2023 жылға арналған жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 612 қаулысы. Күші жойылды - Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 290 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Кентау қаласы әкiмдігінiң 29.09.2023 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9 -бабының 7) тармақшасына сәйкес Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Меншік түріне және меншіктің ұйымдаструшылық – құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарда жұмыс орындарына квота белгіленсін:

      1) Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін;

      2) Бас бостандығынан айыру орындарынан адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін;

      3) Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес белгіленсін;

      4) Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Кентау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін:

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Үсенбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ж.Тасов

  Кентау қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 612 қаулысына 1-қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Ұйымдағы жұмысшылардың тізімдік саны, адам

Жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық мәндегі квота мөлшері

Жұмыс орындарының саны

1

Кентау қаласы әкімдігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Кентау сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

397

0,75%

1


  Кентау қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 612 қаулысына 2-қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына

Ұйымның атауы

Ұйымдағы жұмысшылардың тізімдік саны, адам

Жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық мәндегі квота мөлшері

Жұмыс орындарының саны

1

Кентау қаласы әкімдігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Ащысай су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

175

0,57%

1

2

Кентау қаласы әкімдігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Кентау сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

397

0,75%

1


  Кентау қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 612 қаулысына 3-қосымша

Ата-анасынан кәмілеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Ұйымдағы жұмысшылардың тізімдік саны, адам

Жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық мәндегі квота мөлшері

Жұмыс орындарының саны

1

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының "Кентау көпсалалы колледжі" комуналдық қазыналық кәсіпорын

138

0,72%

1


  Кентау қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 612 қаулысына 4-қосымша

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымның атауы

Ұйымдағы жұмысшылардың тізімдік саны, адам

Жұмыскерлердің тізімдік санынан пайыздық мәндегі квота мөлшері

Жұмыс орындарының саны

1

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ю.Гагарин атындағы № 16 мектеп-лицей" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

157

0,63%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады