"Тереңкөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі жөніндегі ережені бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 73/1 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тереңкөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі жөніндегі ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.

      2. "Тереңкөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      бір ай ішінде Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеу;

      осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберілсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Аудан әкімі А. Маңғұтов

  Тереңкөл ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 11 сәуірдегі
№ 73/1 қаулысымен
бекітілді

"Тереңкөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

      1. Жалпы ережелер

      1. "Тереңкөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі) Тереңкөл ауданының аумағында бюджеттік саясаттың, әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттарын әзірлеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің ведомстволары жоқ.

      3. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 140600, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы, Елгин көшесі, 172.

      10. Осы Ереже экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

      13. Мемлекет Тереңкөл ауданының әкімдігі тұлғасында экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің құрылтайшысы болып табылады.

      14. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте белгіленеді: сағат 9.00 – 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 – 14.30-ға дейін, аптасына бес жұмыс күн, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      2. "Тереңкөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты, қызметінің мәні, міндеттері және өкілеттіктері

      15. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын қалыптастыру, экономикалық және бюджеттік саясатын іске асыру мәселелері бойынша атқарушы органдарды үйлестіру, аудандық бюджеттің орта мерзімді кезеңге болжамды көрсеткіштерін жоспарлау экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі қызметінің мақсаты болып табылады.

      16. Экономикалық және бюджеттік жоспарлау мәселелеріндегі мемлекеттiк саясатты аудандық деңгейде жүзеге асыру экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі қызметінің мәні болып табылады.

      17. Міндеттері:

      1) бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      2) Тереңкөл ауданының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

      3) Тереңкөл ауданының келешектегі даму және мемлекеттік басқарма жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды қалыптастыру;

      4) Тереңкөл ауданының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жоспарлы кезеңге арналған жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдердің көлемдерін анықтау жөнінде ұсыныстарды әзірлеу;

      5) жоспарлы кезеңге арналған аудандық бюджеттің жобасын әзірлеу және тиісті қаржы жылына арналған бюджетті нақтылау, түзету жөнінде ұсыныстар енгізу.

      18. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      Тереңкөл ауданы әкімдігі мен әкімінің қарауына Тереңкөл ауданының әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары, басымдықтары мен стратегиялары жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың келісімі бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша ақпаратты белгіленген тәртіпте сұратуға және алуға;

      олардың басшыларының келісімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа атқарушы органдардың мамандарын жұмысқа тартуға;

      мемлекеттік органдарда, сотта экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің мүдделерін ұсынуға;

      өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасауға құқылы.

      2) Міндеттері:

      аудан экономикасының дамуына бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды әзірлеу;

      мемлекеттік жоспарлау жүйесін іске асыруды қамтамасыз ету;

      қажеттілігіне байланысты бюджеттік параметрлерді түзету.

      19. Функциялары:

      1) Тереңкөл ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау жүргізу;

      2) Тереңкөл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын қалыптастыру, Тереңкөл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша баяндамалар дайындау;

      3) бес жылдық кезеңге арналған Тереңкөл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлеу, түзету және оның іске асырылуын мониторингілеу;

      4) Тереңкөл ауданының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеуді, сондай-ақ келісуді әдістемелік басшылық ету, ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз ету;

      5) Тереңкөл ауданының әлеуметтік-экономикалық паспортын әзірлеу;

      6) облыстың даму бағдарламасын әзірлеу, түзету, мониторингілеу;

      7) жергілікті мемлекеттік басқару жүйесіне талдау жүргізу;

      8) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі қызметкерлері қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу;

      9) инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру, техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеу және түзету;

      10) жергілікті атқарушы органдармен, аумақтық мемлекеттік кірістер органдарымен (келісім бойынша) бірге жергілікті бюджет кірістерін болжауды жүзеге асыру;

      11) аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау;

      12) аудан бюджетін жоспарлауға әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

      13) құзыреті шегінде Тереңкөл ауданы әкімдігі қаулыларының жобаларын және аудандық мәслихат сессияларының аудандық бюджетті бекіту, аудандық бюджетті нақтылау және басқа да мәселелер туралы шешімдерін дайындау;

      14) бюджет мәселелері бойынша аудандық мәслихат сессияларының шешімдерін іске асыру туралы Тереңкөл ауданы әкімдігі қаулыларының жобаларын әзірлеу;

      15) ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну;

      16) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің мемлекеттік қызметшілерін кәсіби қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды, аттестаттауды ұйымдастыру;

      17) экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміндегі кадр жұмысының жай-күйін, кадрлармен қамтамасыз етілуін талдау;

      18) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі қызметкерлерінің мемлекеттік қызметке өтуіне байланысты мәселелерді шешу;

      19) экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара әрекет жасауды жүзеге асыру;

      20) Тереңкөл ауданы әкімдігі мен әкімінің тапсырмаларын, актілерін орындау және орындалуын ұйымдастыру;

      21) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланыс орнату және оны тұрақты дамыту;

      22) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі қызметінің жоспарларын әзірлеу;

      3. "Тереңкөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      20. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімін басқаруды басшы жүзеге асырады, ол экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      21. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      22. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының өкілеттігі:

      1) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      2) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің мүлкі мен қаражатына иелік етеді және істердің жай-күйіне дербес жауапты болады;

      3) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі қызметкерлерінің функционалдық міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      4) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      5) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза салады;

      6) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі бойынша бұйрықтар шығарады;

      7) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің құрылымдық бөлімшілерінің функцияларын айқындайды;

      8) барлық органдар мен ұйымдарда экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімін ұсынады;

      9) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңес шақырады;

      10) өз өкілеттігі шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға міндетті және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін дербес жауапты болады.

      23. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      24. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мен еңбек ұжымының арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

      25. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мен коммуналдық мүлікті басқару бойынша уәкілетті органының (аудан әкімдігінің атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      26. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мен тиісті саланың уәкілетті органының арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      4. "Тереңкөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      27. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      28. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне бекітілген мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.

      29. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

      5. "Тереңкөл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      30. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      31. Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің қарамағында ұйымдар жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады