"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 13 мамырдағы № 117 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне:

      осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілсін;

      ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырсын;

      жоғарыда көрсетілген Ережені тіркеуші органда тіркеуді жүргізсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м.а. Ж. Мәкенова

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Тимирязев ауданы әкімдігінің
  2022 жылғы "13" мамырдағы № 117
  қаулысымен бекітілген

"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

Тимирязев а.

1. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Аппарат) Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Аппараттың ведомстволары жоқ.

      3. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Аппарат мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілер" бар, "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 5403 бұйрығына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Аппараттың, егер оған "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, бюджет және қаржы заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Аппарат өз құзыретіндегі мәселелер бойынша әкімшілік рәсімдік-процессуалдық тәртіппен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, "Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңымен, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңымен, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңымен, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңымен, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңымен, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен көзделген "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ осы Ережемен бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 151100, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязево ауылы, Ш. Уәлиханов көшесі, 1.

      10. Осы Ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Аппараттың қызметін қаржыландыру Бюджет кодексіне сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. Аппаратқа кәсіпкерлік субъектілерімен Аппараттың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Аппаратқа заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда егер Қазақстан Республикасының қаржы саласындағы заңнамасында өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      1) Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

      2) Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету;

      3) Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқығы:

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген, ауданның атқарушы органдарынан, төмен тұрған деңгейдегі әкімдерден олардың қызметі бойынша құжаттарды, ақпаратты, түсініктемелерді сұрату және алу, Аппарат құзыретіне жатқызылған тапсырмаларды беру, ауданның атқарушы органдарының, төмен тұрған әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдері аппараттарының қызметкерлерін аудан әкімдігінің және аудан әкімінің құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуге қатысуға тарту;

      мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалану;

      шарттар, келісімдер жасасу;

      Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 804-бабының 3-тармағына сәйкес ведомстволық бағынысты істер бойынша Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 729-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға құқығы бар;

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көзделген құқықтарға ие болу.

      2) міндеттері:

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көзделген міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялар:

      1) селекторлық және жұмыс кеңестері, әкімдік отырыстары, халыққа есеп беру кездесулері, жұмыс сапарлары барысында Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдарының, сондай-ақ облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      2) азаматтарды Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік марапат қағаздарымен марапаттауға ұсыныс енгізу, сондай-ақ азаматтарды облыс әкіміне Құрмет грамотасымен марапаттауға ұсыныс енгізу және азаматтарды аудан әкіміне грамотамен марапаттау туралы ұсыныс енгізу;

      3) аудан әкімінің қатысуымен өтетін консультативтік-кеңесші органдардың, штабтардың, комиссиялардың, кеңестердің, жиналыстардың, кездесулердің және басқа да іс-шаралардың әкімдігінің регламентіне сәйкес өткізілетін аудан әкімінің, әкімдігінің қызметін ұйымдастырушылық-құжаттамалық қамтамасыз ету;

      4) мүлік пен міндеттемелердің болуын және қозғалысын есепке алуды қамтамасыз ету, бекітілген нормаларға, нормативтерге және сметаларға, міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес материалдық және қаржы ресурстарын пайдалану, шаруашылық қызметтің теріс нәтижелерінің алдын-алу;

      5) аудан әкімінің, аудан әкімі аппаратының қызметін қазақ және орыс тілдерінде мерзімді баспа басылымында немесе интернет-ресурста (аудан әкімі аппаратының сайты, Facebook, Instagram)жариялауды қамтамасыз ету;

      6) комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін қамтамасыз ету;

      7) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың талаптарына сәйкес кадрлық жұмыстарды жүргізу;

      8) бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстар ұйымдастыруды өткізу;

      9) функционалдық блоктар бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауданның атқарушы органдарының "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын бөлу жөніндегі бірыңғай комиссияның қызметін ұйымдастыру;

      10) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауданның атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік теріс қылықтарын қарау жөніндегі бірыңғай тәртіптік комиссияның қызметін ұйымдастыру;

      11) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауданның атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау жөніндегі бірыңғай комиссияның қызметін ұйымдастыру;

      12) ауданның атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасының мониторингі;

      13) электрондық қызметтер мен электрондық үкіметті дамыту және енгізу;

      14) уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыстың жай-күйі туралы анықтамалық материалды ай сайын дайындау;

      15) мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау;

      16) құжаттамалық қамтамасыз етуді, оның ішінде тиісті құжат айналымын ұйымдастыру, ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту жолымен жүзеге асыру, іс жүргізу ережелерінің сақталуын бақылау және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;

      17) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды, тіркеуді және есепке алуды жүзеге асыру, аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының және аппарат басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастыру;

      18) мемлекеттік орган жіберген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға бақылау;

      19) аудан әкімінің аппараты бойынша, сондай-ақ ауданның атқарушы органдары бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс мәселелері бойынша есептілікті уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету;

      20) "Қызмет бабында пайдалану үшін" таратылуы шектелген қызметтік ақпаратпен (ҚБП) жұмысты ұйымдастыру;

      21) "Құжаттардың бірыңғай электрондық мұрағаты" АЖ жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      22) қолма-қол, сондай-ақ "Е-лицензиялау" АЖ "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы келіп түскен мемлекеттік қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау;

      23) жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін өтініштерге мониторинг және талдау жүргізу;

      24) аудан әкімдігі және әкім шығарған актілерді есепке алу және тіркеу;

      25) әкімнің және әкімдіктің актілерін тиісінше ресімдеуді және таратуды қамтамасыз ету;

      26) әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің, аппарат мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарының жобаларын дайындауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      27) мемлекеттік және қызметтік құпияларды, құпия іс жүргізуді сақтау үшін жағдайларды қамтамасыз ету;

      28) нормативтік құқықтық актілердің, әкімнің, әкімдіктің құқықтық актілерінің жобаларын және мемлекеттік органның құқықтық мәселелер жөніндегі өзге де құжаттарын әзірлеу үшін әкім аппаратының басқа құрылымдық бөлімшелерінің, әкімдік бөлімдерінің, ауылдық округ әкімі аппараттарының қызметкерлерін белгіленген тәртіппен тарту, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен сәйкес келтіру;

      29) әкім және аудан әкімдігі шығарған нормативтік құқықтық актілердің электрондық тіркелімін жүргізу;

      30) "Құқықтық мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 486 қаулысымен белгіленген тәртіпте аудан әкімінің және ауыл, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторинг жүргізу;

      31) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру;

      32) нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамаға жіберу;

      33) құқықтық білім мектебінде сабақтар өткізу;

      34) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау;

      35) Аппарат қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;

      36) құқықтық тәртіпті қолдау, құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы, жұмылдыру дайындығы, жұмылдыру, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау, азаматтарды әскери қызметке шақыру, терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік, құқық қорғау органдарымен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      37) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде әскерге шақырылуға жататын азаматтарды уақтылы хабардар етуді және жеткізуді, жиналу пункттеріне немесе әскери бөлімдерге және арнаулы мемлекеттік органдарға техника беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында өздерінің басқаруындағы аудандық коммуналдық меншікті қорғаныс мұқтажы үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша беру;

      38) ауданның жұмылдыру жоспарын әзірлеу, облыс әкімдігімен келісу және бекіту, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

      39) азаматтық қорғау саласында тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың салдарларын жоюды жүзеге асыру, сондай-ақ уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп олардың алдын алуды және жоюды қамтамасыз ету;

      40) азаматтық қорғау саласында жасалған терроризм актісі нәтижесінде туындаған техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халықты және аумақтарды қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ оның салдарларын жоюға қатысу;

      41) Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнама шеңберінде сайлау өткізу мәселелері бойынша іс-шараларды ұйымдастыру дайындығын және өткізу;

      42) Қазақстан Республикасының соттарында коммуналдық мүлікті иелену, пайдалану және билік ету мәселелері бойынша, аудан әкімінің, әкімдігінің актілеріне шағымдану бойынша мемлекет мүддесін білдіру;

      43) аудан әкімінің орынбасарымен білім беру, денсаулық сақтау, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, ұлтаралық қатынастар салаларындағы әлеуметтік мәселелер бойынша өзара әрекеттесу.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 28.07.2023 № 159 (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3 тарау. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері (болған жағдайда)

      16. Аппаратқа басшылықты Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын аппарат басшысы жүзеге асырады.

      17. Аппарат басшысы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Аппарат басшысының орынбасарлары жоқ.

      19. Аппарат басшысының өкілеттігі:

      1) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мекеменің мүдделерін сенімхатсыз білдіреді;

      2) қаржы құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие, шарттар жасайды, сенімхаттар береді;

      3) аудан әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және аппаратқа жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады;

      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар өткізеді;

      5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      6) "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережені, әкім аппаратының құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстарды әзірлейді және оларды аудан әкіміне бекітуге енгізеді, мемлекеттік қызметшілерге қосымша ақы белгілеу, материалдық көтермелеу (сыйақы), материалдық көмек көрсету жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      7) "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын аппарат коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тағайындайды, босатады, тәртіптік жазаға тартады және көтермелеу шараларын қолданады;

      8) Аппараттың тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;

      9) әкім аппараты бойынша бұйрықтар мен нұсқаулықтар шығарады;

      10) жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      11) облыс әкімінің аппаратына берілетін ақпараттың дұрыстығына дербес жауапты болады.

      Аппарат басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. Аппараттың мемлекеттік мүлік туралы заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      24. Аппараттың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады.

      24. Аппаратқа бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгіленбесе, аппараттың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Қайта құру (біріктіру, қосу, бөлу, қайта құру) және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады