Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 26 мамырдағы "Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" № 387/3 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесіндегі 9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. "Ақсу қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Пушкин көшесі, 72/1";
13 тармақшасы 18 тармақтың мынадай редакцияда жазылсын:
"13) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес халыққа мынадай мемлекеттік қызметтер көрсету:
Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау)жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну;
елді мекендерде құрылыс үшін жер учаскелерін беру;
ҚР Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру;
эскизді (эскиздік жобаны)келісу;
объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу)жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру;
үлескерлердің ақшасын тартуға шешім беру;
"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірме беру";
18-тармақ мынадай мазмұндағы 18-2-тармақшамен толықтырылсын:
"18-2) үлескерлердің ақшасын заңсыз тарту фактілері анықталған кезде кінәлі адамдарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстеріне сәйкес "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзушылықтар анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғал".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Б. Зеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Н. Дүйсенбинов |