Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "2022-2024 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Спасовка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 14/147 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. 2022-2024 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Спасовка ауылдық округінің бюджеті сәйкесінше 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 24 171 мың теңге:
салықтық түсімдер - 1393 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 22 778 мың теңге;
2) шығындар – 24 428,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 257,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 257,4 мың теңге:
қарыздар түсімі - 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 257,4 мың теңге.";
1-1-тармақпен келесі мазмұнда толықтырылсын:
"1-1. Спасовка ауылдық округі бюджетінде шағындар қаржылық жылдың басында қалыптасқан бюджеттік қаражаттың бос қалдықтары есебінен 257,4 мың теңге сомада 4 - қосымшаға сәйкес қарастырылсын.";
аталған шешімнің 1 - қосымшасы осы шешімнің 1 - қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;
аталған шешім осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес 4 - қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының хатшысы |
А. Бектасова |
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Спасовка ауылдық округінің 2022 жылға арналған бюджеті
2022 жылғы 1 қаңтарға қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтарын бағыттау
Функционалдық топ | Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі | Бағдарлама | Атауы |
Сомасы |
07 | Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық | 257,4 | ||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 257,4 | ||
008 | Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру | 257,4 | ||
Барлығы: | 257,4 |