"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ереженің негізінде Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 тамыздағы № 204 "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысы жойылсын.
3. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыға қолқойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Павлодар облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жолдауды қамтамасыз етсін;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Ақтоғай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына міндеттелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ. Арынов |
Ақтоғай ауданы әкімдігінің | |
2022 жылғы "17" мамыр | |
№ 120 қаулысымен | |
бекітілді |
"Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ереже
1. "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақтоғай ауданының аумағында мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Мемлекет Ақтоғай ауданының әкімдігі тұлғасында "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
4. "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық мемлекеттік мекеме нысанындағы заңды тұлға болып табылады, қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған басқа да актілермен ресімделетін шешім қабылдайды.
8. "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның мекенжайы: "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140200, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Әлин көшесі № 97.
10. Осы Ереже "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жергілікті бюджеттен іске асырылады. .
12. "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Аппараттың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым-қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер басқасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленбесе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мақсатары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) аудан аумағында мәдени-демалыс жұмысы, театр және музыка өнері, кітапхана ісі ұйымдары мен кәсіпорындарының қызметін қолдау және үйлестіру жолымен мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу;
3) ауданда тұратын халықтардың тарихи-мәдени мұраларын, рухани дәстүрлерін жандандыру, сақтау, дамыту және таратуды қамтамасыз ету;
4) Ақтоғай ауданында әлеуметтік саланың басым бағыттары анықталатын дене шынықтыру және спорт саласындағы тұрғындардың сұраныстары жөніндегі ақпараттарды жинау, талдау және өңдеуді жүзеге асыру;
5) Ақтоғай ауданында бұқаралық спортты және ұлтық спорт түрлерінің дамуын қамтамасыз ету;
6) Ақтоғай ауданы тұрғындарының салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау бойынша практикалық шараларды іске асыру;
7) материалдық-техникалық базаны дамыту және нығайту.
14. Өкілеттігі:
1) құқығы
1.1) аудан әкімдігінің атқарушы органдары мен өзге де ұйымдардың мәдениет және спорт саласындағы қолданыстағы заңнаманы қолдануы бойынша қызметті үйлестіру;
1.2) аудан әкімдігінің, әкімнің және жоғары тұрған ұйымдардың қарауына мәдениет және спорт саласындағы дамудың негізгі бағыттары, мәселелерді жедел шешу жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
1.3) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;
1.4) мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;
1.5) "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар өткізу;
1.6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыру.
"Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өкілеттікті орындау үшін ауданның өзге де атқарушы органдарымен және қарамағындағы ұйымдармен өзара әрекеттеседі.
2) міндеттер:
қолданыстағы заңнамаға сәйкес тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметтің және басқа да орталық атқарушы органдардың, облыс әкімінің және әкімдіктің, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау;
қолданыстағы заңнамамен қарастырылған басқа да міндеттерді іске асыру.
15. Функциялары:
1) мәдениет және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
2) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, байқаулар, фестивальдар мен конкурстар, сәндік-қолданбалы өнер көрмелерін өткізуді ұйымдастырады;
3) жергілікті маңызы бар тарихи, материалдық және рухани мәдени ескерткіштерді есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
4) спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамысыз етеді;
5) аудан аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабар алмасуын қарауды қамтамасыз етеді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетудің қол жетімділігін және сапалылығын қамтамасыз етеді;
8) бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс.
3-тарау. Мемлекеттік орган, ұжымдық органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі
16. "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
17. "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.
18. "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарлары жоқ.
19. "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттілігі:
1) "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты іске асырады;
2) "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыскерлерін және бағыныстағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерімен орындалуы міндетті өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
5) Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
6) Қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
8) "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
9) барлық мемлекеттік органдарда және жеке меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
10) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және бұл үшін дербес жауапкершілікте болады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ведомствалық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын көтермелеуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
12) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдерді жасайды;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4-тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
20. "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүліктен, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүліктен (ақшалай табысты қосқанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту
29. "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
30. "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қысқартылған (жойылған) кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.
Ведомстваның қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесі
31. "Ақтоғай ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағында келесі ұйымдар бар:
1) "Ақтоғай ауданының мәдениет және спорт бөлімінің Мәдениет үйі" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны;
2) "Ақтоғай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.