"Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 67/4 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекітілсін.

      2. "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында лауазымды мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республиканың Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Успен ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Дычко

  Успен ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 05 сәуір
№ 67/4 қаулысымен
бекітілді

"Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауданда стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган болып табылады.

      2. "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарындағы шоттары бар.

      5. "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілер қабылдайды.

      8. "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: 141000, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылы, Терешкова көшесі, 29.

      10. Осы Ереже "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.

      11. "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2-тарау Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) экономика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) бюджеттік жоспарлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      3) өңірлерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

      14. Өкілеттіліктері:

      Құқықтар:

      1) ведомстволық бағыныстылығына және меншiк нысанына қарамастан аудан аумағында орналасқан мекемелерден, кәсiпорындар мен ұйымдардан, ауылдық округтер әкiмдерi аппаратынан белгiленген тәртiппен жүктелген мiндеттер мен функцияларды орындау үшiн қажеттi ақпаратты алуға;

      2) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға;

      3) аудан әкімдігіне әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;

      4) істерді зерделеу және әдістемелік көмек көрсету үшін басқа бөлімшелердің мамандарын тартуға;

      5) "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ құзыретіне жататын мемлекеттік қызметтер бөлігінде жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      6) әділет органдарында "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету.

      Міндеттері:

      1) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдарға ақпараттық-талдау материалдарын дайындайды және ұсынады;

      2) көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету;

      3) өз қызметін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асыру;

      4) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жоспарлау туралы заңнамасына сәйкес өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.

      15. Функциялары:

      1) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын әзірлеуге қатысу арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын облыс аумағында іске асыруға, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету және бақылау және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын болжау, өз құзыреті шегінде ұсыныстар әзірлеу қатысады;

      2) тиісті кезеңдегі облыс экономикасының жай-күйі туралы ақпаратты дайындау;

      3) мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды қалыптастыру;

      4) Облысты дамыту бағдарламасының Іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысу;

      5) Облысты дамыту бағдарламасының Іс-шаралар жоспарына мониторинг жүргізу;

      6) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі;

      7) аудандық бюджет комиссиясының жұмыс органы болып табылады;

      8) бюджет заңнамасының рәсімдері шеңберінде бюджет комиссиясының қызметін қамтамасыз етеді;

      9) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттерін, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары негізінде жаңа бастамалар үшін лимиттерді, жоспарлы кезеңге арналған аудандық бюджет тапшылығының мөлшерін айқындау;

      10) аудандық бюджеттен және 4-деңгейдегі бюджет есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін және бюджеттік бағдарламаларын олардың бюджеттік және өзге де заңнамаға сәйкестігін қарау, бюджеттік өтінімдер бойынша қорытынды қалыптастыру және оларды қарау үшін аудандық бюджеттік комиссияғажолдау;

      11) орта мерзімді кезеңге жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді болжау;

      12) Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және Қазақстан Республикасының Даму бағдарламасы негізінде үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджетті және 4-ші деңгейдегі бюджетті қалыптастыру;

      13) тиісті қаржы жылына арналған бюджеттерді нақтылау, түзету, ауданның бюджет комиссиясының қарауына тиісті құжаттарды қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізу;

      14) басым бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру;

      15) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қарау және олар бойынша экономикалық қорытындылар беру;

      16) жергілікті атқарушы органдар айқындайтын заңды тұлғалардың экономикалық сараптамасының қорытындысы негізінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері және республикалық бюджеттен кредиттер есебінен қаржыландыру жоспарланған жобалардың экономикалық қорытындыларын дайындау;

      17) жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларға экономикалық сараптаманы жүзеге асыру;

      18) бюджеттік жоспарлау процесін әдістемелік басқару;

      19) денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, кент, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу және тұру үшін келген мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету(көтеру жәрдемақысы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік несие түрінде);

      20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі бақылауды жүзеге асыру;

      21) бюджеттерден берілген кредиттер бойынша талаптардың есебін жүргізеді;

      22) азаматтар мен заңды тұлғалардың өтiнiштерiн белгiленген тәртiппен қарау;

      23) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды жүзеге асыру;

      24) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған органдарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      25) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоспарлау туралы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. Мемлекеттік органға басшылықты "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қолданыстағы заңнамаға сәйкес Успен ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарлары жоқ.

      19. "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) заңнамаға сәйкес және өз құзыреті шегінде "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      2) "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі"мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін айқындайды және лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      "3) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынаста "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;

      4) заңнамада белгіленген тәртіппен "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      5) өз құзыреті шегінде "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;

      6) "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарын бекітеді;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін еңбек заңнамаға сәйкес Бөлімнің мемлекеттік қызметшісіне жүктеледі.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздересебінен қалыптастырылады.

      21. "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі, егер заңмен бекітілмесе өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Успен ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады