"Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 20 шілдедегі № 545/5 қаулысы. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 23 қазандағы № 970/7 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 23.10.2023 № 970/7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 609/9 қаулысының күші жойылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Ж. Байбакировке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Дүйсенбинов

  Ақсу қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 20 шілдедегі
№ 545/5 қаулысына
қосымша

"Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ақсу қаласының аумағында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствосында "Павлодар облысы Ақсу қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы" ММ бар.

      3. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік мекеменің заңды тұлғасы болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Әлия Молдағұлова көшесі, 10.

      10. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма, жұмыс уақыты сағат 9.00 ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

      11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы – "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ города Аксу".

      12. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі атынан мемлекет болып табылады.

      13. Осы Ереже "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді "Ақсу қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері

      16. Мақсаттары:

      1) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында жеке және заңды тұлғаларға сапалы және уақтылы мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің жүйесін ұйымдастыру;

      2) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сапаның, сондай-ақ ережелер мен стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету;

      3) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша жұмыс нысандары мен әдістерін жетілдіру;

      4) жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты болжамдау;

      5) ішкі еңбек нарығын қорғау;

      6) өңірді жұмыссыздықтан қорғау бойынша әлеуметтік шараларды қамту, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға және оларды кәсіптік даярлауға жәрдемдесу;

      7) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында әлеуметтік әріптестікті дамыту;

      8) мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету және әлеуметтік қызмет көрсету;

      9) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау.

      17. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      1.1) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы проблемаларды жедел шешу және дамытудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды қала әкімдігі мен әкімінің қарауына енгізу;

      1.2) "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелері жөнінде мемлекеттік органдардан, сондай-ақ басқа ұйымдар мен азаматтардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;

      1.3) "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, өңірдегі ұқсас мемлекеттік органдарымен тәжірибе алмасу, жұмыс берушілермен әрекеттесу;

      1.4)мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттар мен басқа материалдарды Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сұрау және алу;

      2) міндеттері:

      2.1) Конституцияны және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;

      2.2) азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын сақтауды, заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, азаматтардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде қарастыру, олар бойынша қажетті шаралар қолдану;

      2.3) оларға берілген құқықтары шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      2.4) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, сеніп берілген мемлекеттік меншікті қызметтік мақсаттарға ғана пайдалану.

      2.5) "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін мемлекеттік органдарда, сотта қорғау;

      2.6) өз құзыреті шегінде келісім шарттар, келісімдер жасасу

      18. Функциялары:

      1) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша өңірлік бағдарламаларды әзірлеп, іске асыру;

      2) азаматтарды жұмысқа орналасу мүмкіндігі, ал жұмыс берушілерді жұмыс күшімен қамтылу мүмкіндігі туралы ақпараттандыру жұмыстарын үйлестіреді; бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс күшіне ұсыныс пен сұраныс туралы, өңірде жұмысқа орналасу және кәсіби бағдарлау мүмкіндіктері туралы ақпараттық материалдарды жариялау;

      3) өңірдегі еңбек нарығының ахуалын талдап болжамдау, бос жұмыс орындары есебін жүргізу;

      4) аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін көрсетуді жүзеге асырады, Ақсу қаласының мұқтаж санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу, әлеуметтік қызмет көрсету;

      5) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және оларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген (еңбек тылына қатысушылар, ақталған азаматтарға, қаза болған жауынгерлердің жесірлеріне, жалданбалы құрамның тұлғаларына, Ленинград блокадасының тұрғындарына, Ұлы Отан соғысында қаза болған мүгедектердің жесірлеріне, кәмелетке толмаған концлагерь тұтқындарына, соғыс жылдарында кем дегенде 6 ай жұмыс істеген тұлғаларға, ЧАЭС-дағы апатты жоюға қатысушыларға, басқа мемлекеттің аумағында жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушыларға) және де басқа тиісті әлеуметтік көмек көрсету үшін есеп жүргізу;

      6) біржолғы өтемақы тағайындау үшін Семей ядролық сынақ полигонының салдарынан зардап шеккен тұлғалардың құжаттарын тіркеуді және ресімдеуді, сондай-ақ куәлік беруді жүзеге асыру;

      7) кресло-арбамен, сурдо-тифлотехникалық құралдармен, протездік-ортопедиялық бұйымдармен, міндетті гигиеналық құралдармен, санаторлық-курорттық емделумен, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшімен, есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсынумен, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен, үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтамасыз етілуге мұқтаж мүгедектердің есебін құралдармен қамтамасыз етуге және қызмет алуға жәрдем көрсету үшін жүргізу;

      8) жұмысқа орналасуға, кәсіби оқуға және тиісті әлеуметтік көмек алу үшін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметі есебінде тұрған тұлғалардың есебін жүргізу;

      9) азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарастыру;

      10) аз қамтамасыз етілген отбасыларынан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектеп түлектеріне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына, сондай-ақ жолақыларына және жүріп-тұруларына әлеуметтік көмек тағайындауды іске асыру;

      11) өзге мемлекеттерден көшіп келген қандастардың есебін жүргізу, оларды қабылдау, орналастыру және бейімдеу іс-шараларын атқару;

      12) әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету ережелермен және мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандартардың мемлекеттік қызметтерді өңірлік деңгейде көрсету;

      13) "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және қала әкімі және әкімдігінің қарауына енгізу;

      14) "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметімен байланысты материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;

      15) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің азаматтық қызметшілерімен және техникалық қызмет көрсету қызметкерлерімен еңбек шарттарын ресімдейді;

      16) бухгалтерлік есепті, есептілікті және мемлекеттік сатып алуды жүргізуді жүзеге асырады, шоғырландырылған қаржылық есептілікті және қаржылық есептілікті жасау кезінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасында көзделген міндеттердің тиісінше орындалуына жауапты болады.

      17) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өкілеттіктер шегінде басқа да қызметтерді жүзеге асырады.

3-тарау. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      19. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болатын және оның өкілеттігін жүзеге асыруға бірінші басшы жүзеге асырады.

      20. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақсу қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      21. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі: 1) "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін белгілейді;

      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін кызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      4) өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;

      6) "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімдерінің Қағидалары мен қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      7) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларымен кеңестер өткізеді;

      8) "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзерлеуді қамтамасыз етеді;

      9) "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады;

      11) азаматтардың жеке қабылдауын өткізеді;

      12) ішкі еңбек тәртібін бекітеді.

      "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4-тарау. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірісті қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23."Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен пайдалануға құқығы жоқ.

5-тарау. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағында "Павлодар облысы Ақсу қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы" мемлекеттік мекемесі бар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады