Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі "Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 109/3 қауылысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Шешім 29.12.2022 №372/12, Железин ауданының әкімдігі

      Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі "Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 109/3 қауылысына келесі толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген Ереженің 2- тарауының 13- тармағының 3) – тармақшасы келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры" ақпараттық жүйесінің ішкі порталы арқылы "Әскерге шақыруды кейінге қалдыруды ұсыну" және "Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату" мемлекеттік қызметін көрсетеді;

      әскери тiркелу мен әскери қызметке шақыру жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғаныс мәселелерi жөнiндегi iс-шаралардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi;

      мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары құрылмаған елді мекендерде дала өрттерін сөндірудің алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

      көрсетілген Ереженің 9)-тармақшасына 16-тармағының 3-тарауының толықтырылсын:

      "Мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болады".

      2. "Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдансын;

      осы қаулына Железин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғышқы ресми жариялған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Шайхимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады