"Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 17 мамырдағы № 76 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18, 124-баптарына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Қызылқоға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. "Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны ресми жариялап және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдасын;

      2) осы қаулыны Қызылқоға ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қолдансын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 21 қарашадағы № 222 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын кейбір атқарушы органдардың ережелерін бекіту туралы" қаулысы жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылқоға ауданының әкімі Н. Бисембиев

  Аудан әкімдігінің 2022 жылғы
"17" мамыр № 76 қаулысымен
бекітілген

"Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік мекеменің толық атауы: "Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" Мемлекеттік мекемесі. Мемлекеттік мекеменің қысқаша атауы: "Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ (Бұдан әрі - мемлекеттік мекеме). Қызылқоға ауданы аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мемлекеттік мекеменің ведомстволары жоқ.

      3. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Мемлекеттік мекеме ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Абай көшесі №4 үй, 060500.

      10. Осы ереже Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      12. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      Мемлекеттік мекеменің мақсаттары құрылысы және қайта жаңғырту саласында қызмет көрсету мен қатар аудан қажеттілігіне қарай инфрақұрылыммен қамту, мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес тұрғын үй, мектеп, аурухана және әлеуметтік нысандарды салу және елді мекендер халқының толыққанды тіршілік ету ортасы мен тіршілік қызметін қалыптастыру болып табылады.

      14. Өкілеттіктері:

      1) Құқықтары:

      - аяқталған құрылыс және обьектілерді жөндеудің техникалық орындау құжаттамаларын рәсімдеуге, сондай-ақ обьектілерді пайдалануға қабылдауға жұмысшы және мемлекеттік комиссияларына қатысады, тиісті ұсыныс пікірлер беруге, ҚНжЕ-ге және заңдылығы негізінде қабылдауға сәйкес келмегенде одан бас тартуға;

      - жеке және заңды тұлғалардан түскен арыздарды, өтініштер мен ұсыныстарды тексеруді ұйымдастырады және соған қатысады.

      - мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда ауданның мүддесі өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша білдіруге және жазбаша қатынас хаттар жүргізуге;

      - мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті қосымша ақпаратқа тиісті мемлекеттік органдарға сауалмен жүгінуге;

      - мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге құқылы.

      2) Міндеттері:

      - құрылыс бойынша жұмыс қажеттіліктері мен жұмыс көлемдерін, өндірістік обьектілерінің жыл бойғы және болашақтағы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының қажеттігін анықтайды.

      - аудан көлеміндегі құрылыс және жөндеу жұмыстарын орындауда мүмкіндігі бар мердігерлерді анықтауда өткізілетін тендерге қатыса алады.

      - жаңа нысандардың құрылысына және коммуналдық меншіктегі нысандардың жөндеу жұмыстарына тапсырысшы бола алады.

      - жергілікті бюджеттен және демеушілік көмектен берілген жұмыс көлемінің орындалуын талдайды. №2 "Жүргізілген құрылыстардың, жөндеулердің аралық орындалысы жөнінде" және №3 "Жүргізілген құрылыстардың толық орындалысы жөнінде" формалармен берілген рәсімдеу және көлемдерді тексеріп, бұрыштама соғады.

      - белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы құжаттамасы мен өзге де жобалау құжаттамасы нормаларының сақталуын қамтамсыз ету;

      - мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына қолжетімділікті қамтамасыз ету.

      - Заңнамалық белгіленген тәртіппен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциалық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Қызылқоға ауданының бөлімі арқылы мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді аударуды қамтамасыз ету;

      - мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызмет тұтынушыларының хабардар болуын қамтамасыз ету;

      - мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау жөніндегі уәкілетті органға тиісті ақпаратты ұсыну;

      - Заңнамалық белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін үкіметтік емес құрылымдарға тиісті ақпаратты ұсыну;

      - ауданның әкімшілік бөлінісі аумағында қала құрылысын игеруде сәулет-қала құрылысы қызметі туралы заңнаманың, мемлекеттік нормативтердің және белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы құжаттамасы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;

      - бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес жобаларының іске асырылуын, қала құрылысы тәртібінің, құрылыс салудың аумақтық ережелерінің сақталуын қадағалауды жүзеге асыру;

      - жергілікті атқарушы органдарға обьектілер мен кешендерді орналастыру, қала құрылысы мақсаттарына арналған жер учаскелерін беру және Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде көзделген жағдайларды оларды мемлекет қажеттері үшін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындау;

      - мемлекеттік қызметті тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау болып табылады.

      - мемлекеттік мекеме "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциалық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Қызылқоға ауданының бөлімі арқылы 3 қызмет түрін көрсетеді:

      1) Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларына бастапқы материалдарды ұсыну;

      2) Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік обьектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру.

      15. Функциялары:

      - аудан, облыс әкімдігі әзірлеген бағдарламаларды жүзеге асыруда аудан әкімі аппаратының бөлімдерімен өзара байланысты әрекет ете отырып өз жұмысының бағдарын анықтайды;

      - өнеркәсіптік, құрылыс кәсіпорындарының қызметіне көмек көрсетеді және бақылау жасайды;

      - аудандық әкімдігінің отырысында қаралатын мәліметтереді дайындайды, мәліметтерді жинап, талдау жасайды. Аудан әкімінің өкімдері мен қаулы жобаларын дайындайды, оның жүзеге асырылуына қатысады және бақылау жүргізуге қатысады;

      - Заңнаманы мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметті анықтау және/немесе алып тастау, мемлекеттік қызметтің атауын өзгерту мәніне заңнамаға мониторинг;

      - ауданда мемлекеттік сәулет- қала құрылысы саясатын жүргізу және ауданның кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы және перспективалық міндеттерін шешуге, тіршілік ету ортасын жетілдіру мен сәулеттік келбетті жақсартуға бағытталған қала құрылысы бағдарламаларын жүзеге асыру;

      - ауданда құрылысын салуға жататын ғимараттар мен құрылыстардың жобалау-жоспарлау құжаттамасын, жобаларын қарау және оларды келісу;

      - белгіленген тәртіппен өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы тұрғын үй-азаматтық құрылысының аяқталған обьектілерін қабылдауға қатысу

      - жобалау үшін сәулет-жоспарлау тапсырмаларын әзірлеу және тапсырысшыларға (құрылыс салушыларға ) беру;

      - ауданның "Мекенжай тіркелімі" ақпараттық жүйесін жүргізу және толтыру.

3-тарау. Мекеменің бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Мемлекеттік мекемені басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:

      - мемлекеттік мекемені аудан әкімі тағайындайтын және босататын бөлім басшысы басқарады;

      - мемлекеттік мекеменің басшысы бөлімнің жұмыстарын ұйымдастырады және басшылық етеді, бөлімге берілген тапсырмаларды дербес жауапкершілікпен орындайды, олардың функцияларын атқарады. Конкурс қорытындысы бойынша бөлімге қызметкерлерді жұмысқа алады және босатады.

      - мемлекеттік мекеме басшысы бөлім қызметкерлерінің өкілдіктерін және міндеттерін анықтайды;

      - белгіленген заңға сәйкес бөлім қызметкерлеріне тәртіптік шаралар қолданады,

      - бөлім бойынша нормативтік құжаттарға қол қояды және бұйрықтар шығарады;

      - бөлімге ішкі тәртіп енгізеді,

      - бұл орган туралы ережемен белгіленген қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңдылығына қайшы келмейтін басқада міндеттерді жүзеге асырады;

      - бөлім басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдауына дербес жауапты болады;

      Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      19. Мемлекеттік мекемені Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын бөлім басшысы басқарады.

4-тарау. Мекеменің мүлкі

      20. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.

      21. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мекеменің қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қызылқоға аудандық құрылыс, сәулет
және қала құрылысы бөлімінің басшысы
Д. Нығметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады