"Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 7 маусымдағы № 125/6 қаулысы

      Қазақстан Республикасы әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" № 590 қаулысына сәйкес,Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме қамтамасыз етсін:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Павлодар облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жолдауды;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Успен ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Успен ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Дычко

  Успен ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 07 маусымдағы
№ 125/6 қаулысымен
бекітілді

"Успен ауданының ішкі саясат бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ) Успен ауданының аумағында ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Успен ауданының ішкі саясат бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Успен ауданының ішкі саясат бөлiмi" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Успен ауданының ішкі саясат бөлiмi" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Успен ауданының ішкі саясат бөлiмi" мемлекеттiк мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Успен ауданының ішкі саясат бөлiмi" мемлекеттік мекемесі, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Успен ауданының ішкі саясат бөлiмi" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен шешімдер қабылдайды.

      8. "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 141000, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Успен ауданы, Успен ауылы, Қазыбек би көшесi, 71.

      10. Осы Ереже "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Успен ауданының ішкі саясат бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Успен ауданының ішкі саясат бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Успен ауданының ішкі саясат бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Успен ауданының ішкі саясат бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің өкілеттілігі мен міндеті.

      13. Міндеті:

      1) Успен ауданы әкімдігінің атқарушы органдарының қызметін үйлестіру жолымен әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салаларда мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелерді, мемлекеттің ішкі саясатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, облыс, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын орындауды және іске асыруды қамтамасыз ету;

      3) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Қазақстанның Даму Стратегиясының негізгі басымдықтарын, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды және басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіру және насихаттау;

      4) ауданның атқарушы органдарымен, үкіметтік емес ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктерімен, саяси партияларымен қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша өзара әрекет жасау;

      5) Успен ауданында болып жатқан қоғамдық-саяси процестерді және олардың даму үрдістерін жан-жақты мониторинг жасау, болжау және объективті зерделеу жүйесін ұйымдастыру;

      6) Өз құзыреті шегінде Успен ауданының аумағында Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      7) аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру, оның жүзеге асырылуын бақылауды қамтамасыз ету;

      8) Қазақстан Республикасының "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы", "Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы", "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңдарын, азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді іске асыруды қамтамасыз ету;

      9) санкцияланбаған наразылық акцияларының профилактикасы және оларға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік және құқық қорғау органдары арасындағы өзара әрекеттестікті жүзеге асыру;

      10) Успен ауданындағы қоғамдық-саяси жағдайды болжауға бағытталған әлеуметтік және саяси зерттеулер жүргізу.

      14. Өкілеттілік

      1) Құқық:

      - аудан әкімдігінің, әкімнің және жоғары тұрған ұйымдардың қарауына дамудың негізгі бағыттарына, ішкі саясат саласындағы проблемаларды жедел шешу жөнінде ұсыныстар енгізуге;

      - заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;

      - "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер өткізу;

      - аудан әкімі мен әкімдіктің ішкі саясат саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындауға қатысу;

      - өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес бөлімнің қажеттілігіне тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді ұйымдастырылған конкурстар және сатып алу бойынша шарттар жасайды;

      - мемлекеттік органдарда, сотта "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ мүддесін ұсыну.

      2) Міндеттері:

      "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға консультативтік-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге де көмек көрсету;

      - бөлімнің құзыретіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру;

      - ішкі саясат саласындағы қолданыстағы заңнаманы қолдану бойынша аудан әкімдігінің атқарушы органдары мен өзге де ұйымдардың жұмысын үйлестіру;

      "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өкілеттіліктерін орындау үшін ауданның басқа атқарушы органдарымен және оның қарамағындағы ұйымдармен өзара әрекет жасайды.

      15. Мақсаттары:

      1) Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тапсырмаларының, облыс әкімі мен аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын ұйымдастыру;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларын, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін түсіндіру және насихаттау;

      3) жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және басқа да салалардағы қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      4) мемлекеттің ішкі саясаты мәселелері бойынша аудан әкімінің, ауылдық округ әкімдерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық-насихаттау жұмысының қызметі мен барысын үйлестіру және бақылау;

      5) аудан әкімдігінің, аудан әкімінің және оның орынбасарларының күнделікті қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді, олармен өзара іс-қимылды, Республика Президенті және Үкіметі жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты, аудандағы экономикалық және әлеуметтік жағдайды, мәселелерді шешу жолдарын түсіндіруді ұйымдастырады;

      6) Ішкі саясат саласындағы, этносаралық қатынастар, Қазақстан Республикасында адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және сақтау мәселелеріндегі мемлекеттік саясатты айқындайтын тұжырымдамаларды, бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аудандық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және оның жүзеге асырылуын бақылау;

      8) бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс;

      9) көрнекі үгіт құралдары мазмұнының Республиканың қолданыстағы заңнамасы мен саяси бағытына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;

      10) ақпараттық-насихаттау жұмысын қолданыстағы заңнамаға және республиканың саяси бағытына сәйкестігін үйлестіру;

      11) Успен ауданының мемлекеттік органдарымен қоғамдық-саяси тұрақтылықты, қоғамдық үрдістерді демократияландыруды және қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету бойынша өзара әрекет ету, ішкі саясат саласындағы заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілердің орындалуына мониторинг және талдау жасау;

      12) саяси партиялармен, ұлттық-мәдени бірлестіктермен, құқық қорғау, діни және өзге де қоғамдық ұйымдармен байланысты жүзеге асыру;

      13) ауданда ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси үдерістерді демократияландыруға бағытталған республикалық және өңірлік ғылыми-практикалық іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу;

      14) ауданда болып жатқан қоғамдық процестерді талдау және реттеу, аудандағы қоғамдық-саяси жағдайды болжауға бағытталған әлеуметтік зерттеулер жүргізу;

      15) ауданда жастар саясатын және патриоттық тәрбиені іске асыру бойынша жұмыстар жүргізу;

      16) Успен ауданының аумағында дінге қатысты мемлекеттің саясатын біртіндеп жүзеге асыру, діни бірлестіктердің қатынастарын реттеу саласындағы заңнаманы іске асыруды қамтамасыз ету;

      17) өңірдегі діни ахуалды зерделеу мен талдау жүргізу, ауданның терроризмге қарсы комиссиясының қызметін ұйымдастыру;

      18) ауданның қоғамдық-саяси, діни, жастар, үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктерінің ақпараттық дерекқорын қалыптастыру, жинақтау, қорыту және сыныптау жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;

      19) ауданның үкіметтік емес ұйымдарымен, этномәдени, діни қоғамдық бірлестіктерімен, кәсіптік одақтарымен үйлестіруді және өзара іс-әрекетті жүзеге асыру;

      20) ауданның этномәдени бірлестіктеріне ұйымдастырушылық, консультативтік-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету;

      21) этникалық топтардың, этномәдени бірлестіктердің және Қазақстан халқы Ассамблеясының мәдениетін насихаттау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      22) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін орналастыру мен пайдаланудың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігіне мониторингті жүзеге асыру;

      23) халықта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру жөніндегі жұмысты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу;

      24) аудандағы отбасылық-демографиялық ахуал мәселелері бойынша жұмысты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасындағы гендерлік және отбасылық-демографиялық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

      25) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды қамтамасыз ету;

      26) бюджетті, бухгалтерлік есепті және мемлекеттік сатып алуды жоспарлау және атқару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы нормаларының орындалуын қамтамасыз ету;

      27) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес бөлімнің қажеттілігіне тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және конкурстарды ұйымдастыру;

      28) жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу шарттарының орындалуын, мемлекеттік органға бөлінетін бюджет қаражатының игерілуін тұрақты бақылауды және мониторингілеуді қамтамасыз етеді;

      29) бюджеттік бағдарламаларды әзірлейді және мемлекеттік органның бюджеттік өтінімін жасайды;

      30) "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің кадр жұмысының жағдайын, кадрлармен қамтамасыз етілуін талдау;

      31) "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ қызмет жоспарларын әзірлеу;

      32) аудан әкімі аппаратының басқа бөлімшелерімен бірлесіп ішкі саясат бөлімінің құзыретіне кіретін ұйымдастыру-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау;

      33) "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Успен ауданы әкімдігі мен әкімінің актілерінің жобаларын дайындау;

      34) "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудан әкімдігінің отырыстарына және аудан әкімі жанындағы кеңестерге материалдар, талдамалық жазбалар, әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелері, ауданда болып жатқан әлеуметтік-саяси процестердің даму қарқыны мен үрдістері туралы ақпарат дайындау;

      35) аудан әкімдігінің жұмысына, мемлекеттік билік органдарының қызметі туралы, қоғамдық-саяси және экономикалық салалардағы ақпаратты тарату жүйесін жетілдіруге қатысу.

3. "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын Успен ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ басшысының орынбасарлары жоқ.

      19. "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі:

      1) Успен ауданының әкімдігіне мемлекеттік мекеме туралы Ережені бекітуге ұсынады;

      2) Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдарын, актілерін орындау бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      4) "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шараларды қабылдайды;

      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша міндеттерді орындау үшін жауапты;

      6) "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      7) мемлекеттік органдарда, өзге ұйымдарда "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттiк мекемесін ұсынады;

      8) заңнамамен белгіленген жағдайларда және шегінде мүлікке иелік етеді;

      9) сенімхаттар береді;

      10) "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің актілеріне қол қояды;

      11) "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;

      12) "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттiк мекемесі қызметкерлерiнің міндеттері мен құрылымдық бөлімшелердің функцияларын анықтайды;

      13) "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттiк мекемесінiң қызметкерлерiн көтермелеу шаралары мен тәртіптік жазаларды қолданады;

      14) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардң жеке қабылдауын жүзеге асырады;

      15) "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

      16) "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ перспективалық және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      17) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынысты ұйымның басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      18) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынысты ұйымның басшысын көтермелеуді, оған тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      19) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер және өзге де мәмілелер жасасады.

      20. "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ бірінші басшысы болмаған жағдайда оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      21. "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі және тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқару органы) арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      22. "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі және еңбек ұжымы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

4. "Успен ауданының ішкі саясат бөлiмi" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      23. "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.

      Мүлкі оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      25. "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Успен ауданының ішкі саясат бөлiмi" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.

      "Успен ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) Успен ауданының ішкі саясат бөлімінің "Жастар бастамаларын дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады