“Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің Ережеcін бекіту туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы № 387/3 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік мүлік туралы” Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі “Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы” № 590 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақсу қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Б. Зеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Дүйсенбинов

  Ақсу қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 26 мамырдағы
№ 387/3 қаулысына
1-қосымша

“Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесі Ақсу қаласының аумағында сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ведомствосы жоқ.

      3. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. “Ақсу қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік мекеменің заңды тұлғасы болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ және орыс тілдерінде атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.

      6. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынас тарапы болуға құқығы бар.

      7. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңда белгіленген тәртіпте “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да актілермен ресімделген шешімдерді қабылдайды.

      8. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. "Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Пушкин көшесі, 72/1.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 24.07.2023 № 602/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма, жұмыс уақыты сағат 9.00 ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

      11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы – “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде - государственное учреждение “Отдел архитектуры и градостроительства города Аксу”.

      12. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Ақсу қаласының әкімдігі атынан мемлекет болып табылады.

      13. Осы Ереже “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2-тарау. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері

      16. Мақсаттары:

      1) Ақсу қаласының аумағында сәулет және қала құрылысы қызметінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету;

      2) сәулет және қала құрылысы қызметі субъектілерінің қолданыстағы заңнамада белгіленген талаптарды сақтау.

      17. Өкілеттіктер:

      1) құқықтар:

      1.1)“Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан және азаматтардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;

      1.2) қала әкімдігі мен әкімінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ оларды Ақсу қаласы әкімдігі мен әкімінің қарауына ұсыну;

      1.3) Ақсу аймағының аумағында қолданылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мәселелер бойынша Ақсу қаласының әкімдігі мен әкіміне ұсыныстар енгізу;

      2) міндеттері:

      2.1.) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша заңнамалық актілердің, облыс және қала әкімдігі, әкімі актілерінің және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын сапалы орындау.

      2.2) “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      18.Функциялар:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қаланың Бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қалаға ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді сызбасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру қызметін үйлестіру;

      2) қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты әкімшілік аудандардың және серіктес елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын, қала құрылысын дамытудың кешенді сызбаларын әзірлеуді ұйымдастыру және қала мәслихатының мақұлдауына ұсыну болып табылады;

      3) қала құрылысы құжаттамасын, сондай-ақ қала аумағын абаттандыру және инженерлік қамтамасыз ету қағидаларын тиісті мәслихатқа бекіту ұсынымын дайындау;

      4) тұрғын үй қорын, өзге де ғимараттар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтау және күтіп-ұстау қағидаларын белгілеу бойынша қалалық мәслихатқа ұсыныстар енгізуге құжаттар дайындау;

      5) құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;

      6) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіпте ақпарат және (немесе) мәліметтер ұсыну;

      7) қала және қала маңы аймағының қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын бекіту және іске асыру;

      8) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау үшін құжаттар дайындау;

      9) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылыстарды (объектілерді) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау үшін құжаттар дайындау;

      10) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;

      11) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін сақтауды және олардың нормативтік күтіп-ұсталуына (пайдаланылуына, қолданылуына) бақылау жүргізуді ұйымдастыру;

      12) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;

      13) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халыққа мынадай мемлекеттік қызметтер көрсету:

      Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау)жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;

      елді мекендерде құрылыс үшін жер учаскелерін беру;

      ҚР Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру;

      эскизді (эскиздік жобаны)келісу;

      объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу)жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру;

      үлескерлердің ақшасын тартуға шешім беру;

      "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірме беру";

      14) елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру;

      15) жарнама қызметі мәселелері бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғалардың және (немесе) оның филиалдары мен өкілдіктерінің өтініштерін қарау;

      16) Қазақстан Республикасының Жарнама туралы заңнамасының сақталуын өз құзыреті шегінде бақылауды жүзеге асыру;

      17) “Мекенжай тіркелімі” дерекқорының ақпараттық жүйесін толтыру;

      18) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу және сақтамау туралы деректерді тиісті мемлекеттік органдарға қала құрылысы тәртібін, қолданыстағы сәулет заңнамасын, құрылыс нормалары мен қағидаларын бұзуға кінәлі адамдарды заңнамада белгіленген тәртіпте сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жауапкершілікке тарту туралы ақпаратты ұсыну;

      18-1) жергілікті бюджетте қаражат болған кезде елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;

      18-2) үлескерлердің ақшасын заңсыз тарту фактілері анықталған кезде кінәлі адамдарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстеріне сәйкес "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзушылықтар анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғал.

      19) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 24.07.2023 № 602/6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. “Ақсу қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      19. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесін басшылықты “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      20. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындала және лауазымнан босатылады.

      21. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

      1) “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін және өкілеттіктерін белгілейді ;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады;

      3) “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, оларға материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін заңнамамен белгіленген тәртіпте шешеді;

      4) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдардмен “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз атынан өзара қарым-қатынас жасайды ;

      5) “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі”мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      6) азаматтардың жеке қабылдауын жүргізеді;

      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады;

      8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өкілетті шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкіліттіктерін атқаруды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесі заңнамамен қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында жекеленген мүлкі болуы мүмкін.

      “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесімен табысталған мүлік, сондай-ақ жеке қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.

      23. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер заңнамада өзгеше көзделмесе, өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де әдіспен иелік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      25. “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қайта ұйымдастырылады және таратылады.

      “Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі” мемлекеттік мекемесінің иелігінде ұйымдар жоқ.

  Ақсу қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 26 мамырдағы
№ 387/3 қаулысына
2-қосымша

Ақсу қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1) Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 613/9 "Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысы;

      2) Ақсу қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 577/14 қаулысы "Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 18 қыркүйектегі "Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 613/9 қаулысына өзгеріс енгізу туралы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады