"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 17 тамыздағы № 194 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялаған соң Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) жоғарыда аталған Ережені тіркеуші органда, заңнамада белгіленген тәртіпте тіркеуді жүргізуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Есіл ауданының әкімі М.Оспанов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Есіл ауданы әкімдігінің
  2022 жылдың "17" тамыз
  №194 қаулысымен
  бекітілген

"Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- Бөлім), аудан аумағында сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарын реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің Заңына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес жүзеге асырады, сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы нормативтік құқықтық актілермен, сондай-ақ осы Ережемен реттеледі.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген, қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Бөлім егер Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен ресімделетін және жобалар "Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттардың тізбесі", Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген.

      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 150500, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка ауылы, А.Иманов көшесі,78А.

      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасының Қаржы және бюджет заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер бөлімге қаржы заңнамасымен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының қаржы, бюджет заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;

      2) экология және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес құрылыс салуды, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымды кешенді қалыптастыру және елді мекендерді абаттандыру міндеттерін шешуге бағытталған өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      3) Жеке және заңды тұлғаларға сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;

      4) аудандық коммуналдық тұрғын үй қорын басқару.

      14. Өкілеттіктер:

      1) құқықтар:

      бөлім қызметі бойынша ақпаратты, құжаттарды, материалдарды сұрату және алу;

      мүліктік және мүліктік емес құқықтарды сатып алу және жүзеге асыру;

      мемлекеттік мекеме, сәулет, ғылыми мекемелер органдарының ақпараттық деректер базасын пайдалану, шарт, келісім жасасу.

      2) міндеттері:

      жеке және заңды тұлғаларға сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету, актілер мен тапсырмаларды уақтылы орындау;

      Бөлімнің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;

      Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының аумағында сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;

      экология және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес құрылыс салуды, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымды кешенді қалыптастыру және елді мекендерді абаттандыру міндеттерін шешуге бағытталған өкілеттіктерді жүзеге асыру;

      аудандық коммуналдық тұрғын үй қорын басқару;

      аудан әкімдігіне сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы стратегияның мақсаттары, басымдықтары бойынша ұсыныстарды қарауға енгізу;

      құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігінің, аудандық мәслихаттың, аудандық консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына қатысу;

      аудан аумағындағы құрылыс және қайта жаңарту объектілеріне белгіленген тәртіппен бару;

      өз құзыреті шегінде жаңа тұрғын үй саясатын іске асыру, құрылыс салу және абаттандыру мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;

      объектілерді пайдалануға қабылдау бойынша мемлекеттік қабылдау және қабылдау комиссияларын құру туралы аудан әкімі шешімдерінің жобаларын дайындайды.

      15. Бөлімнің функциялары:

      1) сәулет және құрылыс саласында:

      заңнамаларда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (елді мекендерді толық жоспарлау жобасын, елді мекендердің құрылыс салу схемаларын, елді мекендердің бас жоспарларын) iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;

      мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;

      аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;

      құрылыс туралы шешімдер қабылдау, аумақты инженерлiк дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, аудандық маңызы бар объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) қабылдау жөніндегі комиссияның құрамын белгілеу және тағайындау, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу туралы аудан әкімі шешімдерінің жобаларын дайындау;

      аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларда, тарих пен мәдениет ескерткіштерін сақтауды ұйымдастыру, оларды ұстауды бақылау (пайдалануды, қанауды);

      аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынуды ұйымдастыру;

      салынып жатқан және салынуы белгіленген объектілер мен кешендердің мониторингін заңнамада белгіленген тәртіппен жүргізу;

      ұсыныстарды таңдау, ұсыну бойынша дайындау, заңнамалық актілермен қарастырылмаған жағдайда, ведомстволық бағынышты аумақта құрылыс немесе басқа да елдімекен құрылысын меңгеру үшін жер учаскелерін мемлекеттік мұқтаждары үшін алып қою;

      бар ғимараттардың үй-жайларын жаңадан жоспарлау арқылы қайта құру туралы шешім қабылдау;

      елді мекен шегінде объектіні салу үшін жер учаскесі сұралған кезде жер учаскесін таңдау актісін оның ахуалдық схемасымен қоса дайындау және оны келісу үшін бір мезгілде барлық мүдделі мемлекеттік органдарға жіберу;

      түпкілікті таңдау актісін өтініш берушімен "электрондық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы хабарлама жіберу арқылы келісу;

      елді мекендердің бас жоспарларының бекітілген схемалары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, инженерлік коммуникациялар схемалары жөніндегі ақпаратты интернет-ресурста және халыққа қолжетімді жерлердегі арнайы ақпараттық стендтерде, деректерді жаңартып отыру кезеңділігімен тоқсан сайын орналастыру;

      құрылыс үшін сұралып отырған жер учаскесі бос болмаған жағдайда жер учаскесіне құқық беруден бас тарту туралы қорытынды рәсімдеу;

      бөліп беруге арналған алаңдардың дайындығы туралы және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезектілік тізімдері туралы ақпаратқа қолжетімділікті оларды кемінде тоқсанына бір рет арнайы ақпараттық стендтерде орналастыру арқылы және (немесе) аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жолымен қамтамасыз ету;

      құзыреті шегінде және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен сәулет және құрылыс саласында мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

      жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға сәулет және құрылыс саласындағы жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      2) тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында:

      коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй салу және оны бөлуді ұйымдастыру;

      тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөнінде іс-шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

      тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізу;

      жалдаушылармен коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін үй жалдау шарттарын жасау;

      кондоминиумды бастапқы тіркеген кезде кондоминиум объектісіне техникалық паспорттар дайындау жөніндегі шығындарды өтеу бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз ету;

      коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен және жағдайлармен Қазақстан Республикасы азаматтарының меншігіне беруді жүзеге асыру;

      ауданның елді мекендерін абаттандыру, санитарлық тазалау, коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеуді ұйымдастыру;

      ауданның су құбырларын, тазалау құрылыстарын, жылу және электр желілерін және басқа көлік пен инженерлік инфрақұрылымының объектілерін салу және пайдалануды ұйымдастыру;

      ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңіндегі жұмыс істеуге дайындық бойынша жұмысын үйлестіру, отын дайындау барысына мониторинг жүргізу;

      аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, елді мекендердегі көшелер желiсiн басқару;

      аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, елді мекендердегі көшелердің құрылысы, қайта құру, пайдалану, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;

      жолаушылар мен багажды тұрақты ауылдық және ауданішілік тасымалдауларды ұйымдастыру, олардың маршруттарын бекiту, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар ұйымдастыру және өткiзу, және маршруттар бойынша жүру кестелерiн бекiту;

      жолаушылар мен багажды тұрақты ауылдық және ауданішілік автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу;

      шалғай елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау тәртібін және сызбасын дайындау және бекіту; ауылдық және ауданішілік қатынастарда әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруда тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады;

      тахографтарды орнату және оған қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;

      таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;

      құзыреті шегінде және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында мемлекеттік қызметтер көрсетеді;

      тұтынушылардың қазандықтарын, жылу желілері мен жылу пайдаланатын қондырғыларын пайдалануға және техникалық жай- күйіне және қазандық, жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындауға және жүзеге асыруға және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуіне бақылауды жүзеге асыру;

      аудан аумағында аттракциондарды қауіпсіз пайдалану бойынша бақылауды жүзеге асыру;

      жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі.

      16. Бөлімге басшылықты бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. Бөлімнің бірінші басшысын "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. Бөлімнің бірінші басшысының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      19. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

      бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық жасайды және жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;

      бөлімнің штаттық кестесін аудан әкіміне бекітуге ұсынады;

      құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын және басқа да құжаттарды әкімдіктің және аудан әкімінің қарауына ұсынады;

      қызметкерлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін анықтайды;

      қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану және көтермелеу мәселелерін шешеді;

      бұйрықтар шығарады, сондай-ақ қызметкерлерге міндетті түрде орындау үшін тапсырмалар береді;

      бөлімді мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда ұсынады;

      Бөлімде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;

      бөлімнің ер адамдар мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктер туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;

      бөлімнің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына дербес жауапкершілік етеді;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.

      20. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қосу) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті Қазақстан Республикасының атынан иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын дербес жүзеге асырады.

      22. Бөлімге бекітілген мүлік ауданның коммуналдық меншігіне жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Бөлімді қайта ұйымдастыру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) және қысқарту (тарату) оның мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың), сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен уәкілеттік берілген органның шешімі бойынша не Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, сот органдарының шешімі бойынша, сондай-ақ осы Ережемен және қайта ұйымдастырудың басқа да нысандарымен жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады