"Атырау облысы Құрманғазы ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 30 мамырдағы № 217 қаулысы

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабы, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабының 8) тармақшасына, 124 бабына, "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Құрманғазы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Атырау облысы Құрманғазы ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      2. "Атырау облысы Құрманғазы ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындаған шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін атқарушы Г. Хасанова

  Құрманғазы ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "30" мамырдағы
№ 217 қаулысымен бекітілген
қосымша

"Атырау облысы Құрманғазы ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Атырау облысы Құрманғазы ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі бөлім) – Құрманғазы ауданының бюджетін жоспарлау мен орындау, ауданның экономика және коммуналдық меншігін басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.

      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 060400, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округі, Құрманғазы ауылы, Смағұл Көшекбаев көшесі, үй 2.

      10. Осы ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Бөлім қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Бөлім кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

      Егер бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      Ауданның тұрақты экономикалық өсуіне және бәсекелестік қабілетінің сапалы деңгейіне жетуіне себеп болатын, әлеуметтік – экономикалық саясатты жүзеге асыру, бюджеттік қаражатты жоспарлау және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

      Тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету;

      Ауданның коммуналдық меншігін тиімді басқару.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      аудан әкімдігіне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;

      өз құзыреті шегінде мемлекеттің қатысымен ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, сондай-ақ тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізуге;

      өз құзыреті шегінде аудандық бюджетті жоспарлау және атқару.

      сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардан мамандар, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылар тартуға;

      өз өкiлеттiгi шегiнде орындалуға тиіс нормативтік құқықтық актілер дайындауға;

      мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан белгiленген тәртiппен қажеттi ақпарат пен материалдарды алуға;

      азаматтар мен заңды тұлғалар заңды мүдделерiнiң сақталуы, заңдарда белгiленген тәртiп пен мерзiмде азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;

      бөлімге берiлген құқықтар шегiнде және осы Ережеге сәйкес өзінің өкiлеттiгiн жүзеге асыруға;

      жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;

      мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;

      аудандық коммуналдық мүліктерін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстар енгізу;

      аудандық коммуналдық мүліктерінің мақсатты және тиімді пайдалануына, сақталуына, сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына, жекешелендіру бойынша сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуына бақылау жүргізу;

      аудандық коммуналдық мүлікті иелену, пайдалану және билік ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы соттарында мемлекеттің мүддесін білдіру;

      мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

      2) Міндеттері:

      ауданның әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі басым бағыттарын, стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін жоспарлау және талдау;

      ауданның бюджетін жоспарлау және орындалуы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      жоспарлау, бюджеттің атқарылуы, бюджеттік және қаржылық есептілік, аудандық коммуналдық мүлікті басқару саласындағы басшылық және салааралық үйлестіру;

      15. Функциялары:

      1) ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайына, экономика салаларының дамуына талдау жасау;

      2) ауданның мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарымен бірлесіп, өңірді дамытудың кешенді бағдарламаларын дайындау, тиісті нормативтік құқықтық актілерін қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бекітуге ұсыну;

      3) мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалауға арналған жұмыстарды үйлестіру;

      4) ауданның тиісті қаржы жылдарына арналған бюджет жобасын ауданның тиісті фискальды және атқарушы органдардың қатысуымен дайындау, үш жылдық мерзімге бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін дайындау, тиісті заңнамаларға сәйкес уәкілетті органға бекітуге ұсыну;

      5) аудандық әкімдігінің аудандық бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы, аудандық әкімдігінің тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджеті туралы аудандық мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулыларын әзірлеу;

      6) бюджетті жоспарлауға әдістемелік басшылық жасау;

      7) бөлім құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет бөлігінде көрсетілетін мемлекеттік қызметті жетілдіру жөнінде заңнамаларға ұсыныстар беру, жасалған жұмыстарға мониторинг жүргізу;

      8) бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджетті атқару бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің қызметін үйлестіру;

      9) аудандық бюджеттің міндеттемелері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту және жүргізу;

      10) жылдық сомаларды қоса алғанда, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      11) бюджетке түсетін түсімдердің жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес бюджетке төленетін төлемдер түсімдерінің мерзімін, бюджетке өткен жылдары түскен төлемдер түсімдерінің динамикасын, кредиттік шарттардың, қарыз шарттарының, гранттар туралы келісімдердің талаптарын негізге ала отырып, бюджет түсімдері сыныптамасының топтама кодтарының толық көлемін жасау;

      12) жергілікті бюджеттің кіріс түсімдеріне талдау жасау;

      13) бюджеттік ақшаны басқаруды жүзеге асыру;

      14) жергілікті атқарушы органның резервінен қаражат бөлу туралы аудандық әкімдігінің қаулыларының жобаларына қорытындылар дайындау;

      15) бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерімен жасақталған шоғырландырылған бухгалтерлік балансті жоғарғы органдарға ұсыну;

      16) бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері бекіткен мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарымен келісу;

      17) жергілікті атқарушы органның қаулысы негізінде заңнамалықта көрсетілген тәртіпте тиісті бюжетті түзетуді және нақтылауды жүзеге асыру;

      18) бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері ұсынатын бюджеттік есептілік және ақпарат негізінде бюджеттік мониторинг жүргізу;

      19) тоқсан сайын бюджеттік мониторингтің нәтижелері және жыл қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы, уәкілетті органдарға жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы талдамалық есепті, сондай-ақ ай сайын бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлеріне міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес бюджеттік бағдарламалар бойынша қабылданбаған міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының уақтылы орындалмағаны туралы ескертпе ақпарат беру;

      20) аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есепті әкімдікке, мәслихатқа, облыстық тексеру комиссиясына, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органға ұсыну;

      21) республикалық трансферттердің игерілу барысы бойынша мониторинг жүргізу;

      22) бюджеттік мониторингті жүзеге асыру және бюджеттің атқарылуы туралы талдамалы ақпаратты дайындау;

      23) бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларының орындалуы бойынша есепті;

      24) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалу туралы есепті;

      25) демеушілік пен қайырымдылық көмектен ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есепті;

      26) аудан бойынша дебиторлық және кредиторлық берешек туралы есепті;

      27) аудан бойынша жергілікті бюджеттердің орындалуы туралы айлық, тоқсандық, жылдық есепті;

      28) аудандық бюджеттің бекітілуіне, нақтылануына, түзетілуіне байланысты бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жоспарларының жобасын және бюджеттік өтінімдер ұсыну;

      29) бюджеттің атқарылуы бойынша бағдарлама әкімгерлерінен есеп алу және бюджеттік бағдарламалар бойынша кезеңділік есеп жасау;

      30) төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларын жасау және нысаналы трансферттердің нәтижелері бойынша облыстық басқармаларымен аудан әкімімен келісім жасасу және олардың атқарылу барысы жөнінде есептілік жасақтау;

      31) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілерді дайындау;

      32) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес коммуналдық мүліктің нысаналы және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;

      33) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруге дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      34) аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      35) аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) және уақытша өтеусіз пайдалануға (орналастыруға) беру;

      36) аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлік басқаруға беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      37) аудандық коммуналдық мүлікті өтеусіз пайдалануға беру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      38) аудан әкімдігіне аудандық коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      39) жекеленген негіздер бойынша аудандық коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      40) аудандық коммуналдық мүлік мәселелері бойынша мемлекет мүдделерін білдіру және мүліктік құқықтарын қорғау;

      41) аудандық коммуналдық мүлікті, оның ішінде коммуналдық кәсіпорындардың және жергілікті атқарушы орган қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүргізу;

      42) аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және дебиторлық берешекті есептен шығаруға немесе беруге келісім беру;

      43) аудандық коммуналдық мүліктің нысаналы пайдалануын бақылаудың нәтижелерімен анықталған, аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың артық, не мақсатқа сай пайдаланылмаған мүлікті алып қою бойынша ұсыныстар беру;

      44) аудандық коммуналдық мүліктің пайдалануына және сақталуына, сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелердің орындалуына, жекешелендіру бойынша сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуына бақылау жүргізу;

      45) мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың аудандық коммуналдық меншікке берілетін мүлкі жөнінде сыйға тарту шартын жасау туралы шешімді қабылдауға қатынасу;

      46) мемлекеттік мүлік тізілімінде мемлекеттік мүліктің бірыңғай есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді және ұйымдастыру;

      47) жергілікті атқарушы органына тиесілі акцияларға дивидендтердің уақтылы және толық есептелуіне және олардың төленуіне, сондай-ақ жарғылық капиталындағы қатысу үлесі жергілікті атқарушы органына тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары арасында таза табыстың бөлінуіне бақылауды жүзеге асыру;

      48) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындау бойынша, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу;

      49) аудан әкімдігінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшысы болады;

      50) аудан әкімдігінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың орналастырылатын акцияларына төлем жасауды және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақша енгізу жолымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына салымды, сондай-ақ аудандық коммуналдық мүлікті, оның ішінде акцияларды, қатысу үлестерін енгізуді жүзеге асыру;

      51) аудан әкімдігі атынан мемлекеттік акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға акционер (қатысушы) ретінде қатысу құқықтарын жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Бөлімді басқаруды басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

      17. Бөлім басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Бөлім басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын сектор меңгерушісі мен бас мамандары болады.

      19. Бөлім басшысының өкілеттіктері:

      бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, басшылық етеді;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлеріне көтермелеу, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешеді және тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

      бөлім атынан шарттар жасасады, өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      бөлім туралы ережені дайындайды және оны бекітуге ұсынады;

      аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті шегінде бөлімнің штаттық кестесін, сәйкесті жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекітеді;

      бөлімнің жұмысы туралы аудан әкімінің аппаратына және облыстық басқармаға есеп береді;

      мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда бөлімнің мүдесін білдіреді;

      қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының әрбір фактісі бойынша қызметкермен бірге басшы тікелей жауапкершілікте болады;

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылық әрекеттер анықталған кезде аудан әкімі аппаратына дереу хабарлайды.

      Бөлім басшысы болмаған кезеде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      20. Басшы сектор меңгерушісінің өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

      21. Бөлімнің Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады