолданады.

      3) "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін айқындайды; 4) "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      6) іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік жоғарғы оқу орындарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың басқа да түрлері бойынша "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      7) "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұсынады;

      9) "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      10) мемлекеттік мекеменің перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      11) шарт жасасады;

      12) сенімхаттар береді;

      13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады;

      14) азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді;

      15) оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы ережемен және жергілікті атқарушы органмен жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асырады;

      "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастырушы тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлігі

      22. "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшау мүлігі болуы мүмкін.

      "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлігі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер ол заңнамамен өзгеше көзделмесе, "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағында ұйымдар жоқ.

  Ақсу қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 18 сәуірдегі
№ 248/3 қаулысына
2-қосымша

Ақсу қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1) Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 17 қазандағы "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 712/10 қаулысы;

      2) Ақсу қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі "Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 17 қазандағы "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 712/10 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 254/2 қаулысы;

      3) Ақсу қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 14 қазандағы "Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 17 қазандағы "Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 712/10 қаулысына толықтыру енгізу туралы" № 680/16 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады