"Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 482/6 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 1480/12 қаулысының күші жойылсын.

      3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Кантарбаев

  Екібастұз қаласы әкімдігінің
2022 жылғы "14" маусымдағы
№ 482/6 қаулысымен бекітілді

"Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі"мемлекеттік мекемесі Екібастұз қаласының аумағында ауыл шаруашылығын дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.

      3. Мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тiлдерінде жазылған мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Мемлекеттік мекемесі заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағыдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      8. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі"мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141208, Екібастұз қаласы, Энергетиков көшесі, 62-құрылыс.

      10. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      11. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Екібастұз қаласының әкімдігі болып табылады.

      12. Осы ереже мемлекеттік мекемесі құрылтай құжаты болып табылады.

      13. Мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      14. Мемлекеттік мекемесі кәсiпкерлiк субъектiлерiмен мемлекеттік мекемесі өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мақсаттары мен өкілеттіктері

      15. Мақсаттары:

      1) ауыл шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      2)аграрлық сектордың ұтымды және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      3) нарықты, нарықтық инфрақұрылымды реттеу тетіктерін құруға және барлық ауыл шаруашылық тауар өндірушілері үшін қажетті экономикалық жағдайлар жасауға ықпал ету;

      4) ауыл шаруашылығы секторын дамытудың тұжырымдамасын әзірлеу және іске асыру, қарқынын талдау, оның болашағын болжау және анықтау;

      5) ауыл шаруашылығы секторында басқарудың маркетингтік жүйесін енгізу;

      6) ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу нысандарын ұйымдастыру үшін оңтайлы жағдай тудыру;

      7) техникалық және энергетикалық қамтамасыз ету, химиялау және ауыл шаруашылығын жабдықтау, мелиорация, ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне сервистік қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және жұмысты үйлестіру;

      8) ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу салалары өнімдерінің сапалылығына, өсімдіктердің, тұқымдардың карантиніне, асыл тұқымдылықтың қадағалануына, сондай-ақ машиналар мен құрал-жабдықтардың техникалық жай-күйіне, кешенді мелиоративтік құрылыстарды, еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік қағидаларына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      9) ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілетті өнімін азық-түлік базарларында көтерме бағамен сату жүйесін құру және дамыту, оның жыл бойы жеткізілуін қамтамасыз ету.

      16. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      1-1) осы Ережемен қарастырылған өкілеттілікті іске асыру үшін заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттар, құжаттар мен өзге де материалдарды сұрату және алу;

      1-2) ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағдарламаларын әзірлеу және іске асыруға қатысу;

      1-3) ауыл шаруашылығы мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу;

      2) Міндеттері:

      2-1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес саладағы мамандардың мүдделерін қорғау;

      2-2) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;

      2-3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      17. Функциялары:

      1) ауыл шаруашылық құрылымдарының жылжуына мониторинг жүргізу және бақылауды жүзеге асыру, оларды құру және ұйымдастыру барысында барынша ыңғайлы жағдаймен қамтамасыз ету;

      2) өңірдің ауыл шаруашылығындағы өзін-өзі үнемі ақтамайтын шаруашылықтар мен кәсіпорындарды қаржылық-экономикалық сауықтыру (жақсарту) немесе тарату бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған бағдарламаларды орындау;

      3) меншік нысанындағы барлық шаруашылықтар мен Екібастұз өңірінің аграрлық секторындағы шаруашылық түрлері қызметінің ахуалына есеп жүргізуге, жедел, статистикалық және бухгалтерлік есептіліктің ұйымдастырылуы мен жетілдірілуіне ықпал ету;

      4) ауыл шаруашылығына қажетті тракторлар, комбайндар, автокөліктер, жабдықтар, ауыл шаруашылығына арналған машиналар, отын мен басқа да заңнамаға сәйкес материалды ресурстардың жобасын әзірлеу;

      5) ауыл шаруашылығының кадрлық әлеуетіне талдау жүргізу, оның мамандарға қажеттілігін болжау, кадрларды дайындау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша іс-шаралар әзірлеу, ауылдық округтердің әкімдерінің ұсыныстары бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдарының резервін құру, оларды оқыту және резервтердің жылжуына бақылау жасау;

      6) ауыл шаруашылығы жүйесіндегі заңды тұлғаларға азаматтық және еңбек құқығы мәселелерінде кеңес беру;

      7) ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінен субсидиялаудың келесі бағдарламалары бойынша өтінімдер қабылдау:

      мал шаруашылығы өнімділігі мен өнім сапасын арттыру;

      асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту;

      көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдардың құны;

      қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін, көкөніс дақылдары;

      тыңайтқыштарды (органикалықтарды қоспағанда) сатып алу шығындары;

      өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) мен биопрепараттар құны;

      тұқым шаруашылығын қолдау;

      8) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;

      9) тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру;

      10) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу;

      11) тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркелімдерді қоса алғанда, олардың тіркелімдерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарға жыл сайынғы арнайы мемлекеттік техникалық байқау өткізу;

      12) тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркелімдерді қоса алғанда, олардың тіркелімдерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың болмауы (болуы) туралы ақпарат беру;

      13) жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өндіретін өнім көлемін ұлғайту бойынша ұсыныстар әзірлеу, қаланы ауыл шаруашылығы өнімімен өзіндік қамтамасыз ету және іске асыру мүмкіндігі мен әлеуетнің тиімді пайдаланылуына ықпал ету;

      14) ауыл шаруашылығы өндірісін қаржылық қамтамасыз ету ресурстарының қажеттілігін анықтау және оларды қалыптастыру көздері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгізу;

      15) ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының экономикалық жағдайын қарастыру, олардың қаржылық тұрақтылығын арттыру бойынша шаралар жүйесін әзірлеу;

      16) ауыл шаруашылығының және қайта өңдеу өнеркәсібі мен саяжай бағбандарының келешектегі жоспарлары мен даму болжамын әзірлеуге қатысу және бірыңғай техникалық саясатты жүргізу;

      17) ауыл шаруашылығы саласындағы реформаларды жетілдіру және тереңдету, шаруашылық жүргізудің түрлі нысындарын дамыту;

      18) қала тұрғындарының мұқтаждығы мен сыртқы базарларға жеткізілетін тапсырыстарды қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылығы және балық өнімін өндіру мен қайта өңдеуді үдетуге ынталандыру бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру;

      19) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің мүдделерін қорғауға бағытталған қаржылық, несиелік және салық саясатын жүзеге асырып, ауыл шаруашылығының барлық салаларының қызметі үшін барынша жағдай тудыруды дамытуға ұсыныс жасау;

      20) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізу;

      21) Қазақстан Республикасының заңнамасымен "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асыру.

3-тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірнші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      18. Мемлекеттік мекемесі басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      19. Мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      20. Мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;

      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте қызметкерлерді мадақтайды және тәртіптік жаза қолданады;

      3) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      4) Мемлекеттік мекемесі мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда ұсынады;

      5) Мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қолдануға дербес жауап береді;

      6) Мемлекеттік мекемесімен төлем өткізу, соның ішінде ақша алушылардың тиісті шоттарына төлемдер өткізу бойынша қазынашылық органдармен тоқсан сайын салыстырып тексеруді қамтамасыз етеді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      21. Мемлекеттік мекеме мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және ұжымдық шартпен реттеледі.

      22. Мемлекеттік мекеме мен Екібастұз қаласы әкімдігі арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      23. Мемлекеттік мекеме мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

4-тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүлкі

      19. Мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшадай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату

      31. Мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады