"Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 23 қазандағы № 970/7 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 20 шілдедегі "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 545/5 қаулысының күші жойылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Дүйсенбинов

  Ақсу қаласы әкімдігінің
2023 жылғы 23 қазан
970/7 қаулысымен
бекітілген

"Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы Ережелер

      1. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ақсу қаласының аумағында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      5. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Әлия Молдағұлова көшесі, 10.

      9. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі: жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

      10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы мемлекеттік тілде – "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ города Аксу".

      11. Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі атынан мемлекет "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      12. Осы Ереже "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      13. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен, облыстық бюджеттен, республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      14. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен өкілеттіктері

      15. Міндеттері:

      1) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасы мен уақтылығына мониторинг жүйесін ұйымдастыру;

      2) әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде САПАНЫҢ, сондай-ақ Қағидалардың сақталуын қамтамасыз ету;

      3) жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысын болжау;

      4) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласында әлеуметтік әріптестікті дамыту;

      5) мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызмет көрсету;

      6) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау.

      16. Өкілдіктері:

      1) құқықтары:

      1.1) әкімдіктің және қала әкімінің қарауына дамудың негізгі бағыттары, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы проблемаларды жедел шешу жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      1.2) "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

      1.3) бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, өңірдің ұқсас мемлекеттік органдарымен жұмыс тәжірибесімен алмасуға, "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасауға;

      1.4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға құқылы;

      2) міндеттері:

      2.1) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасын сақтауға міндетті;

      2.2) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде азаматтардың өтініштерін қарауға, олар бойынша қажетті шаралар қабылдауға;

      2.3) өздеріне берілген құқықтар шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асыруға;

      2.4) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті тек қызметтік мақсатта пайдалануға;

      2.5) мемлекеттік органдарда, сотта "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіру;

      2.6) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу.

      17. Қызметтері:

      1) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаудың өңірлік бағдарламаларын іске асырады;

      2) жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдауды, болжауды жүзеге асырады;

      3) ұлттық жобалар, облыстың, қаланың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асырады;

      4) жұмыс орындарын босату және қысқарту мониторингін жүргізеді;

      5) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек ұтқырлығы орталықтарымен өзара іс-қимыл жасайды;

      6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетуді, Ақсу қаласы азаматтарының мұқтаж санаттарына әлеуметтік көмек тағайындауды және төлеуді, әлеуметтік қызмет көрсетуді жүзеге асырады;

      7) ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, тұрғын үйді меншікке сатып алу құқығын іске асыру үшін азаматтарға тұрғын үй сертификаттарын беруді жүзеге асырады.

      8) біржолғы өтемақы тағайындау және куәлік, куәліктің телнұсқасын беру үшін Семей ядролық сынақ полигонының әсерінен зардап шеккен адамдарды тіркеуді және құжаттарды ресімдеуді жүзеге асырады;

      9) еңбекші көшіп келушіге уақытша еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат беруді, ұзартуды және кері қайтарып алуды жүзеге асырады.

      10) азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарайды;

      11) облыстың жоғары оқу орындарында оқуға, сондай-ақ тұрмысы төмен отбасылардан шыққан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы білім беретін мектептердің түлектеріне тұруға және тұрғылықты жеріне жол жүруге әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асырады;

      12) басқа мемлекеттерден келген қандастардың есебін жүргізеді;

      13) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларына сәйкес өңірлік деңгейде халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

      14) "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және қала әкімінің қарауына енгізеді;

      15) "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметіне байланысты материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;

      16) Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің азаматтық қызметшілерімен және техникалық қызмет көрсету қызметкерлерімен еңбек шарттарын ресімдейді;

      17) бухгалтерлік есепті, есептілікті және мемлекеттік сатып алуды жүргізуді жүзеге асырады, шоғырландырылған қаржылық есептілік пен қаржылық есептілікті жасау кезінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында көзделген міндеттердің тиісінше орындалуына жауапты болады;

      18) қарттарға, мүгедек адамдарға, балаларға және 18 жастан асқан адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді;

      19) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өкілеттіктер шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Ардагерлермен және мүгедектігі бар адамдармен жұмыс жөніндегі сектор

      1) арнайы жүріп-тұру құралдарымен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен (сурдотехникалық, тифлотехникалық, міндетті гигиеналық құралдармен), протездік-ортопедиялық көмекпен, санаторлық-курорттық емдеумен, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етілуге мұқтаж мүгедек адамдардың медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) және үйде күтім жасау жағдайында есту қабілеті нашар, арнаулы әлеуметтік қызметтері бар адамдарды, құралдармен қамтамасыз етуге және қызметтер көрсетуге жәрдемдесу үшін, жүріп-тұруы қиын адамдар үшін ымдау тілі мамандарының есебін жүргізеді;

      1) арнайы көлік құралдарымен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен (аудиотехникалық, тифлотехникалық, міндетті гигиеналық құралдармен), протездік-ортопедиялық көмекпен, санаторлық-курорттық емдеумен, жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етілуге ​​мұқтаж мүгедектердің, қозғалуы қиын бірінші топтағы мүгедектердің, есту қабілеті шектеулі адамдарға ымдау тілі мамандарының, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) және үйде қызмет көрсету орындарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге, қаражат пен қызмет көрсетуге мұқтаж мүгедектердің есебін жүргізеді.

      2) азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарайды;

      3) мемлекеттік қызметтер саласындағы қолданыстағы заңнама шеңберінде сектордың құзыреті бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

      4) сектордың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және қалалық мәслихаттың, әкімдіктің және қала әкімінің қарауына енгізеді;

      5) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы қалалық қеңестің, ҰОС жылдарында кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдардың жұмыс өтілін белгілеу жөніндегі қалалық арнайы комиссияның, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі бөлімнің комиссиясының отырыстарын өткізу жөніндегі жұмысты жүргізеді, тапсырмалардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады;

      6) мүгедек адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері бойынша барлық меншік нысанындағы кәсіпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен өзара іс-қимыл жасайды;

      7) халықтың аз қозғалатын топтары үшін қаланың әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігіне мониторинг жүргізеді;

      8) мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларын орындау бойынша жұмыс жүргізеді;

      9) сектордың құзыреті бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, орындарға шыға отырып, түсіндіру іс-шараларын жүргізеді;

      Жұмыспен қамту секторы

      1) жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдауды, болжауды жүзеге асырады;

      2) ұлттық жобалар, облыстың, қаланың даму жоспарлары, өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асырады;

      3) қала ұйымдарында жұмыс орындарын босату және қысқарту мониторингін жүргізеді;

      4) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ету мақсатында қаланың Мансап орталығымен өзара іс-қимыл жасайды;

      5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар қатарынан өтініш білдірген азаматтардың және оларға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік көмек көрсету үшін пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардың есебін жүргізеді;

      6) азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарайды;

      7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қағидалары мен стандарттарына сәйкес "Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру, ұзарту және кері қайтарып алу", "Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру" мемлекеттік қызметтерін көрсетеді;

      8) "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және қала әкімінің қарауына енгізеді;

      9) "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметіне байланысты материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жариялайды;

      10) қала кәсіпорындарының, ұйымдары мен мекемелерінің жасалған Ұжымдық шарттарын тіркеу бойынша жұмыс жүргізеді;

      11) сектордың құзыреті бойынша меморандумдар жасасу мониторингін жүзеге асырады;

      12) халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері бойынша барлық меншік нысанындағы кәсіпорындармен, ұйымдармен және мекемелермен өзара іс-қимыл жасайды;

      13) әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның отырыстарын өткізу жөніндегі жұмысты жүргізеді, тапсырмалардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады;

      14) барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар басшыларына пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, мүгедектігі бар адамдарды және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру жөніндегі жұмыс орындарының квотасын орындау жөніндегі жұмыста жәрдемдесуді жүзеге асырады, квотаның орындалуына мониторингті жүзеге асырады;

      15) қылмыстық жазаларды және қылмыстық - құқықтық Ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі қалалық консультативтік-кеңесші органның отырыстарын өткізу жөніндегі жұмысты жүргізеді, тапсырмалардың орындалуына мониторингті жүзеге асырады;

      16) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өкілеттіктер шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Әлеуметтік көмек тағайындау секторы

      1) сектордың бюджеттік бағдарламалары бойынша ай сайынғы, тоқсан сайынғы есептерді уақтылы және сапалы тапсыру бойынша жұмыс жүргізеді, сектордың жұмысы туралы ақпарат дайындайды;

      2) сектордың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Бақылау құжаттарын, хаттамалық тапсырмаларды, азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерін орындау бойынша жұмыс жүргізеді;

      3) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтініштерін қарау жөніндегі арнайы комиссияның отырыстарын өткізу үшін материалдар дайындау бойынша жұмыс жүргізеді;

      4) аз қамтылған отбасылардан шыққан жалпы білім беретін мектептердің түлектеріне және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған адамдарға жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін әлеуметтік көмек тағайындау жөніндегі қалалық комиссияның отырыстарын өткізу үшін материалдар дайындау бойынша жұмыс жүргізеді;

      5) құзыретіне кіретін әлеуметтік көмектің барлық түрлерін көрсету мәселелері бойынша азаматтарға жергілікті жерлерде және ауылдық аймаққа барып консультация жүргізеді;

      6) сектордың мемлекеттік қызметтерін уақтылы және сапалы көрсету, "Е-собес", "Е-халық", "Е- әкімдік АЕМ" ААЖ базасын жүргізу бойынша жұмыс жүргізеді;

      7) Халықты әлеуметтік көмек көрсету Ережелері және сектордың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында және бөлімнің сайтында, әлеуметтік желілерде хабардар етуді жүргізеді;

      8) атаулы әлеуметтік көмекті әлеуетті алушылар бойынша деректерді өзектендіру бөлігінде "Отбасының цифрлық картасы" ААЖ жұмысын жүзеге асырады;

      9) "Documentologa" ЭҚАБЖ ААЖ-да жүргізу бөлігінде жұмысты жүзеге асырады.

      10) пилоттық жобаны іске асыру алгоритміне сәйкес әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу бөлігінде "Е-собес" жұмысын жүргізеді;

      11) атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуын және төленуін тексеру бөлігінде "Е-халық" ААЖ; АЕМ-де тұратын атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының деректерін келісу бөлігінде "Е-әкімдік" ААЖ жұмысын жүргізеді;

      12) Ақпараттық жүйелер мен ақпараттық ресурстарға (функциялар, логиндер, парольдер) қол жеткізуді ұсыну бөлігінде "қол жеткізуді бақылау және басқару жүйесі" ААЖ-да (СКУД) жұмыс жүргізеді;

      13) жоспарлауды, болжауды жүзеге асырады;

      14) құзыреті бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларына мониторингті және дайындауды жүзеге асырады;

      15) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Ашық НҚА порталында орналастырады, мынадай жұмыстарды жүргізеді: мемлекеттік органның интернет - порталына (МОИП), НҚА жобаларының бағыты бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамаға;

      16) сектордың құзыретіне кіретін әлеуметтік көмектің барлық түрлерін төлеуге бөлінген бюджет қаражатын мақсатты және тиімді игеру бойынша жұмыс жүргізеді;

      17) өз қызметінде әлеуметтік көмек тағайындау секторы (бұдан әрі - Сектор) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады;

      Тұрғын үй көмегін тағайындау секторы

      1) мемлекеттік қызметтер көрсетеді: Ақсу қаласының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін тағайындау және ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, меншікке тұрғын үй сатып алу құқығын іске асыру үшін азаматтарға тұрғын үй сертификаттарын беру. Мемлекеттік қызмет көрсетудің қолданыстағы стандарттарына сәйкес;

      2) Ақсу қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау төлеуді жүзеге асырады;

      3) құзыреті бойынша сектордың нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларын әзірлейді және қала мәслихатының қарауына енгізеді;

      4) секторға бөлінген бюджет қаражатының мақсатты және тиімді игерілуін бақылауды жүзеге асырады;

      5) сектордың құзыретіне жататын мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауаптар дайындайды;

      6) коммуналдық қызметтерді жеткізуші кәсіпорындар үшін, сондай – ақ байланыс қызметтеріне ақы төлеу бойынша тұрғын үй көмегін алушылардың тізілімдерін дайындауды жүзеге асырады;

      7) ай сайынғы және тоқсан сайынғы есептерді жоғары тұрған ұйымдарға тапсыруды жүзеге асырады;

      8) сектордың көрсетілетін қызметтері бойынша азаматтарға жергілікті жерлерде және қажет болған жағдайда шығумен консультация жүргізеді;

      9) бұқаралық ақпарат құралдарында және бөлімнің WEB-сайтында сектордың мемлекеттік қызмет көрсету ережелері мен тәртібі туралы халықты хабардар етеді;

      10) "Е – әкімдік" ААЖ базасын толтыру бойынша жұмыс жүргізеді;

      11) сектордың орындалған мемлекеттік қызметтері туралы апта сайынғы есепті дайындайды;

      Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері

      1) үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің Қағидаларына сәйкес үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді;

      2) жасы ұлғаюына байланысты дербес қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдарға, қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді;

      3) үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтаж көрсетілетін қызметтерді алушыларды анықтайды және олардың есебін жүргізеді;

      4) қызмет алушыларды үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшелеріне келіп түскен электрондық тіркеу журналына тіркейді;

      5) әрбір қызмет алушыға жеке жоспар әзірлейді;

      6) жеке жоспарға енгізілген іс-шаралардың сапалы орындалуына мониторингті жүзеге асырады;

      7) бөлімше қызметкерлерінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету көлемі мен сапасын және олардың қызмет алушылардың қажеттіліктеріне сәйкестігін бақылауды жүргізеді;

      8) белгіленген тәртіппен деректер базасын жүргізеді және ай сайынғы және тоқсан сайынғы есептерді ұсынады;

      9) талдау, жұмысты болжау жүргізеді, бөлімшелердің қызметін жақсарту жөнінде шаралар қабылданады;

      10) жүгінген адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;

      11) көрсетілетін қызметтерді алушыға Денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау органдары, заң қызметтері мамандарының және басқа да мамандардың консультациялар беруін қамтамасыз етеді;

      12) стационарлар, жартылай стационарлар, уақытша болу жағдайларында жұмыс істейтін мекемелерге немесе ұйымдарға, оңалту мекемелеріне немесе ұйымдарына мұқтаж адамдарды айқындауға жәрдем көрсетеді;

      13) бөлімшелердің қызмет алушыларына әлеуметтік қызмет көрсету мәселелерінде аумақтық денсаулық сақтау органдарымен және мекемелерімен, қайырымдылық және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      14) қайырымдылық көмек көрсету мақсатында Қызыл Жарты Ай және Қызыл Крест ұйымдарымен және басқа да қоғамдық ұйымдармен, кәсіпкерлік құрылымдармен ынтымақтасады;

      15) бөлімше қызметкерлерін оқытуды, тәжірибе алмасуды, олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

      16) азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарайды;

      17) қорғаншылық, қамқоршылық мәселелерін шешуге қатысады;

      18) Ақсу өңірінде тұратын мерейтойлардың тізімдерін бұқаралық ақпарат құралдарына ұсынады;

      19) "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметіне байланысты материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;

      20) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Мүгедек балаларға және 18 жастан асқан адамдарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі

      1) үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің Қағидаларына сәйкес үйде күтім жасау жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді;

      2) 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға, 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі тірек – қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға, психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедек адамдарға, бірінші, екінші топтағы адамдарға, жасы ұлғаюына байланысты дербес қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтерді қызмет алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып көрсетеді;

      3) үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтаж көрсетілетін қызметтерді алушыларды анықтайды және есепке алуды жүргізеді;

      4) қызмет алушыларды үйдегі әлеуметтік көмек бөлімшелеріне келіп түскен электрондық тіркеу журналына тіркейді;

      5) әрбір қызмет алушыға жеке жоспар әзірлейді;

      6) жеке жоспарға енгізілген іс-шаралардың сапалы орындалуына мониторингті жүзеге асырады;

      7) бөлімше қызметкерлерінің арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету көлемі мен сапасын және олардың қызмет алушылардың қажеттіліктеріне сәйкестігін бақылауды жүргізеді;

      8) деректер базасын жүргізеді және белгіленген тәртіппен ай сайынғы және тоқсан сайынғы есептерді ұсынады;

      9) талдау, жұмысты болжау жүргізеді, бөлімшелердің қызметін жақсарту жөнінде шаралар қабылданады;

      10) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жүгінген адамдарға консультациялық көмек көрсетеді;

      11) стационарлар, жартылай стационарлар, уақытша болу жағдайларында жұмыс істейтін мекемелерге немесе ұйымдарға, оңалту мекемелеріне немесе ұйымдарына мұқтаж адамдарды айқындауға жәрдемдеседі;

      12) бөлімшелердің қызмет алушыларына әлеуметтік қызмет көрсету мәселелерінде аумақтық денсаулық сақтау органдарымен және мекемелерімен, қайырымдылық және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      13) бөлімше қызметкерлерін оқытуды, тәжірибе алмасуды, олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;

      14) азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарайды;

      15) "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметіне байланысты материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды;

      16) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3-тарау. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      18. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      19. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ақсу қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктері мен міндеттерін айқындайды;

      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметшілердің қызметкерлерін, азаматтық қызметшілерді және "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің техникалық қызмет көрсету қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      4) "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нұсқаулар береді;

      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;

      6) "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, оның қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      7) ведомстволық бағынысты ұйымдар басшыларының қатысуымен кеңестер өткізеді;

      8) "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      9) "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      10) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасайды және ол үшін дербес жауапты болады;

      11) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      12) ішкі еңбек тәртібін бекітеді.

      "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4-тарау. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім" мемлекеттік мекеменің мүлкі

      21. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.

5-тарау. Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату

      24. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады