Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 103 "Ақтоғай ауданының мемлекеттік мекемелері туралы кейбір ережелерді жаңа редакцияда бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 104 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 103 "Ақтоғай ауданының мемлекеттік мекемелері туралы жаңа редакциядағы кейбір ережелерді бекіту туралы" қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. "Ақтоғай ауданы қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдансын.

      3. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ереженің тіркеуші органда мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Арынов

  Ақтоғай ауданы
әкімдігінің 2022 жылғы
"12" мамыр № 104
қаулысымен бекітілді

"Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

      1. Жалпы ережелер

      1. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Ақтоғай ауданының коммуналдық меншікті басқару саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртаба, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Қаржы бөлім құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140200, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 75.

      10. Осы ереже Бөлім құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлім қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Бөлім заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      Ақтоғай ауданы әкімдігі атқарушы органдарының қызметін үйлестіру жолымен мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық және қаржы саясатты іске асыру;

      аудан бюджетінің атқарылуы, аудан бюджетінің атқарылуы бойынша бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу;

      мемлекеттік сатыпалулар бойынша мониторинг жүргізу;

      коммуналдық меншікті есептеу және қолдану тиімділігін арттыру

      14. Өкілеті:

      1) құқықтары

      аудан әкімдігі, әкімі және жоғары сатыдағы ұйымдардың қарастыруына Ақтоғай ауданының коммуналдық меншікті тиімді басқаруына және бюджетті атқаруды қамтамасыз ету саласындағы дамудың негізгі бағыттары, мәселелерді жедел шешу жөніндегі ұсыныстарды енгізу;

      заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдарынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;

      2) міндеттемелері

      "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша мәжілістерді өткізу;

      Аудан бюджетінің қаражатын тиімді пайдалануға бақылау жүргізу

      15. Функциялары:

      ауданның түсімдері бойынша бюджеттің атқарылуын жүзеге асырады;

      ауданның сратегиялық жоспарларын әзірлеу және жүзеге асыру бойынша атқарушы органдардың қызметінің үйлестірілуін жүзеге асырады;

      аудан бюджетінің атқарылуы бойынша бюджеттік есеп және есеп беру жүргізеді;

      бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілігінің қызметін үйлестіреді;

      аудандық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді, оның атқарылуы туралы есепті дайындайды;

      ауданның мемлекеттік мекемелерімен ақшалай қаражатты қолдану тиімділігін арттыру бойынша шараларды жүзеге асырады;

      жергілікті бюджетті атқару үрдісін жетілдіреді, бюджеттік бағдарламалау тәсілін, бюджеттік бағдарламаларды бағалау тиімділігін енгізеді;

      міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, жергілікті бюджеттің түсімдер мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды, бекітеді және жүргізеді;

      аудан бюджетінің атқарылуына әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады;

      аудандық бюджет қаражаттарының пайдаланылуына талдау жүргізеді;

      бюджеттік мониторингті жүзеге асырады;

      аудан әкімдігінің резервтегі қаражаттарының пайдаланылуына талдау және есеп жүргізеді;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамасын қолдану бойынша аудан әкімдігі атқарушы органдарының қызметін үйлестіреді;

      Бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша аудан әкіміне және аудан әкімдігінің отырыстарына материалдар дайындайды;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджетке түсімдердің уақытылы және толық есепке алуын қамтамасыз ету бойынша кешенді іс-шараларды өткізеді;

      өз құзыреті шегінде коммуналдық мүлікті басқару саласында құқықтық актілердің жобаларын белгіленген тәртіпте әзірлейді;

      Қазақстан Республикасының Үкіметімен айқындалатын тәртіпте мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізеді және мемлекеттік мүлік тізілімін пайдаланушыларға ақпарат ұсынады;

      аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асырады;

      жекешелендіруге жататын, аудандық комуналдық меншіктегі объектілердің тізімдерін бекіту жөніндегі аудан әкімдігі актілерінің жобаларын әзірлейді;

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурстарды өткізеді;

      аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға береді;

      аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалға (жалдауға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдердің жобаларын әзірлейді;

      мемлекеттік мүлікті бір түрінен екінші түріне беру бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;

      аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітеді;

      коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдени құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;

      сенімгерлік басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;

      аудандық коммуналдық мүліктің есебін ұйымдастырады, оны тиімді қолдануын қамтамасыз етеді;

      аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      аудан әкімдігінің акциясына тиесілі дивиденттердің толық және уақытылы төленуін, сонымен қатар жауапкершілігі шектеулі серіктестері арасында аудан әкімдігінің жарғылық капитал үлес бөлігін реттеуге бақылауды жүзеге асырады;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік құжаттарын қарауды қамтамасыз етеді;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. Бөлімге басшылықты, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. Бөлім бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.

      18. Бөлім бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.

      19. Бөлім бірінші басшысының өкілеттігі:

      мемлекеттік орган туралы үлгілік ережені аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      Бөлім барлық қызметкерлерінің орындауы үшін өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Бөлім қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      Бөлімнің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Бөлім мүддесін білдіреді;

      мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл, халық арасында сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық бақылау институтын енгізудің негізгі бағыттары бойынша жұмыс жүргізу және бұл үшін дербес жауапкершілік болады;

      өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасалады;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      Бөлім бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлім мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.

      21. Бөлім бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.

      5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады