"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 шiлдедегi № 179 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне:

      осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілсін;

      ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырсын;

      жоғарыда көрсетілген Ережені тіркеуші органда тіркеуді жүргізсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тимирязев ауданының әкімі Е. Жаров

  Солтүстік Қазақстан облысы
  Тимирязев ауданы әкімдігінің
  2022 жылы "19" шілдедегі № 179
  қаулысымен
  бекітілген

"Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

Тимирязево а.

1. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) еңбек қатынастары, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" заңына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекемедегі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Бөлімнің "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы № 540 бұйрығына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, бюджет заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, бөлімнің мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңында, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңында, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген Бөлім басшысының бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 151100, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Ш. Уәлиханов көшесі, 1.

      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер бөлімге жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы беріліп, онда Қазақстан Республикасының бюджет саласындағы заңнамасында өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Міндеттері:

      жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген адамдарды жұмыспен қамтуға ықпал ететін іс-шараларды жүзеге асыру;

      жаппай жұмыссыздықтың алдын алу және ұзақ мерзімді жұмыссыздықты азайту;

      тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу;

      өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

      аз қамтылған азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік көмектің атаулылығы мен тиімділігін күшейту;

      біліктілікті және кәсіби деңгейді тұрақты арттыру;

      бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз ету.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Құқығы:

      белгіленген тәртіпте ауданның атқарушы органдарынан, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан ұйымдардан, мекемелерден және кәсіпорындардан Бөлімге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды, қорытындыларды, анықтамалық және өзге де материалдарды сұрату және алу;

      Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;

      білім беру мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдардан, білім беру ұйымдарынан, мамандар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын әртүрлі ұйымдардың оқу курстарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтерді, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар) туралы, нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлау жоспарланатын мамандар саны туралы ақпарат сұратуға;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес барлық меншік нысандарындағы жұмыс берушілерден күтілетін құрылымдық өзгерістер және нәтижесінде қызметкерлердің босатылуы мүмкіндігі туралы, өзге де іс-шаралар туралы ақпарат, сондай-ақ жұмыс күшіне қажеттілік туралы, босатылатын, қабылданған және жұмыстан босатылған қызметкерлердің саны мен кәсіби-біліктілік құрылымы туралы өзге де деректер алу;

      Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау бойынша комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу.

      2) Міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан аумағында әлеуметтік-еңбек қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

      еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстарды талдау, болжау;

      Халықты әлеуметтік қорғауды іске асыру;

      арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;

      Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру;

      жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда қажетті шаралар қабылдау.

      15. Функциялары:

      1) халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысын үйлестіру, оған әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

      2) еңбек нарығының мониторингі;

      3) кадрларды даярлауға және оларды жұмысқа орналастыруға қажеттілікті айқындау;

      4) жұмыс күшінің бір бөлігіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау, ауданның еңбек нарығының жай-күйі туралы Жергілікті атқарушы органды хабардар ету;

      5) жұмыс берушілерден кадрларға болжамды қажеттілік туралы ақпаратты сұрату;

      6) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары, сондай-ақ жеке сектор бастамалары шеңберінде іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бөлінісінде ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысу;

      7) жергілікті атқарушы органдардың білім беру мәселелері жөніндегі бөлімшелерінен, білім беру ұйымдарынан, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру қызметіне құқығы бар ұйымдар жанындағы оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар), нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлау мен бітіруге жоспарланған мамандар саны туралы ақпарат алу;

      8) ауданда іске асырылатын, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған бағдарламалардың мониторингін жүргізу;

      9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықты жұмыспен қамту, жұмыс орындарын квоталау мәселелері бойынша аудан әкімдігі қаулыларының жобаларын әзірлеу;

      10) аудан әкімі, қызметкерлердің аудандық бірлестіктері және жұмыс берушілердің аудандық бірлестіктері арасында үшжақты келісімді, әлеуметтік әріптестік жөніндегі комиссияның жұмыс жоспарын, үшжақты келісімді іске асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және келісу;

      11) әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік, еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссияның отырыстарын ұйымдастыру және өткізу;

      12) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлеу, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыру;

      13) мүгедектігі бар адамдар жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру бойынша жұмысты ұйымдастыру;

      14) жұмыстан босату және жұмыс орындарын қысқарту тәуекелдері бар ұйымдардың мониторингін жүзеге асыру;

      15) Қазақстан Республикасың 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 14-бабына сәйкес жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу;

      16) еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу;

      17) халықтың өмір сүру деңгейін тұрақтандыруға және арттыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілердің, өңірлік бағдарламалардың жобаларын әзірлеу, олардың орындалуын талдау;

      18) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес бюджет қаражатының қажеттілігін болжау және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;

      19) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсету және кедейлікті азайту жөніндегі шаралар саласындағы мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыру;

      20) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды жүзеге асыру;

      21) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес аз қамтылған отбасыларға тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыру;

      22) Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысында көзделген әлеуметтік көмектің өзге де түрлерін тағайындау және төлеу;

      23) үй жағдайында тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедектігі бар балаларды материалдық қамтамасыз ету;

      24) мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтерімен, санаторий-курорттық емдеумен, арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу;

      25) мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігінің орындалуын бақылау және жәрдемдесу;

      26) мүгедектігі бар адамдарға, зейнеткерлерге, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру;

      27) үйде күтім көрсету орындарында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету;

      28) 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдарға жұмыс өтілін белгілеу үшін арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

      29) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу үшін арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру. Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге жеңілдіктер мен өтемақылар алу құқығын растайтын куәліктер беру;

      30) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамдардың (отбасылардың) өтініштерін қарау және әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындылар шығару бойынша арнайы комиссияның жұмыс органының функцияларын жүзеге асыру;

      31) кәмелетке толған азаматтарға қатысты қылмыстық және азаматтық істер бойынша қорғаншы және қамқоршы мәселелері бойынша, заңсыз төленген ақшалай қаражатты қайтару бойынша сотқа қатысу, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу бойынша даулы мәселелерді шешу;

      32) кәмелетке толған адамдарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық бойынша мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру;

      33) Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;

      34) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуды өткізуді қамтамасыз ету;

      35) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті, жан - жақты және уақтылы, қажет болған жағдайда олардың қатысуымен қарау, олар бойынша қажетті шаралар қабылдау, құзыретіне кіретін мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау;

      36) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен семинарлар, кеңестер өткізу, сондай-ақ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

      37) статистикалық есептілікті дайындау және ұсыну.

3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. Бөлімдегі басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      17. Бөлімнің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      18. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:

      белгіленген тәртіппен мемлекеттік орган қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      мемлекеттік орган қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады, сондай-ақ нұсқаулар береді;

      "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда ұсынады;

      мемлекеттік органның атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

      "Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекітеді;

      бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;

      азаматтар және заңды тұлғалардың өкілдерімен жеке қабылдау жүргізеді.

      Бөлімнің мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Бөлімнің Мемлекеттік мүлік туралы заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Мемлекеттік мүлік туралы заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      20. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер мемлекеттік мүлік туралы заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Бөлімді қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) және қысқарту (тарату) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдарды есептік тіркеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады