"Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 11 қарашадағы № 918/7 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. Мыналар:

      1) Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы "Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 878/12 қаулысының;

      2) Ақсу қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 17 маусымдағы "Ақсу қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы "Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 878/12 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 429/12 қаулысының күші жойылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н.Ж. Байбакировке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Н. Дүйсенбинов

  Ақсу қаласы
әкімдігінің 2022 жылғы
11 қарашадағы № 918/7
қаулысына 1-қосымша

“Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1- тарау. Жалпы ережелер

      1. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесі азаматтық хал актілерін тіркеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық түріндегі заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140100, Ақсу қаласы, Астана көшесі, 26.

      10. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: жұмыс күндері: дүйсенбі – жұма, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

      11. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение “Отдел регистрации актов гражданского состояния города Аксу”

      12. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімдігі атынан мемлекет болып табылады.

      13. Осы Ереже “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2- тарау. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен өкілеттіктері.

      16. Міндеттері:

      1) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру және іске асыру;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көрсетілген басқа да міндеттер.

      17. Өкілеттіктер:

      1) құқықтары:

      1.1) қала әкімдігі мен әкімінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеуге, сондай-ақ оларды қала әкімдігі мен әкімінің қарауына ұсынуға;

      2) міндеттері:

      2.1) “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесі осы Ережеде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға міндетті;

      2.2) азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүделерін сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде азаматтардың өтініштерін қарау, олар бойынша қажетті шаралар қолдану;

      2.3) өздеріне берілген құқықтар шегінде және қызметтік міндеттеріне сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      2.4) мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті тек қызметтік мақсатта пайдалану;

      2.5) "Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге.

      18. Функциялары:

      1) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру:

      - "бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу";

      - "неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу";

      - "азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру";

      - "атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу";

      - "азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру";

      - "қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістерді, толықтырулар мен түзетулерді енгізу";

      - "некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу";

      - "азаматтық хал актілері жазбаларын жою";

      2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша конференциялар, жиналыстар, семинарлар, конкурстар өткізу;

      4) азаматтық хал актілері жазбасының қағидаларын бұзу аясындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша құзыретке сәйкес әкімшілік іс жүргізу;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен көрсетілген басқа да өз құзіреті шеңберіндегі функциялары.

3- тарау. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      19. "Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      20. "Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      21. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктерін және міндеттерін белгілейді;

      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      4) өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесін ұсынады;

      6) “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзерлеуді қамтамасыз етеді;

      7) “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің перспективті және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауапты болады;

      9) азаматтардың жеке қабылдауын өткізеді.

      22. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4- тарау. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      23. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер (ақшалай кірісті қосқанда) есебінен қалыптастырылады.

      24. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.

5- тарау. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      27. “Ақсу қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдар жок.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады