Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 30 наурыздағы № 24 шешімі. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 18 ақпандағы № 25 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылдық округі әкімінің 18.02.2025 № 25 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 19, 43, 67 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 1 тармағы 6 тармақшасына сәйкес Миялы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қызылқоға аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Миялы ауылы, II көтерілімді су айдау стансасында орналасқан су қоймасы мен су тазарту ғимараты үшін жер учаскесіне 2024 жылдың 21 қыркүйегіне дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі С. Салықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады