"Успен ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 74/4 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес, Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Успен ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекітілсін.

      2. "Успен ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында лауазымды мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республиканың Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Павлодар облысы бойынша Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді қамтамасыз етсін;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Успен ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Дычко

  Успен ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 8 сәуір
№ 74/4 қаулысымен
бекітілді

"Успен ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Успен ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі -"Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ) бюджетті атқару, жергілікті бюджетті атқарылуы бойынша бухгалтерлік есеп және бюджеттік есептілікті жүргізу, коммуналдық мүлікке мемлекеттің меншік құқығын іске асыру, жекешелендіру және аудандық коммуналдық меншікті басқару салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ ведомстволары жоқ.

      3. "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілері туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ мемлекеттік мекеме ұйымдық -құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ азаматтық - құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Успен ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      8. "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 141000, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылы, Терешкова көшесі, 29.

      10. "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ-нің жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00 - ден 18.30 - ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 – ден 14.30 - ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.

      11. Заңды тұлғаның толық атауы: мемлекеттік тілде - "Успен ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел финансов Успенского района".

      12. Мемлекет Успен ауданы әкімдігі тұлғасында "Успен ауданының қаржы бөлім" ММ құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы ереже "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ кәсiпкерлiк субъектілерімен "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан шарттық қарым - қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда алынған кiрiс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жiберiледi.

2-тарау. "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ міндеттері мен өкілеттіліктері

      16. Мақсаты:

      1) Успен ауданының аумағында бюджетті орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      2) аудандық коммуналдық меншікті басқару;

      3) жергілікті бюджетті орындау бойынша бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізу болып табылады;

      4) аудан бюджетінің атқарылуының мониторингісін жүргізу, оның атқарылуы туралы есептілікті дайындау;

      5) Успен ауданында бюджетті атқару бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      6) Успен ауданының коммуналдық мемлекеттік меншігі жөнінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      7) Аудан аумағында мемлекеттік сатып алулар үдерісінің мониторингісін жүзеге асыру.

      17. Өкілеттіліктері:

      1. құқықтары:

      1) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың келісімі бойынша белгіленген тәртіпте "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ алдына қойылған міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу;

      2) "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ мүдделерін мемлекеттік органдарда, сотта өкілдік ету;

      3) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау;

      4) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тарту.

      2. Міндеттері:

      1) мемлекеттік мекеменің бухгалтерлік есебін және қаржылық есептілікті жүргізу;

      2) бөлім атында бекітілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;

      3) мекеме жұмыскерлерінің кепілдік жұмыс жағдайлары мен әлеуметтік қорғау шараларын қамтамасыз ету;

      18. Функциялары:

      1) Аудандық бюджеттің орындалуын талдау, аудандық бюджет жобасының негізгі көрсеткіштерін анықтайды;

      2) бюджетті орындау саласында әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

      3) жергілікті бюджеттің міндеттері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, төлемдер бойынша қаржыландыру мен түсімдердің жиынтық жоспарының жасалуын бекіту және оның жүргізуін құру;

      4) жылдық сомаларды қоса алғанда, міндеттер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, төлемдер бойынша қаржыландыру мен түсімдердің жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;

      5) бюджеттік мониторинг жүргізеді, бюджеттік мониторинг нәтижесі бойынша аудан бюджетінің орындалуы туралы аналитикалық есепті қалыптастырады;

      6) мемлекеттік органдардың бюджеттік қаражатын басқарудың тиімділігінің бағалауын жүзеге асырады;

      7) жергілікті бюджетті орындау туралы есеп жасайды;

      8) тауарларды (жұмыс, қызмет көрсету) іске асырудан ақшалай қаражаттың шығындары мен түсімдердің жоспарын орындау, аудан бюджеті бойынша қайырымдылық пен демеушілік көмектен түскен ақшалай қаражаттын шығындары мен түсімдері туралы есептерді жасайды;

      9) аудан бюджетінің кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы есептерді жасайды;

      10) жергілікті атқарушы органы резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімдігінің жобаларына қорытынды жасайды;

      11) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04.12. № 95-ІV Бюджеттік кодексіне сәйкес, жергілікті бюджеттен қарастырылған қаражат есебінен жергілікті атқарушы органның қарызын өтейді және қызмет көрсетеді;

      12) жергілікті атқарушы органның қаражатын пайдалануы бойынша есеп пен талдау жүргізеді;

      13) мемлекеттің қатысуымен коммуналдық заңды тұлға мен заңды тұлғаның реестрін жүргізуді қамтамасыз етеді;

      14) коммуналдық мүлік тізілімін түзетеді және толықтыруды қамтамасыз етеді;

      15) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      16) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субьектілерінің меншігіне кейінен сатып алу құқығымен немесе кейінен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалға (жолдауға), сенімгерлік басқаруға береді;

      17) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;

      18) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, мүліктік жалға (жолдауға), өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

      19) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процессін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру обьектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру обьектілерінің сатып алу - сату шарттарын әзірлеу мен жасалуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

3-тарау. "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      19. "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол "Успен ауданының қаржы бөлімі"ММ жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіліктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      20. "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ бірінші басшысы Қазақстан Республикасынның заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.

      21. "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.

      22. "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) Аудан әкімдігінің бекітуіне "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ туралы Ережесі және оған өзгерістер мен толықтыруларды енгізуін ұсынады;

      2) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23.11. № 414-V Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23.11. "Мемлекеттік қызмет туралы" № 416-V Заңына сәйкес "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ қызметкерлерін мадақтайды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      4) "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      5) барлық мемлекеттік органдарда, соттарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ мүддесін қорғайды;

      6) "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, өзге де мекемелерде бөлім мүдделерін білдіру құқығына сенімхаттарды береді;

      7) өз құзіретінің шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;

      8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

      "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін еңбек заңнамасына сәйкес Бөлімнің мемлекеттік қызметшісі жүзеге асырады.

      23. "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ мен коммуналдық мүлікті басқару уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

4-тарау. "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ мүлігі

      24. "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлігі болуы мүмкiн.

      "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ мүлігі оған меншік иесі берген мүлік, сондай - ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырлады.

      25. "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Успен ауданыныңқаржы бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      28. "Успен ауданының қаржы бөлімі" ММ таратылған (қысқартылған) кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.

      29. "Успен ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қарамағында ұйымдар жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады