"Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 331/1 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 41-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Железин ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 17 ақпандағы "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 32/1 қаулысы жойылсын.

      3. "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      осы қаулыны ресми жариялауды және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      осы қаулыны Железин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Шайхимов

  Павлодар облысы
Железин ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "7" желтоқсандағы
№ 331/1 қаулысымен
бекітілді

"Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауымен мөр және мөртаңбалары, белгілі нысандағы бланкілер, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашалық органдардың шоттары бар.

      5. "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәкес осыған уәкілеттік берілген болса, Қзақастан Республикасы мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Мемлекет Железин ауданының әкімдігі тұлғасында "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      8. "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      9. "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес бекітіледі.

      10. "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 140400, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка ауылы, Квитков көшесі, 13.

      11. "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      12. Осы Ереже "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады

      13. Мемлекеттік органның толық атауы – "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      14. "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік мекеменің міндеттері мен өкілеттіктері

      16. "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы аудандық деңгейде жер қатынастарын реттеу саласында мемлекеттік саясатты жүргізуде, жер заңнамасының ережелерін қатаң сақтауда болып табылады.

      17. Міндеттер:

      1) жер қатынастарын реттеу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, жер заңнамасының ережелерін қатаң сақтау;

      2) жер телімдерінің бар болуы және оларды жер телімдерінің санаттары, меншік иелері бойынша бөлу, бұзылған жерлерді рекультивациялауды ұйымдастыру, құнарлы топырақтың алынуы және пайдаланылуы туралы жыл сайынғы аудандық есептерді жасау;

      3) жер қатынастары саласында мемлекеттің мүдделерін қоғау;

      4) ауданның атқарушы және өкілді органдарының қарауына әзірлеу, дайындау, енгізу және аудан шекаралары аясында, елді мекендердің жерлерін қоспағанда жер қатынастарын реттеу саласында аудан әкімдігі мен әкімі жобаларының орындалуын қамтамасыз ету;

      5) жерді тиімді пайдалану, топырақтың құнарлылығын арттыру, табиғатты қорғаудың басқа да шараларымен бірлесіп жер ресурстарын қорғау және олардың орындалуын қамтамасыз ету бойынша аудандық бағдарламалардың өкілетті органын бекітуге әзірлеу және ұсыну.

      18. Өкілеттіктер:

      1) Құқықтар:

      "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне жүктелген міндеттерді орындау және осы Ережеде көзделген өкілеттіктерді іске асыру үшін Қазақстан Республикасының жер және еңбек заңнамасында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен құқығы бар:

      1) мемлекеттік органдарда, сотта мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіру;

      2) "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша қажетті ақпарат пен материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;

      3) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Железин ауданы әкімдігінің және Әкімінің қарауына ұсыныстар енгізуге;

      4) мемлекеттік мекеменің қызмет саласына жататын жер қатынастары мәселелері бойынша қызметтік хат алмасуды жүргізу;

      5) қызметкерлер штатының және еңбекке ақы төлеу қорының белгіленген саны шегінде мемлекеттік мекеменің штат кестесін әзірлеуге міндетті;

      6) шарттар, келісімдер және өзге де заңды мәмілелер жасасуға;

      7) ауданның жер қатынастары бөліміне жолданған азаматтардың өтініштерінің орындалу мерзімі мен нәтижелеріне бақылауды жүзеге асыру.

      2. Міндеттер:

      1) өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтауға міндетті;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ Павлодар облысы әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;

      3) мемлекеттік органдарға ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындауға және ұсынуға міндетті;

      4) сот органдарында бөлімнің заңды мүдделерінің құқықтарын қорғауды жүзеге асыру;

      5) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға міндетті.

      19. Функциялары:

      1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      2) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3) ауданның жергілікті атқарушы органының жер телімдерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөнінде ұсыныстар мен шешімдерінің жобаларын әзірлеу;

      4) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты жер қойнауын пайдалану үшін жер телімдерін беру бойынша аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын әзірлеу;

      5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;

      6) жер телімдерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін анықтау;

      7) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

      8) жерлер мен бағдарламаларды аймақтарға бөлу жобаларын, ауданның жерлерін тиімді пайдалану бойынша жобалар мен сызбаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      9) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      10) жер сауда саттығын (аукциондар) өткізуді ұйымдастыру;

      11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын аудандық бағдарламаларды, жобалар мен схемалардың сараптама жүргізу;

      12) ауданы жерлерінің балансын құрастыру;

      13) жер телімдерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

      14) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттар беру;

      15) жер телімдерін сатып алу-сату шарттарын және жалға беру және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасау және жасалған шарттардың орындалуына бақылау жүргізу;

      16) Жер кодексінің 33-бабы 1-тармағы алтыншы бөлігінің 5-1) тармақшаларында көзделген жағдайда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын қайта ресімдеу;

      17) ауданның жергілікті атқарушы органдарына Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-бабына сәйкес барлау жұмыстарын жүргізу үшін жер телімдерін пайдалануға рұқсат беру бойынша ұсыныстар дайындау;

      18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру бойынша ұсыныстар дайындау;

      19) жерді сақтық қорда сақтау бойынша ұсыныстар дайындау;

      20) қолданыстағы жер заңнамасына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштерін қарау;

      21) жер-кадастрлық жоспарды бекіту.

      22) жер учаскелерін жалдау құқығын сатып алу есебін жүргізу;

      23) құзыреті шегінде аудандық мәслихат сессиялары шешімдерінің, аудан әкімдігі қаулыларының, аудан жер комиссияларының дербес құрамын бекіту бойынша әкім өкімдерінің жобаларын әзірлеу және басқа да мәселелер;

      24) ауылдық округ әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеу, ауданның жергілікті өкілді органына бекітуге енгізу;

      25) мемлекеттік қызмет көрсету;

      26) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      24) ауылдық округ әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеу, ауданның жергілікті өкілді органына бекітуге енгізу;

3-тарау. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      20. "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшылығы "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      21. "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес Железин ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      22. "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасары жоқ.

      23. "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеті:

      1) "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады және "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

      2) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, олардың міндеттерін анықтайды;

      3) "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің штаттық кестесін бекітеді;

      44) өз құзыретінің мәселелері бойынша бұйрықтар шығарады, сондай-ақ "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;

      5) "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда өкілдік етеді;

      6) атқарушылық және еңбек тәртібінің сақталуын, кадр қызметінің жұмысын және құжат айналымын ұйымдастыруды бақылайды;

      7) "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қамтамасыз ету және оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастырады;

      8) "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне іссапар, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, көтермелеу, үстеме ақы төлеу және сыйақы беру мәселелерін шешеді;

      9) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметі туралы" Заңында белгіленген тәртіппен "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

      10) "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бюджеттік өтінімін дайындауды қамтамасыз етеді;

      11) "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапты болады;

      12) "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      25. "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      26. "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңымен реттеледі.

      27. "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

4-тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

       28. "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      29. "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      30. Егер Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңымен өзгеше көзделмеген жағдайда, "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

      31. "Железин ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіме сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады