Бәйдібек ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына 2023 жылға квоталар белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 28 қарашадағы № 407 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 7 тармақшасына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабының 1-тармағы 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 7,8 тармақшаларына 27-бабының 1-тармағы 2, 3 тармақшаларына және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" № 412 бұйрығына сәйкес, Бәйдібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Осы қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Бәйдібек ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Аудан әкімі Е. Шәріпбеков

  Бәйдібек ауданы әкімдігінің
"28" қараша 2022 жылғы
№ 407 қаулысына № 1 қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квотасы

Ұйым атауы

Жұмыскер лердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

Бәйдібек аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Жасыл саябақтар" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

40

2,50

1

2

Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Бәйдібек аудандық № 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

59

1,70

1

3

Бәйдібек ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқындағы "Бәйдібек су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

80

1,25

2

 
  Бәйдібек ауданы әкімдігінің
"28" қараша 2022 жылғы
№ 407 қаулысына № 2 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2023 жылға квотасы

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік санынан)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

Бәйдібек аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Жасыл саябақтар" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

40

2,50

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады