2023 жылға мүгедектігі бар адамдарға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 346 қаулысы. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 236 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 14.09.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдарға жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

      2. "Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Абдуллаев

  Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 05 желтоқсандағы
№ 346 қаулысына қосымша

2023 жылға мүгедектігі бар адамдарға жұмыс орындарына квота мөлшері

Ұйымның атауы

Тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (адам)

1.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қаржан" жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

102

3

3

2.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "П.Тәжібаева" атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

88

2

2

3.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ө.Жамалов" атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

108

3

3

4.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Жаңатірлік" жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

88

2

2

5.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "1-Мамыр" жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

68

2

1

6.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Қақпақ" жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

106

3

3

7.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Ақжар" жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық қазыналық кәсіпорын

65

2

1

8.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Атбұлақ" жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

130

3

4

9.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "А.Оразбаева" атындағы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

78

2

2

10.

Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі.

180

3

5

11.

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің "Тураб Тула" атындағы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

85

2

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады