"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның aумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 7 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 25 ақпандағы № 130-НҚ бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның aумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 7 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің заңды мекенжайы: 070004, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Крылов көшесі, 114 үй.".

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің oрынбасары –
Сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады