"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № 114 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасында, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімі
С. Мұхамедиев

  БЕКІТІЛДІ
  Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің 2022 жылғы 13 мамырдағы
  № 114 қаулысымен

"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Экономика және қаржы бөлімі) экономикалық саясатты қалыптастыру мен дамыту, мемлекеттік жоспарлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның бюджетті атқару және коммуналдық меншікті басқару саласында мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Экономика және қаржы бөлімінің ведомстволары жоқ.

      3. Экономика және қаржы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Экономика және қаржы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Экономика және қаржы бөлімі, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Экономика және қаржы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен экономика және қаржы бөлімі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Экономика және қаржы бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 150400, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Абылай хан көшесі, 28.

      10. Осы ереже Экономика және қаржы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Экономика және қаржы бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Экономика және қаржы бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен экономика және қаржы бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер экономика және қаржы бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер аудандық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әкімдігі "Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

2-тарау. Экономика және қаржы бөлімінің міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру,

      2) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен өзара іс-қимылда бюджеттік инвестициялық саясатты қалыптастыру,

      3) аудан әкімінің және әкімдігінің тапсырмасы бойынша аса маңызды бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу, сондай-ақ атқарушы органдардың сыртқы экономикалық байланыстарды реттеу саласындағы қызметін үйлестіру,

      4) ауданның бюджет қаражатын және аудандық коммуналдық меншік объектілерін басқару;

      5) аудандық бюджеттің атқарылуы, бюджеттік есепке алу саласында салааралық үйлестіру және әдіснамалық басшылық жасау болып табылады.

      14. Өкілеттіктер:

      1) құқықтар:

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;

      мүліктік және мүліктік емес құқықтарды сатып алу және жүзеге асыру;

      өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу;

      2) міндеттері:

      экономика және қаржы бөліміне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындайды;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, аудан әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытында орындау;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау.

      15. Экономика және қаржы бөлімінің функциялары:

      1) бюджетке түсетін түсімдерді болжауға қатысу және мемлекеттік бюджетке түсетін кірістер саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын айқындау;

      2) заңнаманы қолдану практикасын талдау, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау, өз құзыреті шегінде аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік және нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу және дайындау (немесе қабылдау);

      3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

      4) мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың ережелеріне сәйкес кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асыру;

      5) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуге қатысу;

      6) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін талдау;

      7) ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары үшін жергілікті бюджет шығыстарының лимиттерін қалыптастыру, бюджет шығыстарының лимиттерін аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жеткізу;

      8) аудандық бюджетті әзірлеу және мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдармен келісу бойынша тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттар шешімдерін іске асыру туралы әкімдік қаулысын әзірлеу;

      10) жергілікті бюджетке түсетін түсімдер көлемін болжау;

      11) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың олардың қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қорғаныс, спорт, мәдениет және тілдерді дамыту, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары;

      мәселелері жөніндегі шығыстарына бюджеттік өтінімдерін қарау, бағалау және қорытынды дайындау

      12) басым жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін әзірлеу;

      13) бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) жоспарлау.

      14) аудан бюджетінің орындалуын ұйымдастыруға қатысу;

      15) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ауданның бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру бойынша бюджет ақшасын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау жөніндегі ақпаратты жасау және ұсыну.

      16) аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша есептілікті жасау және қаржы басқармасына, аудан әкімдігіне, облыстың тексеру комиссиясына, ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне есептер ұсыну.

      17) жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есептілікті жасау, қаржы басқармасына ұсыну;

      18) бюджеттік есепке алуды жүргізу;

      19) бюджет жүйесінде бюджеттік және бухгалтерлік есеп пен есептілікті дамытуға және жетілдіруге қатысу;

      20) аудандық бюджеттің міндеттемелері бойынша, төлемдер бойынша қаржыландыру және түсімдердің жиынтық жоспарларын бекіту және өзгерістер енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      21) жылдық сомаларды, қаржыландыру жоспарларын ай сайын бөлуді, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қаржыландыру жоспарларына енгізетін өзгерістердің негізділігін талдау және бағалау, қаржыландыру жоспарларының орындалмау себептерін анықтау, бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы есепті жасау арқылы бюджет қаражатын игерудің бюджеттік мониторингін жүзеге асыру;

      22) мемлекеттік мекемелердің тіркелген, орындалмаған және төленбеген міндеттемелерін талдау;

      23) аудан бойынша өткізілген мемлекеттік сатып алу есебін жасау;

      24) ауданда мемлекеттік сатып алуды өткізу мәселелері бойынша мониторингті жүзеге асыру;

      25) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның аумағында аудандық коммуналдық мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

      26) аудандық коммуналдық мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне, жеке меншіктен ауданның коммуналдық меншігіне қабылдап алу-беруді ресімдеу кезінде ауданның коммуналдық меншік құқығының туындауын, тоқтатылуын, ауысуын (оралымды басқару және тұрақты жер пайдалану құқығы) мемлекеттік тіркеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      27) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүлікті, олжаны, қараусыз қалған жануарларды есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастыру меншік, құрамында мәдени құндылықтарға жататын заттар жоқ салымдар үлесі;

      28) аудандық коммуналдық мүлікті облыстың коммуналдық мүлкі деңгейіне беру жөніндегі; облыстың, облыстық маңызы бар қаланың коммуналдық мүлкін аудандық коммуналдық мүлік деңгейіне қабылдау жөніндегі; аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру

      29) аудандық коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген негізгі құралдарды есептен шығаруды келісу;

      30) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңында белгіленген жағдайларда және тәртіппен ғимараттардың, құрылыстардың және өзге де жылжымайтын мүліктің аудандық коммуналдық мүлік құрамында болуы туралы құжаттарды дайындау;

      31) мүлікті қабылдау-беру актілерін бекіту;

      32) акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізілімін жүргізу;

      33) шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін, сондай-ақ аудандық коммуналдық меншіктегі сметадан тыс алынған қазыналық кәсіпорындардың кірістерін есептеудің және аудандық бюджет кірісіне аударудың уақтылығы мен толықтығын бақылауды жүзеге асыру;

      34) акционерлік қоғамдардың аудандық коммуналдық меншікке жататын акцияларға дивидендтерді аудандық бюджет кірісіне есептеу мен аударудың уақтылығы мен толықтығын бақылауды жүзеге асыру;

      35) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің аудандық коммуналдық меншікке жататын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлесіне таза табысының бір бөлігін аудандық бюджет кірісіне есептеу мен аударудың уақтылығы мен толықтығын бақылауды жүзеге асыру;

      36) аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) аудандық коммуналдық меншік деңгейіне жататын, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру;

      37) аудан әкімдігі белгілейтін шаруашылық жүргізу құқығындағы Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативтерін келісу;

      38) аудандық коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мүлкіне түгендеу жүргізуге бақылауды жүзеге асыру;

      39) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру, аудандық коммуналдық мүлікті сатушының функцияларын жүзеге асыру: жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін дайындау, жекешелендіру облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімімен жүргізілуі мүмкін аудандық коммуналдық мүлік объектілерінің тізбесіне енгізілген аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының алдын ала келісімін алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық мүлікке бағалау жүргізуді ұйымдастыру, жекешелендіру объектілерін жекелеген сауда-саттықтар бойынша бөлу; сауда-саттық өткізу мерзімдерін белгілеу; әрбір жекешелендіру объектісі бойынша сауда-саттықтардың шарттарын, нысандары мен түрлерін айқындау; жекешелендіру объектілерінің бастапқы, бастапқы және ең төменгі бағасын айқындау және бекіту; кепілдік жарналарының мөлшері мен оларды енгізу тәртібін айқындау; кепілдік жарналарын қабылдау және қайтару; сатып алушының талабы бойынша жекешелендіру объектілерінің ауыртпалықтары, кредиторлық және дебиторлық берешек сомасы, егер жекешелендіру объектісі мүліктік кешен ретінде кәсіпорын болып табылса, жекешелендірілетін кәсіпорынның жасалған келісімшарттары мен шарттары туралы ақпаратты дайындау және ұсыну; сауда-саттықты өткізу туралы ақпараттық хабарламаларды жариялау және басқа да жарнамалық қызметті жүзеге асыру; сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеуді жүзеге асыру;

      40) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303 Заңына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша хабарламалар жариялау және сауда-саттық өткізу үшін мерзімді баспа басылымдарын айқындау, аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға беру бойынша тендерлер өткізу туралы конкурс ұйымдастыру және өткізу; кейіннен шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне беру; аудандық коммуналдық мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен немесе құқығынсыз мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі тендерлерді өткізу туралы;

      41) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру, оны мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру бойынша сауда-саттықты өткізу туралы хабарламаларды жариялауға шарттар жасасу;

      42) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңында белгіленген жағдайларда аудандық коммуналдық мүлікті бағалау бойынша "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 303 Заңына сәйкес конкурс ұйымдастыру және өткізу;

      43) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңында белгіленген жағдайларда аудандық коммуналдық мүлікті бағалауды өткізу бойынша конкурс жеңімпаздарымен шарттар жасасу;

      44) сауда-саттық (аукцион, тендер, бағалы қағаздарды сату), тікелей атаулы сату арқылы аудандық коммуналдық мүлікті сатуды ұйымдастыру;

      45) аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға, мүліктік жалдауға (жалға алуға), өтеусіз пайдалануға (қарызға) беру; шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен өтеусіз беру құқығымен сенімгерлік басқаруға немесе мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру;

      46) аудандық коммуналдық мүлікті тендер шарттарында сенімгерлік басқаруға немесе кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру;

      47) аудандық коммуналдық мүлікті сатып алу-сату шарттарын; шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен өтеусіз беру құқығымен аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарттарын; аудандық коммуналдық мүлікті кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарттарын, аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқару шарттарын жасасу коммуналдық мүлікті меншікке берместен немесе сатып алусыз; аудандық коммуналдық мүлікті өтеусіз пайдалану (несие) шарттарын жасасу;

      48) сатып алу-сату, мүліктік жалдау (жалға алу), сенімгерлік басқару; өтеусіз пайдалану (несие) шарттары талаптарының орындалуын жекешелендіруден кейінгі бақылауды жүзеге асыру;

      49) облыстық коммуналдық мүлікті сатудан, аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруден, сенімгерлік басқарудан түсетін ақшалай қаражаттың аудандық бюджет кірісіне толық және уақтылы түсуіне бақылауды жүзеге асыру, берешекті өндіріп алу жөнінде шаралар қабылдау.

      50) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму, инвестициялық саясат және ауылдағы әлеуметтік сала бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;

      51) ауылдық аумақтарды дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру; ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларының іске асырылуын мониторингілеу және талдау; әзірленген нормативтер мен ауылдық қоныстанудың оңтайлы схемасы негізінде аудан аумағында көші-қон ағындарының мониторингін жүргізу; ауылдық аумақтарды дамытуды паспорттау және мониторингтеу бойынша жиынтық материалдар дайындау;

      52) "Дипломмен ауылға!" жобасы шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету;

      53) тапсырыс берушімен бірлескен конкурстық комиссияларды (аукциондық комиссияларды) құру арқылы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесі бойынша "Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушылар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығына сәйкес орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

      54) мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде мемлекеттік сатып алу порталында жұмысты жүзеге асыру. Өткізілген мемлекеттік сатып алуға талдау, мониторинг жүргізу.

3-тарау. Экономика және қаржы бөлімінің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. Экономика және қаржы бөліміне басшылықты экономика және қаржы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      17. Экономика және қаржы бөлімінің басшысын аудан әкімі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. Экономика және қаржы бөлімі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      19. Экономика және қаржы бөлімі басшысының өкілеттігі:

      - экономика және қаржы бөлімінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      - экономика және қаржы бөлімінің қызметкерлерін ынталандыру және оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      - экономика және қаржы бөлімінің бұйрықтарына қол қояды, сондай-ақ мекеме қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;

      - экономика және қаржы бөлімінің құрылымы мен штаттық кестесін бекітеді;

      - өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының орындалуын және онда көзделген тәртіптік шаралардың қолданылуын қамтамасыз етеді, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша, қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін дербес жауапты болады.

      Экономика және қаржы бөлімі басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттігін белгілейді.

4-тарау. Экономика және қаржы бөлімінің мүлкі

      21. Экономика және қаржы бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Экономика және қаржы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Экономика және қаржы бөліміне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, экономика және қаржы бөлімінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Экономика және қаржы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Экономика және қаржы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады