"Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Аққулы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 1-03/9 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Аққулы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

      2. "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдансын;

      осы қаулыны Аққулы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Аққулы ауданы әкімінің орынбасары Р.С. Тастамбековке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аққулы ауданының әкімі А. Балгабаев

  Аққулы ауданы
әкімдігінің 2022 жылғы
"26" қаңтардағы
№ 1-03/9 қаулысымен
бекітілген

"Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ) Аққулы ауданының аумағында, кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылықты дамыту және туризм салаларын дамытуда басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ ведомстволары жоқ.

      3. "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Аққулы ауданы, 140700, Аққулы ауылы, Амангельды көшесі, 84 А ғимарат.

      10. "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.

      11. Мемлекеттік органның толық атауы: мемлекеттік тілде - Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тілде - государственное учреждение "Отдел предпринимательства и сельского хозяйства района Аққулы".

      12. Мемлекет Аққулы ауданының әкімдігі тұлғасында "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы ереже "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ кәсіпкерлік субъектілерімен "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ мақсаты, қызметінің нысанасы, міндеттері мен өкілеттіктері

      16. "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ мақсаты: ауданның кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын орындауды қамтамасыз ету, шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің мүддесін қорғауға бағытталған қаржы, несие, салық және туризм саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

      17. "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ қызметінің нысанасы: Аққулы ауданының аумағында кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылықты және туризм салаларын дамыту мәселелерінде мемлекеттік саясатты аудандық деңгейде жүзеге асыру болып табылады.

      18. Міндеттері:

      1) ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік салаларын дамытудың басымдық аймақтық бағдарламаларын әзірлеу, оларды іске асыруға қатысу;

      2) Аққулы ауданының аумағында кәсіпкерлік және ауыл шаруышылықты қызметті дамыту үшін жағдайлар жасау;

      3) мемлекеттік салалық (секторлық), аймақтық бағдарламаларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру және тұрғындар қажеттілігін қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылық өнімдерінің іске асырылуына жәрдемдесу;

      4) Аққулы ауданының аумағында мемлекеттік сауда саясатын жүргізу;

      5) Аққулы ауданының аумағында туризмді дамыту үшін жағдайлар жасау.

      19. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен лауазымды тұлғалармен және азаматтармен келісе отырып, белгіленген тәртіпте "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ алдында қойылған міндеттерді орындалумен байланысты ақпаратты сұрату және алу;

      жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тарту;

      "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ мүддесін барлық мемлекеттік органдарда, сотта өкілдік ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      2) міндеттері:

      әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасайды;

      өзінің құзыреттілігі шегінде келісімдерді, шарттарды жасасу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      20.Функциялары:

      1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруды жүзеге асыру;

      2) жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңесінің қызметін ұйымдастыру;

      3) жергілікті деңгейдегі жеке кәсіпкерлікті және шаруа қожалықтарын мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;

      4) кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыруға бағытталған шараларды қалыптастыру және іске асыру;

      5) шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін персонал мамандарын оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

      6) негізгі бағыттағы агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне және мемлекеттік агроөнеркәсіптік саясат тетігін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізу;

      7) агроөнеркәсіптік кешендер саласында және ауылдық аумақтарда жедел ақпараттар жиынтығын жүргізу;

      8) ауданда шығарылатын өнім түрлері бойынша өңірлік көрмелерді, жәрмеңкелерді ұйымдастыру және қатысу;

      9) мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру;

      10) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бойынша тұрғындарға ақпарат беру;

      11) асыл тұқымды мал шаруашылығын субсидиялауға тауар өндірушілерден келіп түскен өтінімдерді қабылдайды және салыстырып тексеруді жүзеге асырады;

      12) "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ бухгалтерлік есеп жүргізу;

      13) өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің және биопрепараттардың құнын субсидиялау қызметін көрсету;

      14) тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қызметін көрсету;

      15) басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қызметін көрсету;

      16) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімімен көзделген мемлекеттік қызметтерді көрсетеді;

      17) ауданда туризм кластерін дамытуға қатысу;

      18) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарларды асырау қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;

      19) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;

      20) ауданның аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

      21) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізіліміне енгізу үшін мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар) туралы деректерді (мәліметтерді) облыстық жергілікті атқарушы органға ұсыну;

      22) Аққулы ауданы әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      23) Аққулы ауданы әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларына сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      24) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген сыйақы мөлшерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

      25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3-тарау. "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      21. "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      22. "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      23. "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ бірінші басшысында орынбасарлар жоқ.

      24."Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) аудан әкімдігінің бекітуіне "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ туралы Ережені және оған өзгерістер мен толықтыруларды енгізуге ұсынады;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ қызметкерлерін мадақтайды, материалдық көмек көрсетеді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      4) "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті өз құзіретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      5) "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді және бекітеді;

      6) барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ мүддесін қорғайды;

      7) барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ мүддесін қорғау құқығына сенім хат береді;

      8) "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ қызметкерлерін іссапарға жібереді;

      9) азаматтардың жеке қабылдауын жүзеге асырады;

      10) "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;

      12) өз құзыретінің шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      25. "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ мен коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      26. "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ мен тиісті саласындағы уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      27. "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартпен белгіленеді.

4-тарау. "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ мүлкі

      28. "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай - ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Респубикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      29. "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату

      31. "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      32. "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ қысқартылған (таратылған) кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.

      33. "Аққулы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ қарамағында ұйым жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады