“Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 917/7 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік мүлік туралы” Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі “Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы” № 590 қаулысына сәйкес, қала әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері өзгертілсін.

      2. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      3. Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 16 қазандағы “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы” № 704/10 қаулысының күші жойылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.А. Гайдаренкоға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Дүйсенбинов

  Ақсу қаласы
әкімдігінің 2022 жылғы
11 қарашадағы № 917/7
қаулысына 1-қосымша

“Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

      1. Жалпы ережелер

      1. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі Ақсу қаласы аумағында жер қатынастарын реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратың Қазақстан Республикасы Ақсу қаласы әкімдігінің мемлекеттік органы болып табылады.

      2. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Өзінің мемлекеттік тілде атауы бар мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есеп-шоттары бар.

      5. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” " мемлекеттік мекемесі, егер оған Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкелеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық- құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар".

      7. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Пушкин көшесі, 72/1.

      10. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері сенбі, жексенбі.

      11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі және орыс тілінде: государственное учреждение “Отдел земельных отношений города Аксу”.

      12. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі атынан мемлекет болып табылады.

      13. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және “Мемлекеттік мүлік туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шыгыстар сметасынан) жүзеге асырылады".

      14. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс,егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

      2. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен өкілеттіктері

      15. Мақсаттары:

      1) жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      16. Өкілеттер:

      1) Құқықтары:

      - “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қойылган міндеттерді орындауға байланысты мәселелер ьойынша мемлекеттік органдардан және өзге ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды өтеусіз негізде сұрату және алу;

      - мемлекеттік органдарда, соттарда ““Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі мүддесін білдіру;

      -өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу.

      2) Міндеттері:

      - азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету,

      - өз қызметін Қазақстан Республикасының конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай- ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асыру,

      - жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру,

      - электрондық құжат айналымын тиімді пайдалану.

      17. Функциялары:

      1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      1-1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

      2-1) геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жария сервитуттарды белгілеу бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы ұсыныстарының және шешімдерінің жобаларын дайындау;

      3) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;

      4) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

      5) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

      6) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      7) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      8) жер сауда-саттығын (аукциондарын) жүргізуді ұйымдастыру;

      9) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;

      10) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер балансын жасау;

      11) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

      12) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;

      13) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      13-1) көзделген жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартын қайта ресімдеу;

      14) облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;

      15) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

      15-1) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;

      16) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

      17) жер-кадастрлық жоспарды бекіту жатады.

      3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттері

      18. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесіне басшылықты “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      19. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      20. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттікері;

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мамандарын, қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермеледі, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      3) бұйрықтар шығарады және “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерінің міндетті орындауы үшін өзінің құзырына жататын мәселелер бойынша нұсқаулар береді;

      4) “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда сенімхатсыз “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;

      6) Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      7). Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің перспективтік және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға орындайды.

      Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындайды.

      4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметті нәтежесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және бюджет заңнамасында және "Мемілекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер бюджет заңнамасында және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, "Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ

      5. Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      24. “Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі” мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады".

      "Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағында ұйымдар жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады