Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 мамырдағы № 96 "Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 6 маусымдағы № 137 қаулысы

      Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 мамырдағы № 96 "Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. "Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары Қ.Ә.Бекеновке жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі С. Шәпкенов

  Атырау облысы әкімдігінің
2022 жылғы 6 маусымдағы
№ 137 қаулысына қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің
2017 жылғы 5 мамырдағы
№ 96 қаулысымен бекітілген

"Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. "Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Атырау облысының көлік және автомобиль жолдары салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Басқарманың орналасқан жері: 060005, Атырау облысы, Атырау қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі 29 а.

      9. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      10. Басқарманың қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

      11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді Басқарманың орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері

      12. Мақсаттары:

      1) автомобиль тасымалдары және автомобиль көлігі саласындағы өзге де жұмыстар мен қызметтерге экономиканың және тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасау;

      2) автомобиль көлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      3) автомобиль көлігі саласында мемлекеттің экономикалық мүдделерін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау;

      4) гендерлік теңдікті нығайту бойынша тиісті іс-шаралар жоспарын іске асыру;

      5) экономика саласы ретінде автомобиль көлігінің тиімділігін арттыру;

      6) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

      13. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасасуға, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысын салу, оларды жөндеу және ұстау кезінде өзара міндеттемелердің шарттары мен сипатын айқындауға және олардың орындалуына бақылау жүргізуге;

      көліктік инфрақұрылымдық дамыту бағдарламаларын іске асыру бөлігінде облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын әзірлеуге және келісуге қатысуға;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті кәсіпорындар мен мекемелерден, қалалық және аудандық әкімдіктерден, облыстық ұйымдардан автомобиль жолдары, жолаушылар және жүк тасымалдары бойынша ақпарат сұратуға;

      жалпы пайдаланымдағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысын салу, оларды қайта жаңғырту, жөндеу және күтіп ұстау кезінде нормативті талаптардың сақталуына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылау жүргізуге;

      өз құзыреті шегінде орындалуға міндетті құқықтық актілер қабылдауға;

      тиісті ұйымдардан, мемлекеттік органдардан, кәсіпорындардан және басқалардан ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға;

      қолданыстағы заңнамалық актілерде және осы Ереженің функцияларында көзделген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар;

      2) міндеттері:

      қажет болған жағдайларда өндірістің басқа салаларының, ғылыми – зерттеу және жобалау-құрылымдау ұйымдарының мамандарын сарапшылар ретінде тартуға;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жол қызметін қаржыландыруға жіберілетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге;

      коммуналдық меншіктегі облыстық маңызы бар жолдарын басқаруға;

      Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамаларын сақтауға;

      Басқармаға жүктелген функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге;

      Басқармаға келіп түскен шағымдар мен өтініштерді қарауға;

      Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді орындауға.

      14. Функциялары:

      1) автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастыру;

      3) облыстық маңызы бар, жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының желісін басқару;

      4) облыстың коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;

      5) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын реконструкциялау, жөндеу күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      6) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;

      7) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайданылатын автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту;

      8) сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуінде орналастыруды келісу;

      9) елді мекендердің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту;

      10) кірме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға жалғасатын жолдарды салуды келісу;

      11) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық, қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткізу;

      12) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалдаулар маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту;

      13) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық, қалааралық автомобильмен тасымалдаулар маршруттарын және жүру кестелерін келісу;

      14) автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;

      15) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалдаулар маршруттарын тізілімін жүргізу;

      16) жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзірлеу;

      17) жолаушыларды ауданаралық (облысішілік, қалааралық) қатынастарда әлеуметтік маңызы бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асыру;

      18) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асыру;

      19) халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралдарының жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;

      20) аймақтың қызметі шегінде механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық байқауды өткізу кестесін келісу;

      21) ауданаралық (облысішілік, қалааралық) жолаушылар қатынасын ұйымдастыру туралы шешімдерді тасымалдаушы қабылдайтын жағдайларды қоспағанда, осындай шешім қабылдау;

      22) әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысішілік, қалааралық) жолаушылар қатынастары (маршруттар) бойынша теміржол көлігімен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау;

      23) төтенше жағдайлар туындаған кезде тасымалды уақытша тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

      24) ауданаралық (облысішілік, қалааралық) қатынастарды айқындау;

      25) шағын көлемдi өздігінен жүзетін кемелердi басқару құқығына куәлiктер;

      26) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

3. Басқарма басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      15. Басқарманы басқаруды басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      16. Басқарманың басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      17. Басқарма басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарманың жұмысына басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;

      2) мемлекеттік органдар, сот пен басқа да ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

      3) өзінің бөлім басшылары мен басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      6) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;

      7) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған тиісті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;

      8) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарып, өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

      Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Басқарманың мүлкі

      18. Басқарма заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      19. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      20. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      21. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады