Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Минкесер ауылына суәкеткіні пайдалану үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында орналасқан жалпы алаңы 2,0386 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут осы қаулының қосымшасына сәйкес 49 жыл мерзімге белгіленсін.
2. "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | В. Лукин |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Мамлют ауданы әкімдігінің | |
2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 182 | |
қаулысына қосымша |
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында орналасқан жалпы алаңы 2,0386 гектар жер учаскесіне Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Минкесер ауылына суәкеткіні 49 жыл мерзімге пайдалану үшін "Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитут белгілеу бойынша жер экспликациясы
№ р/с | Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы, кадастрлық нөмірі | бекітілген, га | оның ішінде алқаптар бойынша, га | ||
егістік | табиғи жайылымдар | жақсартылған жайылымдар | |||
Новомихайлов ауылдық округі | |||||
1 | босалқы жер | 2,0386 | 0,4855 | 0,5310 | 1,0221 |
ЖАЛПЫ: | 2,0386 | 0,4855 | 0,5310 | 1,0221 |