"Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 1-03/8 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдансын;

      осы қаулыны Аққулы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Аққулы аудан әкімінің орынбасары А. Ж. Қасымоваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аққулы ауданының әкімі А. Балгабаев

  Аққулы ауданы
әкімдігінің 2022 жылғы
"25" қаңтардағы № 1-03/8
қаулысымен бекітілген

"Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ) Аққулы ауданының аумағында экономика және бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ ведомстволары жоқ.

      3. "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ азаматтық - құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда ол мемлекеттiң атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      8. "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140700, Аққулы ауданы, Аққулы ауылдық округі, Аққулы ауылы, Всеволод Иванов көшесі, 98 ғимарат.

      10. "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма сағат 9.00 - ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      11. Мемлекеттiк органның толық атауы мемлекеттік тілде – "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттiк мекемесi, орыс тілінде "Отдел экономики и бюджетного планирования района Аққулы" мемлекеттік мекемесі.

      12. Мемлекет Аққулы ауданы әкімдігі тұлғасында "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы Ереже "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ қызметiн каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда алынған кiрiс Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгеленбесе, мемлекеттік бюджетке жiберiледi.

2-тарау. "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ мақсаты, қызметінің нысанасы, міндеттері мен өкілеттіктері

      16. "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ мақсаты ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру, мемлекеттің экономикалық және бюджеттік саясатын іске асыру мәселелері бойынша атқарушы органдарды үйлестіру, орта мерзімді кезеңге арналған аудандық бюджет пен ауылдық округтер бюджетінің болжамды көрсеткіштерін жоспарлау болып табылады.

      17. "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ қызметінің нысанасы аудандық деңгейде экономикалық және бюджеттік жоспарлау мәселелерінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

      18. Міндеттері:

      1) Аққулы ауданының әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын қалыптастыру;

      2) Аққулы ауданының бюджеттік және инвестициялық саясатын қалыптастыру;

      3) ауданның жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімді құрылымын қалыптастыру;

      4) аймақтық дамыту саласындағы саясатты іске асыру.

      19. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      1) Аққулы ауданы әкімдігінің және әкімінің қарауына ұсыныстар енгізуге:

      Аққулы ауданының әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары, басымдықтары мен стратегиясы бойынша;

      жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдар бойынша өздері қабылдаған актілерге өзгерістер енгізу немесе Аққулы ауданының қолданыстағы даму стратегиясын іске асыруға кедергі келтіретін актілердің күшін жою туралы;

      2) "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен, лауазымды тұлғалармен және азаматтармен белгіленген тәртіппен ақпарат сұратуға және алуға;

      3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын орындау және қолдану жөніндегі тапсырмалар беруге;

      4) басшыларының келісімі бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын жұмысқа тарту;

      5) мемлекеттік органдарда, сотта "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ мүддесіні білдіруге;

      6) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасуға;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарына және нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қызметін жүзеге асыруға құқылы;

      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік есебін және қаржылық есептілігін жүргізу;

      3) нормативтік құқықтық актілерге сәйкес өзіне бекітілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті;

      4) мекеме қызметкерлерінің кепілді еңбек жағдайларын және әлеуметтік қорғау шараларын қамтамасыз етуге.

      20. Функциялары:

      1) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын қалыптастыру;

      2) бес жылдық мерзімге ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын нақтылау, жыл сайын әзірлеу, соның ішінде ауданның бюджеттік инвестияларының басымды тізімі мен бюджеттік параметрлері;

      3) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын, оның ішінде ауылдық округтер бюджеттерінің жобаларын әзірлеу бойынша ауданның атқарушы органдарының жұмысын үйлестіру, әдіснамалық сүйемелдеу;

      4) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тұрақты мониторинг жүргізу;

      5) аудан аумағын дамыту Бағдарламасын, оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, түзету, мониторингілеу;

      6) аудан аумақтарын дамыту Бағдарламаларын заңнамамен белгіленген тәртіпте қарастыру және келісу;

      7) қызметтің нәтижелігін бағалау қорытындысы негізінде облыстық уәкілетті органға хабарлама (қарсылықтар) дайындау;

      8) облыс әкімі мен аудан әкімімен келісілген кезекті қаржы жылына арналған меморандум мониторингі;

      9) жергілікті мемлекеттік органдардың құрылымдық және функционалдық шолулар жүргізуін ұйымдастыру:

      - өкілеттіктерді жіктеу бойынша жергілікті атқарушы органдарына ұсыныстар;

      - мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға беру;

      - жергілікті атқарушы органдарының оңтайлы штат санын анықтау;

      10) жергілікті атқарушы органдарының басқару кестесі мен құрылымы бойынша ұсыныстарды қалыптастыру;

      11) атқарушы органдардың қызметтік және кезекші көлігінің лимитін бөлу бойынша аудан әкімі өкімінің жобасын әзірлеу және келісу;

      12) ауданның басқару схемасын әзірлеу және бекіту;

      13) бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беруге ұсынылатын жергілікті атқарушы органдардың функцияларын түгендеу жөніндегі жұмыс комиссиясының құрамын бекіту бойынша аудан әкімі шешімінің жобасын әзірлеу және келісу;

      14) аудандық бюджеттік комиссиясының қызметін ұйымдастыру мен қамтамасыз ету;

      15) аудандық бюджет және ауылдық округтер бюджеттерінің бюджет процесін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      16) жергілікті бюджеттерге және ауылдық округтердің бюджеттеріне үш жылдық кезеңге арналған түсімдерді болжау;

      17) аудандық бюджеттік бағдарламалар және ауылдық округтердің бюджеттері, жоспарлы кезеңге арналған жаңа бастамаларға арналған лимиттер бойынша шығыстар лимиттерін айқындау және оларды әкімшілерге жеткізу;

      18) аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің және ауылдық округ әкімдіктерінің бюджеттік өтінімдерін қарау, олар бойынша қорытындылар дайындау;

      19) жоспарлы кезеңге арналған аудандық бюджет және ауылдық округтер бюджеттерінің жобасын әзірлеу және тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетті және ауылдық округтердің бюджетін нақтылау, түзету бойынша ұсыныстар енгізу;

      20) аудандық бюджет жобасын және ауылдық округтер бюджеттерінің жобасын (аудандық бюджетке және ауылдық округтердің бюджетіне өзгерістер) аудандық бюджет комиссиясының қарауына енгізу және оны қарау нәтижелері бойынша түзету;

      21) үш жылдық мерзімге жалпы сипаттағы трансферттер көлемін анықтау кезінде ауылдық округ бюджетінің болжамды параметрін есептеу;

      22) аудандық бюджетті және ауылдық округтердің бюджетін бекіту, көтерме жәрдемақы мөлшері және бюджеттік кредит туралы, аудандық бюджетті және ауылдық округтердің бюджеттерін нақтылау, өз құзыреті шегінде басқа да мәселелер туралы аудандық мәслихат сессияларының шешімдерін дайындау;

      23) аудандық және ауылдық округтердің бюджеттерін "Азаматтық бюджетті" әзірлеу және орналастыру;

      24) бюджет мәселелері бойынша аудандық мәслихат сессияларының шешімдерін іске асыру туралы аудан әкімдігінің қаулылар жобаларын әзірлеу, оның ішінде объектілер бөлінісінде инвестициялық жобаларды қоса алғанда, басым жергілікті бюджеттік инвестициялар тізбесін әзірлеу;

      25) бөлімнің құзыреттілігіне қатысты аудандық бюджет пен басқа да мәселелер бойынша баянат, түсіндірме хаттар, ақпараттық-сараптама құжаттары мен анықтамалар дайындау;

      26) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік инвестициялық жобаларының инвестициялық ұсыныстары бойынша экономикалық қорытындылар дайындау;

      27) мемлекеттің заңды тұлғалардағы жарғылық капиталында қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар мен жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларын, мемлекеттік-меншікті серіктестік жобаларын, соның ішінде концессиялық жобаларын бағалау мен мониторинг жасау;

      28) бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелеріне, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелеріне, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тұжырымдамалары мен конкурстық құжаттамасына және концессиялар саласындағы құжаттарға сараптама жүргізу үшін жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаны тарту;

      29) мемлекеттің заңды тұлғалар жарғылық капиталында қатысуы арқылы жоспарланатын бюджеттік инсвестициялық жобалар мен бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытындылар дайындау;

      30) іске асыруға жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін қалыптастыру;

      31) Павлодар облысының шекара маңындағы аудандарын дамыту бойынша іс - шаралар Жоспарын іске асыру туралы ақпараттарды дайындау, әзірлеу және түзету;

      32) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы "Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" № 990 қаулысына сәйкес, өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша ақпарат дайындау;

      33) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 қыркүйектегі "Ауылдық елді мекендерді айқындауға арналған өлшемшарттарды бекіту туралы" № 81 бұйрығына сәйкес перспективті кластерлерді айқындау әдістемесі бойынша тірек, спутниктік және шекара маңындағы ауылдық елді мекендердің тізбесін айқындау;

      34) мемлекеттік көрсетілген қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді және олар бойынша талап-наразылық жұмыстарын жүргізу;

      35) облыс әкімі, аудан әкімі тапсырмаларын орындау туралы (өз құзыреті шегінде) жинақ есептер мен ақпараттар дайындау;

      36) депутаттардың, аудандық мемлекеттік органдар мен аумақтық басқармалардың сұрау сауалдарына жауаптар (жауаптар жобаларын) дайындау (құзыреті шегінде);

      37) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды және қарауды, бөлім басшысының азаматтарды жеке қабылдауын өткізуді қамтамасыз етеді;

      38) "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, жүргізу және ұйымдастыру;

      39) "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ ақпараттық ресурстар жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету;

      40) "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ қолданыстағы заңнамасына сәйкес жылдық мемлекеттік сатып алу жоспарын әзірлеу және мемлекеттік сатып алулар бойынша есептіліктер жасау, мемлекеттік сатып алу үрдісін ұйымдастыру мен өткізу;

      41) "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ ұйымдастырушы әкімгер ретінде саналып, бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыру, оларды қалыптастыру, бюджеттік бағдарламалардың қаржыландыру жоспарын орындау;

      42) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3-тарау. "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      21. "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      22. "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      23. "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ бірінші басшысында орынбасарлар жоқ.

      24. "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ бiрiншi басшысының өкілеттіктері:

      1) аудан әкімдігінің бекітуіне "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ туралы Ережені және оған өзгерістер мен толықтыруларды енгізуін ұсынады;

      2) "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады, "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауаптылықта болады;

      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) Қазақстан Республикасы заңнамамен белгіленген тәртіпте "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ қызметкерлерін мадақтайды, материалдық көмек көрсетуді және оған тәртіптік жазалар қолданады;

      5) өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша нұсқаулықтар береді және бұйрықтар шығарады;

      6) "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      7) "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарда, сотта және меншік нысанына қарамастан басқа да ұйымдарда мүддесін ұсынады;

      8) мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің қатысуымен мәжілістер өткізеді;

      9) "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      10 "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ қызметкерлерін іссапарға жібереді;

      11) азаматтардың жеке қабылдауын жүзеге асырады;

      12) барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге ұйымдарда меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ мүддесін қорғау құқығына сенім хат береді;

      13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.

      "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ бiрiншi басшысы болмаған кезеңде, оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      25. "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) арасындағы қарым - қатынас қолданыстағы заңнамамен реттеледі.

      26. "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ тиісті саласының уәкілетті органы (жергілікті атқарушы органы) арасындағы қарым-қатынас қолданыстағы заңнамамен реттеледі.

      27. "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ еңбек ұжымы өзара қарым-қатынас мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

4-тарау. "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ мүлкi

      28. "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      29. "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншiкке жатады.

      30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ өзiне берілген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi, өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату

      31. "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      32. "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ қысқартылған кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғыннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.

      33. "Аққулы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ қарамағында ұйымдар жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады