"Қазақстан Республикасы Атырау облысы Индер ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы Индер ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 маусымдағы № 120 қаулысы

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 - бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18, 124-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Индер ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Атырау облысы Индер ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. "Қазақстан Республикасы Атырау облысы Индер ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулыны ресми жариялап және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын;

      осы қаулыны Индер ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырсын;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы А.Мурзинге жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі С. Өтеғұлов

  Аудан әкімдігінің 2022 жылғы
"28" маусымдағы № 120
қаулысымен бекітілген

"Қазақстан Республикасы Атырау облысы Индер ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Атырау облысы Индер ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Индер ауданы әкімінің аппараты) жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Индер ауданы әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай – ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Индер ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Индер ауданы әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Индер ауданы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Индер ауданы әкімінің аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазақстан Республикасы Атырау облысы Индер ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. "Қазақстан Республикасы Атырау облысы Индер ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: "Қазақстан Республикасы Атырау облысы Индер ауданы әкімі аппараты": 060200, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Қонаев көшесі 12 үй.

      9. Осы Ереже Индер ауданы әкімінің аппараты құрылтай құжаты болып табылады.

      10 Индер ауданы әкімінің аппараты қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

      11. Индер ауданы әкімінің аппараты кәсіпкерлік субъектілерімен Индер ауданы әкімінің аппараты өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер Индер ауданы әкімінің аппараты әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. "Қазақстан Республикасы Атырау облысы Индер ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мақсаттары мен өкілеттіктері

      12. Мақсаттары:

      1) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүзеге асыру;

      2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамыту стратегиясын іске асыру, ауданда мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және әлеуметтік, экономикалық үдерістерді басқару, осы мақсаттар үшін барлық жергілікті атқарушы билік органдарының келісіп қызмет етуін қамтамасыз ету;

      3) қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың конституциялық принциптерін өмірге енгізу, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу;

      4) заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық сана деңгейін және еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі олардың азаматтық белсенді көзқарасын көтеру бойынша шараларды жүзеге асыру;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      13. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, ауданның жергілікті атқарушы органдарынан және орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінен, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

      барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан белгіленген шектерде қажетті ақпаратты, құжаттарды, өзге де материалдарды аудан әкімі мен әкімдігі құзіретіне жатқызылатын мәселелер бойына ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұратуға;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі кесімдерінің, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, аудан әкімдігінің қаулыларының орындалуы мен іс-жүргізу талаптарының сақталуына, соның ішінде мемлекеттік органдарында, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерде құпиялық режимін қамтамасыз ету және құпия іс жүргізу, қорғаныс құралдарын пайдалану жөнінде тексерулер ұйымдастыруға және жүргізуге;

      аудан әкіміне аудандық бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, сонымен бірге, оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге;

      аудандық бюджеттен қаржыландыратын ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметкерлерін, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің өкілдерін аудан әкімі мен әкімдігінің құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға және шешуге тартуға;

      аудан әкімінің, оның орынбасарларының шешімін талап етпейтін хат – хабарларды аудандық бюджеттен тиісті атқарушы органдарға және өзге де мемлекеттік органдарға жолдауға және қайтаруға;

      аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын бұзу, аудан әкімдігінің, аудан әкімі мен оның орынбасарларының тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктері туралы ұсыныс енгізуге;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да құқықтарды іске асыруға құқылы.

      2) міндеттері:

      аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық, материалдық-техникалық, құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету;

      аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

      облыс әкімі аппаратымен, аудандық мәслихатпен, құқық қорғау органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

      аппарат қарауына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен, ұйымдармен қызметтік, соның ішінде құпия хат алмасуды жүргізу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аппаратқа жүктелген өзге де міндеттерді орындау болып табылады.

      14. Функциялары:

      1) Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі кесімдерінің, облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, тапсырмаларының, облыс әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, тапсырмаларының және аудан әкімдігінің қаулыларының орындалуын ұйымдастыру мен қамтамасыз ету;

      2) облыс әкімі мен оның орынбасарларының, облыс әкімі аппараты басшыларының кесімдерінің, тапсырмаларының, облыс әкімдігінің қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімінің, оның орынбасарларының, облыс әкімі аппараты басшысының, аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, аудан әкімінің, оның орынбасарларының және аудан әкімі аппараты басшысының тапсырмаларының орындалу мерзімдерін бақылау, осы мәселе бойынша басшылықты хабардар ету;

      3) аудан әкімдігі мен әкімнің кесімдерін дайындау және орындау процесінде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

      4) аудан әкімі мен оның орынбасарларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және іс жүргізу;

      5) өз құзыреті шегінде аудан әкімі аппаратының регламентін сақтауды қамтамасыз ету;

      6) сот органдарында аудан әкімі мен әкім аппаратының мүдделерін білдіру және қорғау;

      7) аудан әкімі аппаратының іс жүргізуін ұйымдастыру және жүргізу, соның ішінде құпия, арнайы байланыс, хат-хабарларды өңдеу, нормативтік құқықтық кесімдер талаптарына сәйкес құпиялық режимін қамтамасыз ету;

      8) жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін қарау;

      9) қызметтік құжаттарды қарау;

      10) аудан әкімінің, оның орынбасарларының және аппарат басшысының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру;

      11) аудан әкімдігінің мүшелерінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының ұсынысы бойынша аудан әкімдігінің мәжілістерінде қарау үшін материалдар дайындауды, күн тәртібін жасауды, тоқсан сайынғы мәселелер тізбесін дайындауды ұйымдастыру;

      12) аудан әкімінің және оның орынбасарлары үшін өңірлер мен тұтас алғанда ауданның жай-күйін және әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын материалдар дайындау;

      13) бұқаралық ақпарат құралдарында аудан әкімінің және әкімдіктің қызметін жариялау;

      14) барлық деңгейдегі атқарушы органдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру;

      15) аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін, әкімдіктің қаулылары мен әкімдік мәжілістерінің хаттамаларын уақтылы ресімдеу, оларды тарату мен сақтау;

      16) аудан әкімдігі мен әкімнің кесімдерін сақтау, есепке алу, жүйелеу және кодификациялау;

      17) қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық тәртібін, заңдылық пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері қызметін ұйымдастыру мәселелерінде аудан әкімінің құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

      18) құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық тәртібін, заңдылық пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері қызметін ұйымдастыру мәселері жөніндегі Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметі мен Премьер-Министрінің кесімдері мен тапсырмаларын, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, аудан әкімдігінің қаулыларын, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындау жөніндегі қызметін үйлестіру және өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

      19) аудан әкімдігі жанындағы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың, Индер ауданы бойынша терроризмге қарсы іс-қимыл туралы комиссия, аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясы, аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия, аудан әкімі аппараты жанындағы бос мемлекеттік лауазымға кандидаттарды іріктеп алу жөніндегі конкурстық комиссияға, аудан әкімі аппараты әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін аттестациялау жөніндегі комиссиясының; жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік орган басшыларын (әкімшілік мемлекеттік қызметшілер) аттестациялау жөніндегі комиссияларының қызметін қамтамасыз ету;

      20) аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімі шешімдері мен өкімдерінің жобаларын құқықтық сараптамадан өткізуді жүзеге асыру, аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік-құқықтық кесімдерінің жобаларын әзірлеуге және сараптауға қатысу;

      21) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің заңдылығын қамтамасыз ету;

      22) аудан әкімі тағайындайтын кадрларды есепке алу, олардың жай-күйі мен қозғалысын талдау;

      23) осы санаттағы кадрларды оқыту мен қайта даярлауды ұйымдастыру;

      24) аудан әкімі тағайындайтын және онымен келісілетін лауазымдар тізбесіне кіретін кадр құрамын зерделеу, ол бойынша ұсыныстар даярлап енгізу және олардан кадр резервін қалыптастыру, сондай-ақ оларды оқыту;

      25) Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі, Парламенті, облыстың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ ауданның жергілікті атқарушы органдары жүргізетін мемлекеттік саясатты және оның іске асырылуы жөніндегі практикалық шараларды түсіндіру және насихаттау;

      26) қоғамдық пікірді зерделеу;

      27) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқару органының функциясын жүзеге асыру;

      28) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3-тарау. "Қазақстан Республикасы Атырау облысы Индер ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      15. Индер ауданы әкімінің аппаратын басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Индер ауданы әкімінің аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      16. Индер ауданы әкімінің аппаратының бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатады.

      17. Индер ауданы әкімінің аппаратының бірінші басшысының өкілеттіктері:

      1) аудан әкімі мен Индербор кенті, ауылдық округтер әкімдерінің, жергілікті атқарушы органдар мен аудандық бөлімдердің қызметтерін үйлестіреді;

      2) аппарат құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады;

      3) аудан әкімінің орынбасарларымен келісім бойынша аудан әкіміне Индербор кенті, ауылдық округтер әкімдерінің қызметін бағалау және олардың құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      4) аудан әкіміне Үкімет белгілеген штат саны шегінде аппарат құрылымы, штаттық кесте, бөлінген еңбекақы қоры шегінде аппарат қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу мәселелері жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      5) аппарат құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;

      6) аппараттағы ішкі тәртіпті белгілейді;

      7) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      8) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда аппарат мүддесін білдіреді;

      9) Индербор кенті мен ауылдық округтер әкімдерінен, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларынан, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінен, кәсіпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден қажетті материалдарды, Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі мен Парламенті кесімдерінің, облыс әкімдігінің қаулыларының, облыс әкімі шешімдерінің, аудан әкімдігінің қаулылары мен аудан әкімі шешімдерінің орындалуы туралы есептерді сұратады;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      11) аппараттағы мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыруға және осы бағыттағы жіберілген кемшіліктері үшін тікелей жауапты болып табылады.

      Индер ауданы әкімі аппаратының бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. "Қазақстан Республикасы Атырау облысы Индер ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      18. Индер ауданы әкімінің аппараты заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Индер ауданы әкімі аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      19. Индер ауданы әкімінің аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      20. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе "Қазақстан Республикасы Атырау облысы Индер ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгеде тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. "Қазақстан Республикасы Атырау облысы Индер ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      21. Индер ауданы әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады