Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Аққулы аудандық мәслихатының 16.11.2023 № 52/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Аққулы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аққулы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 қазандағы "Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы" № 279/57 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6999 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Аққулы ауданының Аққулы ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу тәртібі осы шешімнің 1 - қосымшасын сәйкес бекітілсін";
көрсетілген шешімнің 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округі ауылының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес бекітілсін".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аққулы аудандық мәслихаттың хатшысы | К. Есимов |
Аққулы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 қарашадағы № 110/22 шешіміне 1 - қосымша |
Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі 1- тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округінің аумағындағы ауыл тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу тәртібін белгілейді.
2. Осы Тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық - шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Аққулы ауылдық округінің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны - ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Аққулы ауылдық округтің аумағы Аққулы ауылының көшелеріне бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында ауыл көшелерінен үш адамнан аспайтын жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастық жиналысының шақырылу уақыты, орны туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелері ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей құлағдар етілетін "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 39-3 - бабы 3-тармағының 4-3) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат немесе әлеуметтік желілер арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округінің әкімі тұрғылықты жері шегінде ұйымдастырады.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқарулар және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 1-тармағына сәйкес қатысуға құқығы бар тиісті көшенің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеуі жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны тиісті көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл көшелері тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Аққулы ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.
11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округі әкімінің аппаратына қағаз жеткізгіште беріледі.
Аққулы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 15 қарашадағы № 110/22 шешіміне 2 - қосымша |
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Аққулы ауданы Аққулы ауылдық округі ауылының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Р/с № | Ауылдың көше атаулары | Аққулы ауылының тұрғындары жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам) |
1 | Абай көшесі | 3 |
2 | Амангелды көшесі | 3 |
3 | Баймағамбетов көшесі | 1 |
4 | Әбілқайыр Баймолдин көшесі | 2 |
5 | Всеволод Иванов көшесі | 2 |
6 | Гагарин көшесі | 1 |
7 | Иса Байзақов көшесі | 1 |
8 | Жамбыл көшесі | 3 |
9 | Идрисханов көшесі | 2 |
10 | Қадырбаев көшесі | 1 |
11 | Қайырбай Абетов көшесі | 1 |
12 | Конституция көшесі | 1 |
13 | Космонавтов көшесі | 1 |
14 | Невель көшесі | 1 |
15 | Новая көшесі | 1 |
16 | Мелиораторов көшесі | 1 |
17 | Пушкин көшесі | 1 |
18 | Сембай Қалиев көшесі | 2 |
19 | Серік Хамзин көшесі | 3 |
20 | Тәніберген Шарапиденов көшесі | 3 |
21 | Ташимов көшесі | 3 |
22 | Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесі | 1 |
23 | Шоқан Уәлиханов көшесі | 2 |
24 | Ынтымақ көшесі | 1 |
25 | Ұлы Жеңіс көшесі | 1 |
26 | Киров көшесі | 1 |
27 | Қабдыжапар Есімов көшесі | 1 |