Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына 2023 жылға квота белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 28 қарашадағы № 408 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, 27-бабының 1-тармағы 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2022 жыл 14 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" № 367 бұйрығына сәйкес, Бәйдібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүмкіндігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бәйдібек ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Аудан әкімі Е. Шәріпбеков

  Бәйдібек ауданы әкімдігінің
"28" қараша 2022 жылғы
№ 408 қаулысына қосымша

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, жұмыс орындарының 2023 жылға квотасы

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%)

Мүгедектер үшін квота белгіленген жұмыс орындарының саны

1

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Бәйдібек ауданының адами алеуетті дамыту бөлімінің "Домалақ ана атындағы жалпы орта мектебі" кмм

75

2

1

2

Бәйдібек ауданы білім бөлімінің" Теректі жалпы орта мектебі" мкм

50

2

1

3

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Бәйдібек ауданының адами алеуетті дамыту бөлімінің "Ақтас жалпы орта мектебі" кмм

71

2

1

4

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қ.Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

60

2

1

5

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Бәйдібек ауданының адами алеуетті дамыту бөлімінің "Сарыбұлақ жалпы орта мектебі" кмм

54

2

1

6

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Жиенқұм жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

61

2

1

7

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қайнар жалпы орта мектебі" кмм

74

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады