2023-2025 жылдарға арналған Ақжар ауданы Восход ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 29-4 шешімі.

      Ескерту. 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі - осы шешімнің 7-тармағымен.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-1, 75-баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2023-2025 жылдарға арналған Ақжар ауданының Восход ауылдық округінің бюджеті осы шешімге тиісінше 1, 2 қосымшаларға сәйкес, 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер – 138283,2 мың теңге:

      салықтық түсімдер – 8864,8 мың теңге;

      салықтық емес түсімдер – 17,2 мың теңге;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1052 мың теңге;

      трансферттер түсімі – 128349,2 мың теңге;

      2) шығындар – 140492,8 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, соның ішінде:

      бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

      бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:

      қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;

      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – -2209,6 мың теңге;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2209,6 мың теңге:

      қарыздар түсімі - 0 теңге;

      қарыздарды өтеу – 0 теңге;

      бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 2209,6 мың теңге.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 02.05.2023 № 3-4 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.08.2023 № 8-4 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.12.2023 № 12-4 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      2. 2023 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес мынадай салық түсімдері есебінен қалыптастырылатыны белгіленсін:

      1) ауылдың аумағында мемлекеттік кіріс органдарында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген:

      дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері;

      қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығы;

      2) ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

      3) ауылдың аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы;

      3-1) бірыңғай жер салығы;

      4) мыналардан:

      тұрғылықты жері ауылдың аумағындағы жеке тұлғалардан;

      өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері ауылдың аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралдары салығы;

      4-1) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;

      5) сыртқы (көрнекі) жарнаманы:

      ауылдағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте;

      ауылдық округтің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде;

      елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерде орналастырғаны үшін төлемақы.

      3. 2023 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің келесі салықтық емес түсімдер есебінен қалыптасуы белгіленсін:

      1) ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдар;

      2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары;

      3) ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістер:

      ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері;

      ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) заңды тұлғаларға қатысу үлестеріне кірістер;

      ауылдық округтің коммуналдық меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;

      ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін басқа да кірістер;

      4) ауылдық округ бюджетіне түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.

      4. Мыналар ауылдық округ бюджеттіне негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады:

      1) ауылдық округ бюджеттінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемеге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;

      2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;

      3) жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы.

      5. Аудандық бюджеттен берілетін трансферттер ауылдық округ бюджетіне түсетін трансферттер түсімдері болып табылады.

      6. 2023 жылға арналған ауылдық округ бюджетінде аудандық бюджеттен округ бюджетіне берілетін субвенция көлемі 41549 мың теңге сомасында көзделгендігі ескерілсін.

      6-1. Осы шешімге 4 қосымшаға сәйкес 2023 жылы 1 қаңтарда қалыптасқан бюджет қаражаттың бос қалдықтары есебінен және 2022 жылы аудандық, облыстық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару есебінен шығыстар көзделсін.

      Ауылдық бюджет қаржылық жыл басында қалыптасқан бюджеттік қаражаттың бос қалдықтарын аудандық, облыстық бюджеттен бөлінген пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару есебінен шығыстарын бөлу Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Восход ауылдық округі әкімінің "2023-2025 жылдарға арналған Ақжар ауданы Восход ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы" Ақжар аудандық мәслихатының шешімін іске асыру туралы шешімімен айқындалады.

      Ескерту. Шешім 6-1-тармақпен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 02.05.2023 № 3-4 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақжар аудандық мәслихат хатшысы А.Хоршат

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ақжар аудандық мәслихатының
  2022 жылғы "28" желтоқсандағы
  № 29-4 шешіміне 1- қосымша

Ақжар ауданы Восход ауылдық округінің 2023 жылға арналған бюджеті

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 02.05.2023 № 3-4 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.08.2023 № 8-4 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.12.2023 № 12-4 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

Санаты

Сыныбы

Кіші сыныбы

Атауы

Сомасы
мың теңге




І. Кірістер

138283,2

1



Салықтық түсімдер

8864,8


01


Табыс салығы

1480,4



2

Жеке табыс салығы

1480,4


04


Меншікке салынатын салықтар

7384,4



1

Мүлікке салынатын салықтар

35,3



3

Жер салығы

146,4



4

Көлiк құралдарына салынатын салық

1974,7



5

Бірыңғай жер салығы

5228

2



Салық емес түсімдер

17,2


06


Басқа да салықтық емес түсiмдер 

17,2



1

Басқа да салықтық емес түсiмдер 

17,2

3



Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

1052


03


Жерді және материалдық емес активтерді сату

1052



1

Жерді сату

1052

4



Трансферттердің түсімдері

128349,2


02


Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер

128349,2



3

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

128349,2

Атауы

Сомасы
мың теңге

Функционалдық топ


Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі



Бағдарлама




II. Шығыстар

140492,8

01



Жалпы сипаттағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

110936,1


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

110936,1



001

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

23412,9



022

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

723



032

Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары

86800,2

07



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

2658,1


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

2658,1



014

Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру

2369,1



008

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

289,0

8



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

15448,4


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

15448,4



006

Жергелікті деңгейде мәдени-жұмысын колдау

15448,4

13



Басқалар

11450


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

11450



040

Өңірлерді дамытудын 2025 жылға дейінгі бағдарламасы щеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру

11450

15



Трансферттер

11450


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

0,2



048

Пайдалынбаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару

0,2




ІІІ. Таза бюджеттік кредиттеу

0




ІV. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо

0




Қаржы активтерін сатып алу

0




Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0




V. Бюджет тапшылығы (профициті)

-2209,6




VІ. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

2209,6

08



Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары

2209,6


01


Бюджет қаражаты қалдықтары

2209,6



1

Бюджет қаражатының бос қалдықтары

2209,6

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ақжар аудандық мәслихатының
  2022 жылғы "28" желтоқсандағы
  № 29-4 шешіміне 2- қосымша

Ақжар ауданы Восход ауылдық округінің 2024 жылға арналған бюджеті

Санаты

Сыныбы

Кіші сыныбы

Атауы

Сомасы мың теңге




І.Кірістер

40968

1



Салықтық түсімдер

6786


04


Меншікке салынатын салықтар

6786



1

Мүлікке салынатын салықтар

206



3

Жер салығы

174



4

Көлiк құралдарына салынатын салық

1411



5

Бірыңғай жер салығы 

4995

2



Салық емес түсімдер

2


01


Мемлекеттік меншіктер түсетін кірістер

2



5

Мемлекеттік меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер

2

3



Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

3678


03


Жерді және материалдық емес активтерді сату

3678



1

Жерді сату

3678

4



Трансферттер түсімі

30502


02


Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер

30502



3

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

30502

Атауы

Сомасы мың теңге

Функционалдық топ


Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі



Бағдарлама




II. Шығыстар

40968

01



Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

22300


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

22300



001

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

22300

07



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

1823


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

1823



014

Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру

890



008

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

590



009

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

228



011

Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру

115

08



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

16845


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

16845



006

Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау

16845




ІІІ. Таза бюджеттік кредиттеу





ІV. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо

0




Қаржы активтерін сатып алу

0




Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0




V. Бюджет тапшылығы (профициті)

0




VІ. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

0

08



Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары

0


01


Бюджет қаражаты қалдықтары

0



1

Бюджет қаражатының бос қалдықтары

0

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ақжар аудандық мәслихатының
  2022 жылғы "28" желтоқсандағы
  № 29-4 шешіміне 3- қосымша

Ақжар ауданы Восход ауылдық округінің 2025 жылға арналған бюджеті

Санаты

Сыныбы

Кіші сыныбы

Атауы

Сомасы мың теңге




І.Кірістер

41909

1



Салықтық түсімдер

6786


04


Меншікке салынатын салықтар

6786



1

Мүлікке салынатын салықтар

206



3

Жер салығы

174



4

Көлiк құралдарына салынатын салық

1411



5

Бірыңғай жер салығы 

4995

2



Салық емес түсімдер

2


01


Мемлекеттік меншіктер түсетін кірістер

2



5

Мемлекеттік меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер

2

3



Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

3678


03


Жерді және материалдық емес активтерді сату

3678



1

Жерді сату

3678

4



Трансферттер түсімі

31443


02


Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер

31443



3

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

31443

Атауы

Сомасы мың теңге

Функционалдық топ


Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі



Бағдарлама




II. Шығыстар

41909

01



Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

22500


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

22500



001

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

22500

07



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

1950


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

1950



014

Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру

952



008

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

631



009

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

244



011

Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру

123

08



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

17459


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

17459



006

Жергілікті деңгейде мәдени-демалыс жұмысын қолдау

17459




ІІІ. Таза бюджеттік кредиттеу





ІV. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо

0




Қаржы активтерін сатып алу

0




Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер

0




V. Бюджет тапшылығы (профициті)

0




VІ. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

0

08



Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары

0


01


Бюджет қаражаты қалдықтары

0



1

Бюджет қаражатының бос қалдықтары

0

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Ақжар аудандық мәслихатының
  2022 жылғы 28 желтоқсандағы
  № 29-4 шешіміне
  4-қосымша

Қаржы жылының басында белгіленген 2023 жылға арналған бюджет қаражатының бос қалдықтарының сомаларын бөлу және 2022 жылы пайдаланылмаған (толық пойдаланылмаған) аудандық, облыстық бюджеттердің нысаналы трансферттерін қайтару

      Ескерту. Шешім 4 қосымшамен толықтырылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихатының 02.05.2023 № 3-4 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Санаты

Сыныбы

Кіші сыныбы

Атауы

Сомасы
мың теңге

8



Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары

2209,6


01


Бюджет қаражаты қалдықтары

2209,6



1

Бюджет қаражатының бос қалдықтары

2209,6

Функционалдық топ

Сомасы
мың теңге


Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі



Бағдарлама




II. Шығындар

2209,6

01



Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

800


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

800



022

"Мемлекеттік органның күрделі шығыстары"

800

13



Баскалар

1409,4


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

1409,4



040

Өңірлерді дамытудын 2025 жылға дейінгі бағдарламасы щеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру

1409,4

15



Трансферттер

0,2


124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

0,2



048

Пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару

0,2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады