Атырау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 94-VI "Атырау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 187-VII шешімі

      Атырау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Атырау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 94-VI "Атырау облысында ортақ су пайдалану Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3834 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      қосымшада:

      көрсетілген шешімімен бекітілген Атырау облысында ортақ су пайдаланудың Қағидаларында:

      мемлекеттік тілдегі мәтінде 8-тармақ келесі редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "8. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылысжайларындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерді экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және халықтың санитарилық – эпидемиалогиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша облыстың жергілікті атқарушы органы белгілейді.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат хатшысы Ә. Нәутиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады