Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 20-1 "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2022 жылғы 24 ақпандағы № 15-3 шешімі. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 2-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 31.03.2023 № 2-4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 20-1 "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4620 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесінде:

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.";

      41- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, кадрлық жұмыс бойынша маман және "Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихаты аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Б" корпусының басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.

      Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімде жолданады.";

      42-тармақ алып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
аудан мәслихатының хатшысы
Е. Әділбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады