Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37- баптарына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Екібастұз қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылсын.
3. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі | А. Қантарбаев |
Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы "14" маусымдағы № 486/6 қаулысына 1-қосымша |
"Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) Екібастұз қаласында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және туризмді дамыту, қала аумағында кәсіпкерлік қызметті және инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдай жасау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.
3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141200, Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі, 62.
10. Мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма күндері сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.
11. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып Екібастұз қаласының әкімдігі табылады.
12. Осы Ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
13. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2- тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен өкілеттіктері
15. Міндеттері:
1) қаланың кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы және перспективалық міндеттерін шешуге бағытталған кәсіпкерлік, туризм, сауда және қызмет көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;
2) Екібастұз қаласының аумағында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдайлар жасау;
3) Екібастұз қаласының аумағында мемлекеттік сауда саясатын жүргізу;
4) шағын және орта бизнес субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру;
5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру;
6) ағымдағы инвестициялар мен іске асырылатын инвестициялық жобалардың мониторингі;
7) мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде инвестициялар тарту және жаңа өндірістер ашу үшін жағдайлар жасау;
8) тұтыну нарығына әсер ететін мемлекеттік және өзге де құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау қағидаттарын әзірлеу және енгізу болып табылады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді іске асыру.
16. Өкілеттіктер:
1) құқықтар:
1-1) мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындау үшін барлық меншік нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілерден (келісім бойынша), жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан ақпарат сұрату және алу;
1-2) мемлекеттік мекеменің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардағы және өзге де ұйымдардағы кеңестерге қатысу;
1-3) облыстық деңгейде шешілуі қамтамасыз етілетін міндеттерді іске асыруға байланысты ұсыныстарды облыстық мемлекеттік органдарға енгізу;
1-4) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы кәсіпорындарды тарта отырып, кеңестер, семинарлар шақыру;
1-5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
2) міндеттері:
2-1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға міндетті;
2-2) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың іске асырылуын қамтамасыз етуге міндетті;
2-3) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің семинарларда, курстарда және оқытудың басқа да түрлерінде біліктілігін ұдайы арттыруға міндетті;
2-4) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
2-5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
17. Функциялар:
1) шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға жәрдемдесу;
2) нарық конъюнктурасы мен тұтыну бағаларының серпінін жүйелі зерделеу, ақпарат жинау және сауда және көрсетілетін қызметтер саласындағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға талдау жүргізу;
3) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру;
4) Екібастұз қаласының аумағында кәсіпкерлік қызметті және инвестициялық ахуалды дамыту үшін жағдайлар жасау;
5) өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз ету болып табылады;
6) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;
7) жергілікті деңгейде Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
8) сараптама кеңестерінің қызметін ұйымдастыру;
9) өнеркәсіп және кәсіпкерлік салаларына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, инвестициялық және инновациялық жобалар тізбесіне ұсыныстар қалыптастыру;
10) бақылаушы органдармен өзара іс-қимыл жасау, сауда объектілері мен көрсетілетін қызметтердің құзыретіне сәйкес олардың қолданыстағы заңнаманың, сауда қағидаларының талаптарын сақтауы бойынша бірлескен мониторингтерге қатысу;
11) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
12) салтанатты, мерекелік, мерейтойлық және басқа да іс-шараларды өткізу күндері халыққа сауда қызметін көрсетуді қамтамасыз ету;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу;
14) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризм туралы ақпаратты жинауды, талдауды және ұсынуды жүзеге асыру;
15) Екібастұз қаласында туристік кластерді дамытуға жәрдемдесу;
16) көрме-жәрмеңкелік қызметті ұйымдастыруды жүзеге асыру;
17) шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін әзірлейді және Екібастұз қалалық мәслихатына бекітуге ұсынады. Шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларының негізінде әзірленеді;
18) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету;
19) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
3 -тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
18. Мемлекеттік мекемеге басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
20. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) қызметкерлердің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;;
2) заңнамаға сәйкес қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді көтермелеу, материалдық көмек көрсету және қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
4) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
5) мемлекеттік органдарда, соттарда және өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің атынан өкілдік етеді;;
6) мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау үшін дербес жауапты болады;
7) мемлекеттік мекеменің төлемдерін жүргізу бойынша қазынашылық органдарымен, оның ішінде ақша алушылардың тиісті шоттарына тоқсан сайын салыстырып тексеруді қамтамасыз етеді;
8) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етеді;
9) мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;;
10) қала әкімдігі мен әкімі актілерінің, оның тапсырмаларының, мемлекеттік мекеме құжаттарының орындалуын бақылау бойынша жұмысты үйлестіреді;
11) қала әкімі мен әкімдігі актілерінің жобаларын, сондай-ақ қала әкіміне жолданатын өзге де құжаттар мен материалдарды қала әкіміне қол қоюға және қарауға ұсынады;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметін шаруашылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұйымдармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасады;
14) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
21. Мемлекеттік мекеменің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен және ұжымдық шартпен реттеледі.
22. Мемлекеттік мекеме мен Екібастұз қаласы әкімдігі арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
23. Мемлекеттік мекеме мен тиісті саланың уәкілетті органы арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
4 - тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
24. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5 - тарау. "Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
27. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
"Екібастұз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы "14" маусымдағы № 486/6 қаулысына 2-қосымша |
Күші жойылуға жататын қаулылардың тізбесі
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 13 мамырдағы ""Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 515/5 қаулысы.
2. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы ""Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгеріс енгізу туралы" № 1510/12 қаулысы.
3. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 29 сәуірдегі ""Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" № 336/4 қаулысы.