"Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 322/3 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Ақсу қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 12 мамырдағы "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 359/11 қаулысының күші жойылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.А. Гайдаренкоға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Дүйсенбинов

  Ақсу қаласы әкімдігінің
2022 жылғы "12" мамырдағы
№ 322/3 қаулысына
қосымша

"Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ақсу қаласының жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

      2. "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствосы жоқ.

      3. "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік мекемесінің заңды тұлғасы болып табылады,оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы жазылған мөртабандары,белгіленген үлгідегі бланкілері,Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6. "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Астана көшесі, 52.

      10. "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

      11. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде государственное учреждение "Отдел экономики и бюджетного планирования города Аксу".

      12. "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі атынан мемлекет болып табылады.

      13. Осы Ереже "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттер жүзеге асырылады.

      15. "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2 тарау. "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері

      16. Мақсаттары:

      1) "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ қызметін қамтамасыз ету, қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

      2) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың, экономикалық дамытудың, қазақстандық патриотизмнің конституциялық қағидаттарын іске асыруға, өңірдің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешуге ықпал жасау;

      3) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарларын дайындауға, Қазақстан Республикасының даму стратегиясына сәйкес әлеуметтік-экономикалық және әкімшілік реформаларын жүзеге асырудың тетіктері мен тәсілдерін жетілдіруге қатысу;

      4) орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынас жасау;

      5) қаланы басқару сызбасына сәйкес қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру болып табылады.

      17. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттар мен басқа материалдарды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сұрау және алу;

      2) міндеттері:

      "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарға құқығы бар:

      1) "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан және азаматтардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;

      2) "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Ақсу қаласы әкімдігінің және әкімінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің жобаларын әзірлейді, оларды Ақсу қаласы әкімдігінің және әкімінің қарауына ұсынады;

      3) "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін мемлекеттік органдарда, сотта қорғайды;

      4) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау.

      18. Функциялар:

      1) өңірдегі әлеуметтік–экономикалық ахуалға талдау жүргізеді;

      2) Ақсу қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған өңірлік бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;

      3) Ақсу қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша басымдықтарды қалыптастыру және баяндамалар дайындау;

      4) Ақсу қаласының әлеуметтік-экономикалық паспортын әзірлеу;

      5) Ақсу қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын рейтингтік бағалау көрсеткіштерінің мониторингі;

      6) Ақсу қаласының әлеуметтік-экономикалық және индустриялық-инновациялық даму деңгейі мен динамикасы бойынша рейтингтік бағасын қалыптастыру үшін ақпарат дайындау;

      7) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігіне жалпы бағалау жүргізу;

      8) жоспарлы кезеңге арналған қалалық бюджеттің жобасын әзірлеу және тиісті қаржы жылына арналған қалалық бюджетті нақтылау, түзету бойынша ұсыныстар енгізу;

      9) бюджет мәселелері бойынша қалалық мәслихат сессияларының шешімдерін іске асыру туралы Ақсу қаласы әкімдігі қаулыларының жобаларын әзірлейді;

      10) қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективаға арналған қала бюджетінің кірістері бойынша ұсыныстар әзірлейді;

      11) қалалық бюджетке төлемдердің түсуін талдайды;

      12) ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласының мамандарына бюджеттік кредит және көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуға құжаттар қабылдауды жүргізіп, кейіннен комиссияның қарауына енгізеді;

      13) ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарына көтерме жәрдемақы төлеуді және бюджеттік кредиттер беруді жүзеге асырады;

      14) Ақсу қаласының инвестициялық жобаларына мониторинг және талдау жүргізеді;

      15) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді;

      16) қаржыландыру жоспарында көзделген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;

      17) бухгалтерлік есепті жүргізеді, қаржыландыру жоспарларын орындау процесінде туындайтын есептерді жүргізеді;

      18) келісім шарттарында мамандар қабылдаған әлеуметтік қолдау шараларының орындалуына талдау жүргізеді;

      19) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету;

      20) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3 тарау. "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      19. "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      20. "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақсу қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      21. "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктері мен міндеттерін айқындайды;

      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      4) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;

      6) "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      7) шарттар жасасады;

      8) сенімхаттар береді;

      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады;

      10) азаматтардың жеке қабылдауың жүзеге асырады;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен және жергілікті атқарушы органмен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      22. "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлім басшысы басқарады.

4 тарау. "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      23. "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      27. "Ақсу қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағында ұйымдар жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады