"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Драгомиров ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 23 қарашадағы № 412 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Драгомиров ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Драгомиров ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қамтамасыз ету:

      осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілсін;

      осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Рощинск ауылдық округі әкімінің интернет-ресурсына орналастырсын;

      жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеуші органда тіркеуді жүргізсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тайынша ауданының әкімі Б. Әлжанов

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Тайынша ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы "23" қарашадағы № 412
  қаулысымен бекітілді

"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Драгомиров ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Драгомиров ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімінің аппараты) Драгомиров ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.

      2. Әкімі аппаратының ведомстволары жоқ.

      3. Әкімінің аппараты өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенттің және Үкіметінің нормативті актілерін, сондай-ақ осы әкімнің аппараты туралы Ережені басшылыққа алады.

      4. Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлер мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      6. Әкімінің аппараты егер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Әкімінің аппараты өз құзыріндегі мәселелер бойынша бекітілген заңдылықтардағы тәртіппен әкімінің шешімдерімен, өкімдерімен ресімделген және Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен қарастырылған басқа да актілермен шешім қабылдайды.

      8. Әкімінің аппараты құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері. 151010, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Драгомировка ауылы, Мир көшесі, 11.

      10. Осы ереже әкімі аппаратының құрылтайшы құжаты болып табылады.

      11. Әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Әкімнің аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттер:

      1) әкімінің ақпараттық-аналитиқалық, ұйымдастыру-құқықтық материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес кадрлық жұмыстарды жүргізу;

      3) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының, жоғары тұрған өкілді және атқарушы органдар, облыс, аудан әкімінің қаулылары, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      4) "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес әкімінің құқықтық және нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;

      5) "Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі" Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;

      6) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-3-тармағының 12)-тармақшасына сәйкес әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламалардың жобаларын әзірлеу;

      7) "Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 1-тармағының 9)-тармақшасына сәйкес әскери міндетті тұлғаларды, әскери учаскіге тіркелуге және шұғыл әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды есепке алу, ауылдық округі әкімі құзіреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      8) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 1-тармағының 12)-тармақшасына сәйкес аз қамтылған тұлғаларды анықтау бойынша жұмысты ұйымдастыру, жоғары тұрған органдарға жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз ілікті және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша ұсыныстар жасау;

      9) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 1-4-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес шаруашылық есеп жүргізуді ұйымдастыру;

      10) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының 1-тармағының 18)-тармақшасына сәйкес Драгомиров ауылдық округінің аумағында орналасқан мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдарын, мәдениет ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету;

      11) "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету;

      12) Қазақстан Республикасының "Медиация туралы" Заңын орындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      13) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Драгомиров ауылдық округ аумағында жергілікті қоғам жиыны және жергілікті қоғам жиналыстарын өткізу.

      14. Өкілеттіктер:

      1) Құқықтар:

      мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;

      мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;

      мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;

      шарттар, келісімдер жасасуға.

      2) Міндеттері:

      "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;

      Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің, актілерi мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау.

      15. Функциялар:

      1) Әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде:

      жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      бұқаралық ақпарат құралдары немесе интернет-ресурс (ауылдық округ әкімі аппаратының сайты немесе Facebook) арқылы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын, жергілікті қоғамдастықтың жиыны мен жиналысын шақырудың уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды;

      жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

      Драгомиров ауылдық округтің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;

      жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан мәслихатына Драгомиров ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;

      Драгомиров ауылдық округтің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;

      жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

      Драгомиров ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

      мүлкі Драгомиров ауылдық округінің коммуналдық меншігіндегі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен баланстан шығара отырып өзге тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, Драгомиров ауылдық округтің меншік құқығын қорғауды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;

      мүлкі Драгомиров ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

      2) Әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:

      өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

      егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      мүлкі Драгомиров ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

      әкіммен келісім бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

      коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

      мүлкі Драгомиров ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;

      мүлкі Драгомиров ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітеді;

      жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3 тарау. Мәртебесі, мемлекеттік органның бірінші басшысының өкілеттіктері

      16. Әкім аппаратына басшылықты бірінші басшы – Драгомиров ауылдық округінің әкімі жүзеге асырады, ол әкім аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      17. Драгомиров ауылдық округінің әкімі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Драгомиров ауылдық округ әкімінің өкілеттіктері:

      әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;

      жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      бюджет қаражатын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша жұмыскерлерді қабылдайды;

      мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

      Драгомиров ауылдық округтiң тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;

      аудан әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша Драгомиров ауылдық округтiң авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;

      мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді;

      Драгомиров ауылдық округі әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

4 тарау. Әкімі аппаратының мүлкі

      19. Заңнамада көзделген жағдайларда әкім аппаратының жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Әкімнің аппаратына бекітіліп берілген мүлік Драгомиров ауылдық округтің (жергілікті өзін-өзі басқарудың) коммуналдық меншігіне жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, әкім аппаратының өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және жойылуы

      22. Әкім аппаратын қайта ұйымдастыру және жойылу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Краснополян ауылдық округі әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады