"Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 485/6 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37- баптарына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 1485/12 қаулысының күші жойылсын.

      3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының әкімі А. Кантарбаев

  Екібастұз қаласы әкімдігінің
2022 жылғы "14" маусымдағы
№ 485/6 қаулысымен бекітілді

"Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1 - тарау. Жалпы ережелер

      1. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) Екібастұз қаласының құрылыс саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.

      3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.

      6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141208, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62 ғимарат.

      10. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      11. Екібастұз қаласының әкімдігі мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып табылады.

      12. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      13. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      14. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

      Егер мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2 - тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері

      15. Мақсаттары:

      1) барлық деңгейдегі бюджет есебінен қаржыландырылатын нысандардың құрылысы және қайта жарақтау үдерісін ұйымдастыру, бақылау және мониторинг жүргізу;

      2) барлық деңгейдегі бюджет есебінен қаржыландырылатын нысандардың құрылысы және қайта жарақтау сапасына бақылауды қамтамасыз ету;

      3) нысандардың құрылысына және қайта жарақтауына бюджеттерінің барлық деңгейлерінен бөлінген қаражатты толығымен игерілуін қаматамасыз ету;

      4) Екібастұз қаласының аумағы мен ауылдық аймағындағы құрылысты, қайта жарақтауды ұйымдастыру, мониторинг жүргізу, құрылысты үйлестіру мәселесінде көмек көрсету;

      5) Екібастұз қаласының аумағы мен ауылдық аймағындағы құрылысты, қайта жарақтауды ұйымдастыру, мониторинг жүргізу, үйлестіру мәселесінде мемлекеттік кепілдіктерді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қалалық деңгейде іске асыру;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де мақсаттарды жүзеге асыру.

      16. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      нысандардың құрылысы, қайта жарақтау мәселелері бойынша әдістемелік басшылық жасау және қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      қала әкімдігі мен әкімнің қарауына мемлекеттік мекеменің құзыретіне енетін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу;

      кәсіпорындардан, меншік нысанына қарамастан, ұйымдардан және мекемелерден (келісім бойынша) бөлімге жүктелген функцияларды орындауға қажетті мәліметтерді, анықтамаларды, құжаттар мен хабарландыруларды сұратуға және алу;

      мемлекеттік мекеменің функцияларына байланысты істер бойынша қуынушы, жауапкер және куәгер ретінде дербес және өкілі арқылы сотқа талап-арыз беру және қатысу;

      мемекеттік стандартарды бұзушылықтар мен бекітілген мемлекеттік стандардартарды бұзушылықтар мен бекітілген жобалардан ауытқулар анықталған кезде құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарады және материалдарды мемлекеттік сәулет-құрылыс бөліміне жолдайды;

      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      - бюджеттік жаспарлау құжаттарын әзірлеу, оның ішінде бюджеттік бағдарлмаларды әзірлеу;

      - облыстағы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарының жұмысына жәрдемдесу;

      - жергілікті бюджеттен, сондай ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінетін Республикалық бюджеттен қаржыландыратын объектілер мен кешендер құрылысының жобалау алдындағы және жобалау (жобалық-сметалық) құжаттамасын қарау және бекіту;

      - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      17. Функциялары:

      1) коммуналдық меншік, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени маңызы бар нысандардың құрылысы мен қайта жарақтауы бойынша тапсырыс беруші ретінде қатысу;

      2) нысандардың құрылысы мен қайта жарақтау бойынша мердігерлік жұмысын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар өткізу;

      3) нысандардың құрылысы мен қайта жарақтау бойынша мердігерлік жұмысын мемлекеттік сатып алу бойынша шарттарға отыру;

      4) барлық деңгейдегі бюджеттердің қаражаты есебінен нысандардың құрылыс мен қайта жарақтау бойынша тапсырыс беруші функцияларын атқару;

      5) бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаларға сәйкес құрылыс, қайта жаңарту жобаларын іске асыруды қадағалау;

      6) мемлекеттік мекеменің құзіретті бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу, қарау және орындалуын бақылау;

      7) құрлыс қызметі саласында мемлекеттік және меншік мүдделерді қорғау мәселелерінде Қазақстан Республикасының Құрлыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің аумақтық бөлімшілерімен өзара іс-қимыл жасау;

      8) Екібастұз қаласының аумағын дамыту жоспарының нысаналы индикаторларына, бағдарламалық құжаттардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу бойынша мониторингті жүзеге асыру;

      9) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты жұмыстарды жүзеге асыру;

      10) заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды орындау.

3 - тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      18. Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      20. Мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.

      21. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) қызметкерлердің міндеттері мен құзыретін анықтайды;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) заңнамамен белгіленген тәртіпте қызметкерлерін мадақтау, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      4) барлық қызметкерлеріне міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      5) мемлекеттік органдарда, соттарда басқа да ұйымдарда мемлекеттік органды ұсынады;

      6) мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттерге бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапты болады;

      7) қазынашылық органымен бірлесіп төлемдер бойынша, соның ішінде ақша алушылардың тиісті есеп шоттарына тоқсан сайын салыстырмалы тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді іске асырады.

      Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      22. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

      23. Мемлекеттік мекеменің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және ұжымдық шартпен реттеледі.

      24. Мемлекеттік мекеме мен Екібастұз қаласының әкімдігі арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      25. Мемлекеттік мекеме мен тиісті саласындағы уәкілетті органының арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

4 тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      26. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

      Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      27. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 -тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      29. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады