Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 19.09.2023 № 8-94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заречный ауылдық округінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 29/177 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2728 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заречный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы шешімнің қосымшасы аталған шешімнің 2 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы шешімді жариялау үшін "Есіл таңы" және "Ишим" аудандық газеттеріне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының хатшысы |
А. Бектасова |
Солтүстік-Қазақстан облысыЕсіл ауданы Заречный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заречный ауылдық округі аумағында ауыл тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтарының бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заречный ауылдық округінің әкімі шақырып, ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заречный ауылдық округінің әкімі жергілікті қоғамдастық халқын ол өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, ақпараттық стендтерде баспа хабарландыруларын орналастыру және әлеуметтік желілерде "Facebook", "WhatsApp" тарату арқылы хабардар етеді.
7. Ауыл ішіндегі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заречный ауылдық округі әкімінің ұйымдастыруымен өткізеді.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында кәмелетке толмаған адамдардан, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардан, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардан басқа, тиісті ауылдың, оған қатысуға құқығы бар көшенің қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан жағдайда өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заречный ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам ашады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының төрағасы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заречный ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген адам болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын жасау үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындарының өкілдеріне кандидаттарды Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылар ұсынады.
11. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидат бойынша жеке жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын алған кандидаттар сайланды деп есептеледі.
12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы үш күнтізбелік күн ішінде қол қояды және Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заречный ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заречный ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№ р\с | Елді мекен атауы | Өкілдер саны (адам) |
1. | Чириковка ауылының тұрғындары үшін | |
1.1. | Набережная көшесі | 3 |
1.2. | Береговая көшесі | 3 |
1.3. | Букетная көшесі | 3 |
1.4. | Уәлиханов көшесі | 3 |
1.5. | Молодежная көшесі | 3 |
1.6. | Мұқанов көшесі | 3 |
1.7. | Достық көшесі | 3 |
1.8. | Спортивная көшесі | 3 |
1.9. | Степная көшесі | 3 |
1.10. | Парк көшесі | 3 |
1.11. | Әуезов көшесі | 3 |
1.12. | Рабочая көшесі | 3 |
1.13. | Цветочная көшесі | 3 |
1.14. | Полевая көшесі | 3 |
2. | Карагаш ауылының тұрғындары үшін | |
1.16. | Алтынсарин көшесі | 3 |
1.17. | Аблайхан көшесі | 3 |
1.18. | Бөкейхан көшесі | 3 |
1.19. | Түркібай көшесі | 3 |
1.19. | Тасетов көшесі | 3 |
3. | Луговое ауылының тұрғындары үшін | 3 |
4. | Алқа ауылының тұрғындары үшін | 2 |
5. | Гурьяновка ауылының тұрғындары үшін | 2 |