"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Донецк ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 22 қарашадағы № 403 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Донецк ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Донецк ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қамтамасыз ету:

      осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілсін;

      осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Донецк ауылдық округі әкімінің интернет-ресурсына орналастырсын;

      жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеуші органда тіркеуді жүргізсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Әлжанов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Тайынша ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы "22" қарашадағы № 403
  қаулысымен бекітілді

"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Донецк ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ереже

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша Донецк ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-әкім аппараты) Донецк ауылдық округі әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

      2. Донецк ауылдық округі әкімі аппаратының ведомстволары жоқ.

      3. Донецк ауылдық округі әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес жүзеге асырады "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен, сондай-ақ осы Ережемен реттеледі.

      4. Донецк ауылдық округ әкімінің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық түріндегі заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрі және мемлекеттік тілде өзінің атауы жазылған мөртабаны, бекітілген түрдегі бланкілері бар, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес Қазынашылық Комитетінде есепшоты бар.

      5. Донецк ауылдық округі әкімінің аппараты өзінің жеке атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа енеді.

      6. Донецк ауылдық округі әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынаста мемлекет атынан тарап болуға құқығы бар, егер ол бұған заңдылықтарға сәйкес уәкілетті болса.

      7. Донецк ауылдық округі әкімінің аппараты өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Донецк ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі әкімінің шешімдерімен және өкімдерімен ресімделетін шешімдер қабылдайды, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен айқындалады.

      8. Донецк ауылдық округі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері. 151009, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Донецкое ауылы, Комарова көшесі, 12.

      10. Осы Ереже Донецк ауылдық округі әкімі аппаратының құрылтайшы құжаты болып табылады.

      11. Донецк ауылдық округі әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Донецк ауылдық округі әкімі аппаратының қызметтері болып табылатын, міндеттемелерді орындаған жағдайда кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатым-қатынас жасауға тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның міндеттері және өкілеттілігі

      13. Міндеттері:

      1) Округі әкімінің қызметін қаржылық-шаруашылық және материалды-техникалық қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының, талаптарына сәйкес кадрлық жұмыстарды жүргізу;

      3) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, жоғары тұрған өкілді және атқарушы органдар, облыс, аудан әкімінің қаулылары, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      4) "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес ауылдық округі әкімінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;

      5) "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі" 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу және қарастыру;

      6) әкімгері "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Донецк ауылдық округі аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып табылатын, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 04 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексімен, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабы, 1 тармағы 4-1) тармақшасымен бюджеттік бағдарламалар жоспарларын әзірлеу;

      7) алғашқы әскерге міндеттілердің, жедел әскери қызметке шақырылатын азаматтардың есебін жүргізу, әскери қызмет, азаматтық қорғаныс және әскери міндеттер туралы заңдылықтарды сақтау мәселелері жөнінде ауылдық округ әкімінің құзырі шегінде жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ "Мобилизация және мобилизациялық дайындық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 9-бабы 3 тармағына сәйкес, "Қазақстан Республикасындағы өзін-өзі басқару және жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 1-тармағы 9)тармақшасымен мобилизация және мобилизациялық дайындық.

      8) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 1-тармағы 12) тармақшасына сәйкес, аз қамтылған тұлғаларды анықтауға, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамту бойынша, әлеуметтік көмек көрсету, жалғызбасты қарттарға және еңбекке қабілетсіз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

      9) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес шаруашылық бойынша есепке алуды жүзеге асыру;

      10) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 1-тармағы 18) тармақшасына сәйкес, ауылдық округі аумағында тұратын мәдениет мекемесінің, оқытуды және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін қамтамасыз ету;

      11) "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;

      12) "Медиация туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы Заңының орындалуы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру

      13) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Донецк ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастық жиындарын және жергілікті қоғамдастық жиналыстарын өткізу.

      14. Өкілеттілік

      1) құқықтар:

      өз құзыреті шегінде ауылдық округ әкімі құзыретінің мәселелері бойынша лауазымды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;

      мүліктік және мүліктік емес құқықтарды сатып алу және жүзеге асыру;

      мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалану;

      шарттар, келісімдер жасасу;

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көзделген құқықтарға ие болу.

      2) міндеттері:

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету;

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" міндеттерді жүзеге асырады.

      15. Функциялары:

      1) Донецк ауылдық округі әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде:

      жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізуіді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурс (ауылдық округ әкімі аппаратының сайты, Facebook) арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды;

      Донецк ауылдық округі әкімі мақұлдаған және жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

      Донецк ауылдық округі бюджетінің жоспарлануын және орындалуын қамтамасыз етеді;

      Донецк ауылдық округі бюджетінің атқарылуы туралы есепті жергілікті қоғамдастық жиналысына және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ұсынады;

      Донецк ауылдық округі бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;

      жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

      Донецк ауылдық округі коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша Тапсырыс беруші болады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін мақсатты және тиімді пайдалануға бақылауды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

      Донецк ауылдық округі коммуналдық меншігіндегі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен баланстан шығара отырып өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі мәселелері бойынша мемлекет мүддесін білдіреді, Донецк ауылдық округі меншік құқығын қорғауды жүзеге асырады;

      сенімгерлік басқарушының жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;

      Донецк ауылдық округі коммуналдық меншігіндегі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды дамыту жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды, тіркеуді және есепке алуды жүзеге асыру, ауылдық округ әкімінің жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастыру;

      "Қызмет бабында пайдалану үшін" таратылуы шектелген қызметтік ақпаратпен (ҚБП)жұмысты ұйымдастыру;

      қолма-қол, сондай-ақ "Е-лицензиялау" АЖ "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы келіп түскен мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдауды жүзеге асыру;

      ауылдық округ әкімі шығарған актілерді есепке алу және тіркеу;

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жолдау;

      ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;

      ауылдық округ аумағында тұратын, әскерге шақырылуға жататын азаматтарды ұйымдастыру, қамтамасыз ету, уақтылы хабардар ету және жеткізу;

      Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнама шеңберінде сайлау өткізу мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастыру дайындығын және өткізуді жүзеге асыру;

      елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастыру;

      ауылдық округ әкімінің қызметін қазақ және орыс тілдерінде интернет-ресурста (ауылдық округ әкімі аппаратының сайты, Facebook) жариялауды қамтамасыз ету;

      2) жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісім бойынша Донецк ауылдық округі әкімінің аппараты:

      өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

      егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

      егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      Донецк ауылдық округі коммуналдық меншігіндегі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсатын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

      әкіммен келісім бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

      коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

      Донецк ауылдық округі коммуналдық меншігіндегі мүлкі бар коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы Заңында көзделген жағдайларда мүлкі Донецк ауылдық округі коммуналдық меншігіндегі Мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарайды, келіседі және бекітеді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітеді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

      мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау;

      нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастыру;

      ауылдық округ әкімінің қызметін қазақ және орыс тілдерінде интернет-ресурста (ауылдық округ әкімі аппаратының сайты, Facebook) жариялауды қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен берілген функцияларды жүзеге асырады.

3 тарау. Мәртебе, Мемлекеттік органның бірінші басшының өкілеттілігі

      16. Донецк ауылдық округ әкімі аппаратына басшылықты Донецк ауылдық округ әкімі аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы – Донецк ауылдық округ әкімі жүзеге асырады.

      17. Донецк ауылдык округ әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Донецк ауылдық округ әкімінің өкілеттілігі:

      әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

      жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген бюджет қаражатын үнемдеу және (немесе) түсімдер есебінен қызметкерлерді еңбек шарты бойынша қабылдайды;

      Мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

      Донецк ауылдық округінің тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;

      аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісім бойынша Донецк ауылдық округінің авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;

      мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары шеңберінде ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді;

      Қазақстан Республикасының заңдарымен және нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Донецк ауылдық округі әкімінің өкілеттіктерін орындауды ол болмаған кезеңде оны алмастыратын адам қолданыстағы заңнамамен жүзеге асырады.

4 тарау. Ауылдық округ әкімі аппаратының мүлкі

      19. Донецк ауылдық округ әкімінің аппараты заңдылықтармен қарастырылған жағдайда өзіне тиесілі мүлікті иеленуге құқығы бар.

      Донецк ауылдық округ әкімі аппаратының мүлкі меншік иесінің оған иелікке берілген мүлік есебінен қалыптасады, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы заңдылықтармен тыйым салынбаған өзінің қызметінің нәтижесінде және басқа көздерден (ақша кірісін қоса) алынған мүліктер.

      20. Донецк ауылдық округ әкімі аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Донецк ауылдық округ әкімінің аппараты егер басқасы заңдылықтармен бекітілмеген болса, қаржыландыру жоспары бойынша берілген қор есебінен сатып алынып, оған бекітілген мүлікті өз еркімен иеліктен шығаруға немесе басқа да тәсілмен пайдалануға құқылы емес.

5 тарау. Мемлекеттік органның жойылуы және қайта құрылуы

      22. Донецк ауылдық округі әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы", Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына "Мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады